Все новости за 30 маусым 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Шымкентте 11 байланыс станциясы орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 11 байланыс станциясы орнатылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.
-
ҰБТ-2020. 79 талапкердің тест нәтижесі жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да ҰБТ кезінде 79 түлектің тест нәтижелері жойылды. Бұл туралы ШҚО бойынша жемқорлықпен күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байдилдин мәлімдеді.
-
COVID-19. Қырғызстанның түрмеде жатқан экс-президенті ауруханаға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев екіжақты пневмония диагнозымен мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысынан ауруханаға жатқызылды.
-
Бухаресттегі "Нұр-Сұлтан" саябағы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Румыния астанасының ең көрікті жерлерінің бірінде "Нұр-Сұлтан" саябағы салтанатты түрде ашылды.
-
Қызылорда көшелерінде 200 шақырым жол жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы" бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы бірқатар саябақ қайта жаңғыртылып, абаттандырылады.
-
Жыл басынан бері 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында қазіргі кезде "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 11 326 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 5663 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы екі қолға бір жұмыс тапқан.
-
Мамин мен Мишустин сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.
-
Орын алған олқылықтарды көріп отырмыз - Жеңіс Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің парақшасында облыста коронавируспен күрес шаралары қалай жүргізіліп жатқанын айтты.
-
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім қабылдау басталады
Сыйлықақы 15 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі:
-
Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы болып Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы тағайындалды.
-
Отандық кәсіпорын медициналық құрал-жабдықтың 200-ге жуық түрін өндіреді
Кәсіпорын 1998 жылы құрылды және 22 жыл ішінде бір рет қолданылатын ММБ өндіру саласында ұлттық көшбасшы атанды. Бүгінде компания түрлі медициналық өнімдердің 200-ге жуық түрін шығарады. Өндірістік кешен Алматы облысында, Ынтымақ ауылында орналасқан, онда 450 адам еңбек етеді.
-
Бейсен Құранбек жайлы естеліктер жарыққа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында өмірден өткен журналист Бейсен Құранбек туралы естеліктер жинағы жарыққа шықты. Бұл туралы Бейсеннің рухани інісі, журналист Есболат Айдабосын жазды.
-
Теңге бір ай ішінде 3,1%-ға нығайды – Ұлттық Банк
Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылғы мамырда теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 411,55 – 425,41 теңге ауқымында өзгерді. 2020 жылғы мамырдың соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 3,1%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 411,55 теңгені құрады.
-
Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің отырысы өтті.
-
Облыс полицейлерінің опасыздығы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығы және полиция органдары қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша онлайн-кеңес өтті.
-
Үкіметтен қолдау жоқ, сондықтан электр энергиясын қымбаттатуға мәжбүрміз - сарапшы
Ол осы ретте электр энергиясын жаңартып отыру қажеттігін, оған қаржы қажет деп отыр. Сондықтан тарифті көтеруден басқа амал жоқ дейді.
-
"Отбасылық сот" жобасы қалай жұмыс істеп жатыр?
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі сот қызметі жанынан "Отбасылық сот" пилотты жобасы ашылып, жұмыс істеп жатыр. Бұл жобаның мақсаты неде? Шымкентте қалай жұмыс істейді?
-
Шығысқазақстандық еріктілер Елбасының Алғыс хатын алды
Марапаттарды "Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов табыс етті.
-
Жыл басынан бері зейнетақы салымшыларының жинағы 8,0%-ға ұлғайды
Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-мамырда 865,6 млрд теңгеге немесе 8,0%-ға ұлғайып, 11 666,1 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.
-
Елімізде 3 бағытта жүретін пойыз тоқтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда үш жолаушылар пойызының жүруі уақытша тоқтатылады.
-
Қармақшы ауданында құрылыс материалдары шығарылады
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Жосалы кентінде құрылыс материалдары шығарылады.
-
Антисептик шығару ісі – бізге берілген аманат – Мұхит Асанов
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясында жеке бас гигиенасын сақтау, қолды залалсыздандыру шаралары санитайзерлер мен антисептиктерге сұранысты арттырды. Осы тұста Шымкент қаласынан бөлек, республиканың түкпір-түкпірінен антисептик өнімдерімен қамтамасыз ететін "ӘСЕМ" ғылыми-өндірістік бірлестігін атап өтуге лайық. Еліміздегі индустриалдық-инновациялық саланы дамытудың көрнекі үлгісіне айналған кәсіпорын өнімін пайдаланбаған адам аз. Міне, сондықтан аталған орталық директоры Мұхит Асановпен әңгімелесіп, зауыт жұмысымен таныстық.
-
Маған "местный" коронавирус жұқты – Айдын Рахымбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BI-Group басшысы Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы "құрылыс магнаты" өз парақшасында жазды.
-
COVID-19: D витаминін қабылдау науқастарда өлім қаупін айтарлықтай төмендетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы айларда D витаминін қосымша қабылдау COVID-19 бар науқастарда аурудың ауырлығын және өлім қаупін айтарлықтай төмендету мүмкіндігіне, сондай-ақ осы аурудың алдын алуға ықпал етуіне қатысты бірқатар ғылыми мақала жарияланды.
-
Тоқаев Қазақстан-Иран арасындағы өзара құқықтық көмек туралы заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Почта Польска" компаниясының орталық ғимаратында Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған марканы шығару рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Депутаттар демалысқа кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Парламентте бесінші парламенттік сессияны аяқтаған палаталардың бірлескен отырысы өтті.
-
1 шілдеден бастап электр энергиясы қымбаттайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 1 шілдеден электр энергиясы тарифі қайта қаралады. Бұл туралы ҚР ЭМ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев айтты.
-
Коронавирус: Жұмысы тоқтамаған сала мамандары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантин кезеңінде түрлі мекемелер жұмысын уақытша тоқтатты. Алайда, карантин кезінде қызметін жалғастыра берген бірқатар сала маманы бар. Солардың арасында медицина қызметкерлері, полицейлер сияқты алдыңғы шепте жүрген мамандармен қатар, қаланың, тұтас елдің тазалығын сақтауда аянбай тер төккен мамандар да жетерлік.
-
Енді Алматы дәріханалары күнделікті дәрілердің бар-жоғы туралы анықтама береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қалалық дәріханаларда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу мониторингі бойынша топ құрылды.
-
Назарбаевтың келіні қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болат Назарбаевтың жұбайы Гүлжан Назарбаева қайтыс болды.
-
Коронавирусты емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілді
Алматы, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова COVID-19 инфекциясын емдеу мен диагностикалау хаттамасына өзгерістер мен толықтыру енгізілгенін мәлімдеді.
-
Қызылжарлық инженер "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға арнап үй салды
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мамлют ауданына қарасты Бостандық ауылының тумасы "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама арқылы оңтүстіктен теріскейге қоныс аударушыларға арналған үйлер салуда. Мамандығы инженер Ерлік Мұхамеджанов онға тарта баспана тұрғызбақ.
-
Нұр-Сұлтанда полиэтилен пакеттерін жинау эко-акциясы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның экологиялық ұйымдары Қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Stop Musor" әлеуметтік жобасы аясында полиэтилен пакеттерін жинауға бағытталған акция ұйымдастырады.
-
Сан-Паулудағы стадионда ашылған аурухана жабылды
Алматы, BAQ.KZ. Бразилияның Сан-Паулу қаласында сәуір айынан бері коронавируспен ауырғандарды қабылдап келген уақытша аурухана жабылды. Бұл туралы Синьху агенттігі хабарлады.
-
Спорт кешендері стационарға айнала бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды қалыпқа келтіру барысындағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмалары дер кезінде орындалуда.
-
Qoldau-24/7 - МӘМС жүйесіндегі сіздің көмекшіңіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары туралы өтініштер тәулік бойы қабылданады.
-
Альпіде өткен "Абай оқулары"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Швейцариядағы елшілігі қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтті.
-
Мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамы автоматтандырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміз бойынша "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтің 82 пайызы автоматтандырылды.
-
Украинада 19 елді мекен су астында қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде су тасқыны салдарынан 19 елді мекен су астында қалып отыр. 30 маусымдағы жағдай бойынша, Украинаның батысында әлі күнге дейін жаңбырдың салдарымен күрес жүріп жатыр.
-
Елді алдап келген жалған өрт сөндірушілер ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында өздерін өрт сөндірушілер ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бұл қазақ даласында ежелден болған құбылыс – ерікті
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша үйлестірушісі Бахытжан Тұрсынов еріктілер қозғалысы қазақ даласында ежелден бар екендігін айтады. Белсенді жаспен BAQ.KZ тілшісі сұхбаттасқан еді.
-
Шағын және микробизнеске микрокредит беру тетігі енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "БЖК-2025" бағдарламасына шағын және микробизнеске микрокредит беру тетігі енгізіледі.
-
ПТР тестті қымбат сатып, үкімет елді алдап келді ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі блогер Яков Фёдоров фейсбуктағы парақшасында ПТР тестке байланысты сауал тастады.
-
Шетелде оқу конкурсына қатысу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыруға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді шетелде оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде "Электрондық Үкімет" порталында құжаттарды онлайн тапсыра алады.
-
Елімізде 100 спорт кешені салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 100 денешынықтыру кешені салынатын болады.
-
Компьютерлік томографияға түсу неге қиындап кетті?
Қазіргі кезде Ұлттық сараптама орталығы бірнеше қаладағы жеке тұлғалар арасында ақылы тестілеуден өткізуді де тоқтатты.
-
Жер пайдалану тәртібін бұзған адамдарға үш жылға дейін жер телімі берілмейді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жер телімдерін өзінің де, өзгенің де пайдасына жаратпаған қолданушылар үш жыл бойына қайтара жер алу құқығынан айырылады.
-
Түркістан облысында 1200 шақырымынан астам жол жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түркістан облысында құрылыс-монтаждау жұмыстарымен автомобиль жолдарының 1287 шақырымы қамтылатын болады. Жалпылай алғанда, автомобиль жолдары саласында өңірде 533 жоба іске асырылмақ.
-
Қатаң карантинге қатысты шешімді мемкомиссия қабылдайды - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларға арналған онлайн брифинг барысында айтты.
-
Драма.KZ-2020 фестиваліне пьесаларды қабылдау басталды
Алматы, BAQ.KZ. Іріктеуден өткен пьесалар қазан айының соңында режиссёрлік оқулар форматында Алматы қаласындағы «ARTиШОК» және Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында көрсетіледі.
-
Стационарларда қосымша 10 мың төсек-орын жасақтау жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларға арналған онлайн брифинг барысында айтты.
-
Алматы қаласы карантинге жабылады деген ақпарат жалған
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қаланың жабылатыны туралы мәліметтің жалған екенін хабарлады.
-
CORONA-TAXI жүйесін енгізу мәселесі пысықталуда – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларға арналған онлайн брифинг барысында айтты.
-
"Abai" телеарнасында жұмыс істейтіндерге үлкен жауапкершілік артылып отыр – ардагер журналист
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл бәріміз үшін қуанышты жағдай, әсіресе, шығармашылық адамдарының еңбегіне лайық арна болады деп ойлаймын. Бұл туралы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қазақ телевизиясының ардагері Сұлтан Оразалин "Abai tv" телеарнасының ашылуында айтты.
-
Қазақстанда 135 томограф жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде өкпенің компьютерлік томографиясына үлкен кезек байқалады. Бұл туралы бүгін ҚР ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларға арналған онлайн брифинг барысында айтты.
-
Алматы облысында алдағы жылыту маусымына дайындық басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында алдағы жылыту маусымына дайындық басталды, бұл мақсатқа бюджеттен 9,5 млрд. теңге қарастырылған, оның 521,4 млн теңгесі – жылу жүйесін жөндеуге және құрал-жабдықтар сатып алуға, 9,0 млрд теңгесі көмір, мазут, дизель отынын сатып алуға бөлінген.
-
Көлеңкелі экономикадан құтылу үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов көлеңкелі экономиканы азайту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
-
"Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасының тұсауы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы құрамындағы «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасының ресми таныстырылымы өтіп жатыр.
-
Елдегі жағдай "инфекцияның үйде таралуы" деңгейіне өтті - Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларға арналған онлайн брифинг барысында айтты.
-
Қарағандының барлық мектептеріне бейнебақылау камералары орнатылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының білім беру саласын биыл үлкен өзгерістер күтіп тұр. Аймақтағы 450-ге тарта білім мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірнеше жаңа мектеп пен балабақша пайдаланылуға берілмек. Мектеп аулаларындағы дәретханалар ғимарат ішіне көшіріліп, нысандарға бейнебақылау камералары орнатылады.
-
Шоқпар стансасында 2 вагон-цистернасы жолдан шығып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 маусым 01 сағат 30 минутта Шоқпар стансасында 45 км/сағ жылдамдықпен 2-ші жолға келген №2950 жүк пойызының 2 вагон-цистернасы жолдан шығып кетті.
-
Ұсыныстарды енгізуді тапсырамын: Мамин министрліктен не күтетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин көлеңкелі экономиканың үлесін азайту бойынша тиісті органдарға тапсырмалар берді.
-
Көлеңкелі экономиканың үлесін 20 пайыздан төмендетеміз - Асқар Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин 2025 жылға қарай көлеңкелі экономика үлесі 20 пайыздан төмен болады деп жоспарланғанын айтты.
-
Қазақстанда IT-альянсы құрылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылға қарай олардың саны 50 мыңға жетуі керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін білім берудің IT-альянсын құру ұсынылып отыр, деді "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов онлайн өткен Үкімет отырысында.
-
Алматылық медицина ұйымдарына 80,3 млрд теңге төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс және медициналық сақтандыру шеңберінде алматылықтарға қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 80,3 млрд теңге төленді.
-
Цифрлық экономика біртіндеп еңбек саласын өзгертеді - Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық біліктіліке қажеттілік артып келеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин онлайн өткен Үкімет отырысында мәлімдеді.
-
Шымкент маңынан Қаңлы мемлекетіне тиесілі жәдігер табылды
Алматы, BAQ.KZ. Шымкент археологтары көне жазуы бар керамикалық кірпіш тапты. Онда бір ғана сөз емес, бүтіндей мәтін сақталған. Бұл туралы Хабар24 телеарнасы мәлімдеді.
-
Жыл сайын 30 мың IT-маманға қажеттілік туындайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі күннің өзінде IT-мамандарға жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев онлайн өткен Үкімет отырысында айтып берді.
-
Мектептерде кем дегенде 5 оқушыға бір компьютерден болуы керек - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мектептерде кем дегенде 5 оқушыға бір компьютерден келуіне қол жеткізуіміз қажет, деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өткен Үкімет отырысында.
-
Жаңа оқу жылынан бастап 91 инновациялық бағдарлама енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа оқу жылынан бастап 91 инновациялық бағдарлама енгізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өткен Үкімет отырысында айтып берді.
-
"Цифрлық білім": Жыл сайын 400 мың кадр цифрлық құзыреттілікті игереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өткен Үкімет отырысында айтып берді.
-
Коронадағдарыс: Экономист сарапшылар қандай кеңес береді
"Коронадағдарыс" деген термин пайда болды. Ол нені білдіреді?
-
Әлемдік туризм 1,2 трлн доллар шығынға ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың салдарынан әлемдік туризм 1,2 трлн доллар шығынға ұшырады. Мұндай ақпаратпен Дүниежүзілік туризм ұйымның бас хатшысы бөлісті.
-
"Тіл-Қазына" орталығы онлайн-семинар өзкізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы "Терминологиялық сөздіктер: сараптау және сапасын арттыру мәселесі" атты әдістемелік онлайн-семинар ұйымдастырды.
-
Індет белгілері жоқ 1003 тасымалдаушы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 29 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1003 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
-
Өткен тәулікте коронавирус індеті 492 адамнан анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 492 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Шымкенттегі провизорлы орталыққа дәрігерлер керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттің Жеңіл атлетика спорт кешенінде ашылған провизорлы орталыққа медицина мамандары керек болып жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
5000-ға жуық мал айыппұл тұрағына қамалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде 142 тегін айыппұл тұрағы жұмыс істейді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
320 түлек ҰБТ-дан шеттетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21-28 маусым аралығында Түркістан облысында 14 681 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Олардың 13 821-і тестілеуге қатысты.
-
Маңғыстауда дәрі тапшылығы шешілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
-
Түркістанда "Бастау" жобасымен 3 мыңнан астам адам оқытылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында "Atameken Academy" платформасында "Бастау" жобасымен онлайн режимде кәсіпкерлерлікке оқыту басталды. Облыстың 16 ауданы бойынша қатысушыларға Палатаның 14 бизнес-тренерлері кәсіпкерлік негіздерін үйретіп, кеңес береді.
-
Ауғанстанда жарылыс болып, 10 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанда базарда жарылыс болып, салдарынан 15 адам жарақат алып, 10 адам қаза тапқан, деп хабарлайды РИА Новости.
-
Берік Уәли Қуандық Шамахайұлының отбасына көңіл айтты
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қуандық Шамахайұлының отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.
-
Димаш Құдайберген тағы да ең танымал әртіс атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген тағы да Қытайдағы үздік шетелдік әртіс атанды, деп хабарлайды DimashNews порталы.
Наверх