Шымкенттегі провизорлы орталыққа дәрігерлер керек

30 Маусым 2020, 07:20
1446
Бөлісу:
Шымкенттегі провизорлы орталыққа дәрігерлер керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттің Жеңіл атлетика спорт кешенінде ашылған провизорлы орталыққа медицина мамандары керек болып жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.


Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, спорт кешенінен қосымша ашылған күндізгі стационар 450 орынға дайындалуда. Орталықта ЖРВИ және пневмония жұқтырған науқастар ем қабылдайтын болады. Мұндағы кереуеттер университеттің жатақханасы мен демеушілер есебінен жеткізілген.
1 шілдеде ашылатын орталыққа күндізгі стационарға 50 дәрігер, 75 мейірбике, 20 санитар қызметкері қажет болады. Спорт кешеніндегі жұмысты үйлестіруге қаладағы №5 емхана ұжымы жұмылдырылады. Стационар таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін қалада ЖРВИ жұқтырғандар саны 2 есеге, пневмониямен ауырғандар саны 6 есеге көбейгенін хабарлаған болатынбыз. Осыған орай, қаладағы Самал-3 шағын ауданында жаңа мектептен - 400 орындық, Политехникалық колледжінен - 400 орын, ҰОС ардагерлері орталығынан 100 орындық провизорлы орындар ашылған еді. Сондай-ақ, тұрғындарға көмектесетін "iKomek" орталығы ашылды. Жедел желіде күндіз-түні тұрғындардың қоңырауларына жауап беріледі.

109 нөміріне қоңырау шалғандар қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сауалдарына жылдам жауап ала алады. Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдауға қауқарлы. Қажет болған жағдайда 5000 азаматқа дейін қызмет көрсете алады. Ол үшін 26 қызметкер тәулік бойына жұмыс жасауда. iKomek орталығы барлық емханалармен ыңғайластырылып ақпараттандырылған. Сонымен қатар iKomek орталығының 87777109109 ватсап нөмірі де тұрғындар үшін тәулік бойына қызмет етеді, – делінген әкімдіктің хабарламасында.




Өзгелердің жаңалығы