"Abai" телеарнасында жұмыс істейтіндерге үлкен жауапкершілік артылып отыр – ардагер журналист

30 Маусым 2020, 12:08
1259
Бөлісу:
"Abai" телеарнасында жұмыс істейтіндерге үлкен жауапкершілік артылып отыр – ардагер журналист

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл бәріміз үшін қуанышты жағдай, әсіресе, шығармашылық адамдарының еңбегіне лайық арна болады деп ойлаймын. Бұл туралы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қазақ телевизиясының ардагері Сұлтан Оразалин "Abai tv" телеарнасының ашылуында айтты.

WhatsApp Image 2020-06-30 at 14.31.27.jpeg

Телеарнаның ашылуы барысында танымал журналист Сұлтан Оразалин бұл арнаның маңыздылығына тоқталып өтті.

Осы бір қиын кезге қарамастан халықтың көңілін көтеретін жаңа телеарнаның ашылуы және оған барлық мүмкіндікті жасап жатуы Үкіметтің үлкен істерінің бірі. Абайдың аты өте ардақты және осы арнада жұмыс істейтіндердің мойнына өте ауыр жүк артылады. Сіздер Абай атын алған соң – Абай атамыздың әділдігін, ойшылдығын, сөзге деген ерекше ықыласын, оның әндеріндегі ғажайып әуендердің бәрін сақтап, сол биіктен көрінулеріңізге тілектеспін. Бұл бәріміз үшін қуанышты жағдай, әсіресе, шығармашылық адамдарының еңбегіне лайық арна болады деп ойлаймын, - деді ол. 
WhatsApp Image 2020-06-30 at 14.31.39.jpeg

Бұған дейін Қазмедиа орталығында "Qazaqstan" республикалық телерадиокорпорациясы құрамындағы "Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасының ресми таныстырылымы өтіп жатқанын хабарлағанбыз.  

Бұл теларна ұлттық және әлемдік өнер мен мәдениеттің інжу-маржанын қалың бұқараға ұсынатын болады. Оның ішінде мәдени мұра жәдігерлері, салт-дәстүр мен төл туындылар, тұлғалар тарихы, хакім Абай шығармалары, білім мен ғылым, әдебиет пен өнер, отандық және әлемдік классика жауһарлары сынды өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын жобалар қалың көрерменге жол тартады.

Өзгелердің жаңалығы