Шекарадан есірткі заттарын алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды

13 Тамыз 2020, 13:20
1705
Бөлісу:
Шекарадан есірткі заттарын алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан шекарасы арқылы есірткі заттарды алып өтпек болған шетелдік азаматтар ұсталды.

​Тыйым салынған заттарды анықтау бойынша екі оқиға "Б.Қонысбаев" кеден бекетінде орын алды. Түркістан облысы бойынша МКД қызметкерлері есірткі заттарды шетел азаматтарының киімдерінен тапқан.

Бірінші жағдай 10 тамызда орын алды. 
Өзбекстан азаматы еліне қайтып бара жатып, кеден бекетінен өткенде күмәнді әрекеттерге бой беріп, қызметкерлердің көзіне түскен. Азаматтың жеке заттары мен киімін тінту барысында белбеуіне бекітілген полиэтилен пакетіне оралған белгісіз зат табылды. Мамандар анықтағандай, бұл "қарасора бүршігі" екені белгілі болды. Араға бір күн салып тыйым салынған заттарды өткізудің екінші фактісі анықталды. Дәл осы кеден бекеті арқылы Тәжікстаннан Литваға бағыт алған көлік жүргізушісінің қалтасынан күмәнді ұсақ пакет табылды. Ішінде жасыл түсті өзіндік иісі бар зат болған, - деп жазды МКК.
Алдын ала дерек бойынша, бұл салмағы 3 гр құрайтын гашиш заты. Аталған фактілер бойынша барлық материалдар құқық қорғау органдарына тергеу амалдарын жүргізу және сәйкес шешім шығару мақсатында жіберілді.
Өзгелердің жаңалығы