Все новости за 29 қыркүйек 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Журналист Мағауияның мұрасы архивке тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық мұрағатына Қазақстанның құрметті журналисі, "Орталық Қазақстан" газетінің бұрынғы бас редакторы Мағауия Сембайдың жеке мұрағаты тапсырылды.
-
Биыл 42 мың тонна қант өндіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Алматы облысында 500 мың тонна тәтті түбір жинап, шамамен 42 мың тонна қант өндіру жоспарланған. Жалпы, биыл облыста қант қызылшасының егіс алқабы 2,1 мың гектарға ұлғайтылып, 16,1 мың гектарға жетті.
-
"Жетісу" "Астанадан" жеңіліп, жарты млн теңге айыппұл төледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік бақылау комитеті премьер-лиганың 11-ші турындағы "Астана" мен "Жетісу" арасындағы матчке қатысты шешім шығарды.
-
Рудныйды 9 жыл басқарған әкім отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудный әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қордайдағы жанжалдан кейін ұсталған жеті адам сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы горнизонының әскери сотында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қазақтар мен дүнгендер арасындағы ұлтаралық жанжалдан соң күдікке ілінген 50-ден астам адамның жетеуіне үкім шықты.
-
Қазақстанның 6 облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 30 қыркүйек күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.
-
Covid-19. Елордада 170 мобильді бригада дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мобильді бригадалардың жұмысы 5 мың тұрғынға бір бригада есебінен ұйымдастырылады.
-
Қазақстанның экспорты 27,2%-ға төмендеген
Ол сондай-ақ Қазақстан-АҚШ арасындағы іскерлік кеңестің ашылуы АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік береді.
-
Гуманитарлық құқық және кибер операцияларды реттеу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Қарулы қақтығыстар кезінде кибероперацияларды пайдалану: ықтимал адам шығыны және халықаралық құқықтық база» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
-
Таулы Қарабақ. Халықаралық Түркі академиясы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының оккупациядағы аудандарында әскери жағдайдың шиеленісуіне байланысты алаңдаушылығын білдірді.
-
Еуразия ұлттық университетінің мәртебесі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың 2019-2020 оқу жылындағы есеп беру кездесуі өтті.
-
Қарағандыда мәдениет саласын дамытудың Жол картасы қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында театр режиссёрлері, сондай-ақ театр және шығармашылық ұжымдардың басшылары мен өңірлер әкімдерінің қатысуымен облыс мәдениетін дамыту бойынша ашық кеңес өтті.
-
Германиялық компаниялар Қазақстанмен ынтымақтастықтың келешегін зерттеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неміс және қазақстандық кәсіпкерлердің, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен виртуалды байланыс-кооперациялық биржасының кезекті сессиясы өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Ресей оқушыларды екі аптаға каникулға жібермекші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ Денсаулық сақтау министрлігі КВИ науқастарға арналған ауруханалардағы орынның 90% -ы қазірдің өзінде бос емес деп мәлімдеді.
-
Елордада академик Нұрлан Бәтпеновке арналған конференция өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Травматология және ортопедияның заманауи басым бағыттары» тақырыбында үш күндік ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
Бұл ісшара Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрлан Жұмағұлұлы Бәтпеновті еске алуға арналған.
-
Карантинде той ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында мониторинг топтарымен карантин режимін сақтау бойынша тұрақты тексерулер жалғасуда, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Алматыда қылмыс деңгейі төмендеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов айтты.
-
Ұлттық арна Ұстаздар күніне орай видеобайқау жариялайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы Ұстаздар күніне орай «Қалдырған ізің...» видеобайқауын жариялайды, деп деп хабарлады «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.
-
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев су тасқынынан зардап шеккен Қабыл провинциясының тұрғындарына қазақстандық гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты.
-
Биыл Алматы облысында 2 788 адам тұрғын үймен қамтылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Алматы облысында кезекте тұрған 2 788 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.
-
Исекешев «Antıkor Ortalyǵy»-ның жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы «Antıkor Ortalyǵy» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығына барды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.
-
Қарағанды облысында екі гемодиализ орталығы ашылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының Осакаровка ауданында және Абай ауданының Топар кентінде жаңа медицина мекемелері ашылды.
-
Алматыда шетелдік жаттықтырушыны тонап кетті
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы шетелдік жаттықтырушыны тонап кеткен үй қызметшісін ұстады.
-
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джон Хопкинс университеті федералды және жергілікті билік, БАҚ және басқа да ашық ақпарат көздері ұсынған ақпаратты жинайды.
-
Вирустық ауруларға төтеп беру үшін қандай дәрумендер қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күзде вирустық ауруларға төтеп беру үшін ағзаға қандай дәрумендер қажет? Ресейлік иммунолог Марина Аплетаева үш түрлі дәруменді атады.
-
Ұлттық психология. Өкпе неге «қара қазандай» болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі психолог-маман Нұргүл Молдабайқызымен кезекті сұқбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
-
Байбек Талдықорған және Қапшағай тұрғындарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында Талдықорған қаласында білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті.
-
Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ШЖҚ «№6 қалалық емхана» МКК-да «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды.
-
Мұрат Бақтиярұлы: Өзің ойлап көрші, 42500 теңге бір айыңа жете ме?
Сонымен қатар, Мұрат Бақтиярұлы коронавируспен күреске бөлінген 6 триллион теңгенің қайда жұмсалып жатқанына, еліміздегі әлеуметтік салалардың қазіргі жағдайына, төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға берілген 42500 теңгеге жеке-жеке тоқталды.
-
Алматының Әуезов ауданына 8 айда 41,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 41,7 млрд теңгені құрады.
-
Елімізде 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың екінші жартысында 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған.
-
Алматыда 28 251-ден астам кәсіпкер салық төлеуден босатылды
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Қызылордалық ХҚКО-да жаңа дәстүр пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордадағы кез келген ХҚКО бөліміне барсаңыз қызмет алып, жаңа құжатқа ие болып жатқан аналар мен зейнеткерлерге құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстап жатқан мамандарды кезіктіруге болады.
-
Маңғыстау облысындағы оқушылар жылыжайда қияр өсіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау ауданындағы Өтес орта мектебіндегі жылыжайда 74 түрлі тропикалық өсімдіктер өседі. Күн райы -15 градус көрсетіп тұрса да, жылыжай өзіндік температурасын сақтайды, дейді Сайөтес орта мектебі директорының міндетін атқарушы Гүлсім Нәдірова.
-
21-27 қыркүйек аралығында КВИ-ден 26 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.
-
Нұр-Сұлтанда тағы бір Арбат салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа қоғамдық кеңістік Республика даңғылынан Қ.Қуанышбаев атындағы Қаздрамтеатрге дейін Омаров көшесінің бойында орналасады.
-
Назарбаев «Көне Шымкент қалашығы» археологиялық нысанын аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ежелгі тарихи орындарының бірі «Көне Шымкент қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды.
-
Шемонаихада қоян ұрлаған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің «102» жедел каналына 56 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, үйдің ауласындағы қорасынан белгісіз адам үш қоянын ұрлап кеткенін жеткізген.
-
Дәрігер Ерік Байжүнісов үйқамаққа алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы қызметі дәрігер Ерік Байжүнісовтің үйқамаққа алынғанын хабарлады.
-
Тоқаев БҚО әкіміне үш ауысымды мектеп мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Алматыда бағаны асыра көтерген дәріхана жабылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында фармацевтикалық қызметпен айналысатын ЖШС-ке қатысты әкіәмшілік іс қаралды.
-
Тепловоздың айнасын сындырған 10 жастағы бала ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы-1 станциясында тепловоздың айнасын сындырған 10 жастағы бала ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Алматыда шала туған нәрестелер ауруханадан шығарылды
Алматы, BAQ.KZ. Шала туған егіздер Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан үйлеріне жіберілді.
-
Ардагер дикторлар ғасырлық радиоға қайта оралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 1 қазан Қазақ радиосының әуетолқынына шыққанына 99 жыл толады.
-
Індетпен күреске 6 аурухана тартылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі күні елордада індетпен күреске 6 аурухана тартылған, олардағы төсек-орын сыйымдылығы 403-ке жетеді, жүктеме - 12%. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елорда бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткен онлайн брифинг барысында осылай деді.
-
Елордадағы 3011 кезекші сыныпта 40 400 бала білім алуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елордадағы қазіргі эпидемиалогиялық жағдайға қатысты өткен онлайн брифинг барысында Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева айтты.
-
«FM Kiryu» жапон радиосында Димаштың әндері шырқалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазан айының 1-нен бастап жапондық «FM Kiryu» радиожелісінің «More Music» яғни үлкен әуендер деп аталатын бағдарламасында қазақстандық Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалатын болады.
-
Тіркелмеген дәрілік препарат сатқан 102 субъект анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Прәлиева елорда бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдай турасында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
-
Елордада банк карталарымен жолақыны төлеу жүйесі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада банк карталарымен жолақысын төлеудің тағы бір жүйесі сыналып жатыр. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.
-
COVID-19. Нұр-Сұлтан бойынша жалпы 594 бала вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Прәлиева елорда бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай турасында өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде айтты.
-
Елордада тозығы жеткен желілер ауыстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың электр желілерінің 30,6 пайызы тозған. Бұл республикадағы ең төменгі көрсеткіш. Соған қарамастан «Астана АЭК» желілерді жаңғырту жұмыстарына басымдық беріп отыр. Күн санап өсіп келде жатқан қала тұрғындарын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін маңызды.
-
Телефонын қуаттамақ болған оқушыны тоқ соғып, қайтыс болды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында 15 жастағы қыз бала қайтыс болды. Болжам бойынша ол ұялы телефонын қуаттамақ болғанда оны тоқ соққан.
-
Елордада 40-65 жастағылар арасында вирус жұқтырғандар өсімі байқалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Прәлиева елорда бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай турасында өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде айтты.
-
Түркістан облысында 120 мыңнан астам адамға АӘК автоматты түрде тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 мың отбасыдағы 120 мыңнан астам облыс тұрғындарына, IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, олардың мемлекеттік мекемелерге жүгінуінсіз автоматты түрде ұзартылады.
-
Интернет еркіндігі рейтингі жарияланды. Қазақстан нешінші орында?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан әлем елдері рейтингінде интернет еркіндігі деңгейі бойынша 50-орынға дейін төмендеді. Еліміз Қырғызстаннан айтарлықтай төмен орынға, ал Ресеймен қатар рейтингке жайғасты.
-
Ақтөбенің балуан әкімі өзіне боксшыны орынбасар етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Азамат Бекет тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе қаласы баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамда ой еркіндігіне шектеу жоқ екенін көрсетті – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева былтыр құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бір жылдан астам уақыттың ішіндегі жұмысын қорытындылады.
-
Аурудың алдын алу бойынша нұсқаулық: Толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №4 қалалық емхананың бас дәрігері Зухра Омарова және қалпына келтіру медицинасының дәрігері, реабилитолог Айгүл Солтанбек COVID-19 алдын алу шаралары туралы айтып берді.
-
Эпилепсиямен ауыратын 26 036 бала диспансерлік есепте тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінде Алексей Цой азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар мен Қазақстанның барлық өңіріндегі Денсаулық сақтау басқармаларының өкілімен орфандық ауруға шалдыққан балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі мәселелерді талқылады.
-
Алматыда қоғамдық көліктің жүру уақыты өзгерді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қоғамдық көліктердің жүру уақыты бір сағатқа ұзарды. Бұл туралы Алматы Көлік холдингі хабарлады.
-
Өсімдіктер карантині саласында 2,7 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 8 айында Қазақстанға алып келінетін жүктерді тексеру кезінде өсімдіктер карантині саласында 2,7 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды
-
Қазақстанда қанша шетелдік азамат жұмыс істейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 16 мың 378 рұқсат қолданыста, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
-
Зейнетке шығу жасы қашан өзгереді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы қандай? Қай санаттағы азаматтарға зейнетке ерте шығу мүмкіндігі бар? Зейнет жасына келген азаматтарға зейнетке шығу үшін қандай құжаттар жинау керек?
-
Алтын маска тағып жүрген кәсіпкер пневмониядан қайтыс болды
Алматы, BAQ.KZ. Үндістанда алтыннан жасалған маскаға тапсырыс берген кәсіпкер көз жұмды.
-
Қазақстан мен Лихтенштейн ынтымақтастығы артуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының елшісі Әлібек Бақаев іссапармен Вадуц қаласына барды, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Құрлық әскерлерінің Әскери институтына Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 11 қыркүйектегі Үкімет қаулысымен еліміздегі әскери кадрларды даярлайтын бірегей білім ордасы – Құрлық әскерлерінің Әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді.
-
Бүгін дүниежүзілік жүрек күні
Алматы, BAQ.KZ. Жыл сайын 29 қыркүйекте бүкіл әлем бойынша дүниежүзілік Жүрек күні аталып өтіледі. Оның басты мақсаты: жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, оның пайда болу себептері мен алдын алу тәсілдері туралы ақпарат беру.
-
COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 10 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
-
Бюджетке зиян келтірген қылмыстық топ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бюджетке 776 млн теңге көлемінде залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.
-
Болашақ педагогтардың стипендиясы 42 мың теңге болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңге болды.
-
Қордай ауданы тұрғындарының 95 пайызы газбен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылы 150 мыңға жуық тұрғыны бар Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ілгерілетуге бюджет қаражатынан қосымша 31 миллиардтан астам теңге бөлініп, игерілуде.
-
Астанада карантин талаптарын бұзатындар көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік субъектілер саны азаймай тұр. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
-
Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды
75Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алуға құжат қабылдау басталды. Бұл бағытқа қатысуға өтінімді 7 қазанға дейін жіберуге болады.
-
Өткен тәулікте 70-ке жуық адам коронавирустан жазылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 69 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Кеше 60-қа жуық адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 58 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Шымкенттіктер қоғамдық көлікте жолақыны "Tolem" арқылы төлейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте қазан айының 15-нен бастап барлық қоғамдық көліктер электрондық төлемақымен жұмыс істейтін болады.
-
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 29 қыркүйек күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін хабарлады.
-
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 29 қыркүйек күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.
-
Баян-Өлгийде "Бүркітшілер тойы" өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның бүркітті аңшылар қауымдастығы ұйымдастыратын жыл сайынғы «Бүркітшілер тойы» 3-4 қазан күндері Баян-Өлгий аймағында өтеді.
-
Жемқорлықпен күрес. Ерекше акция басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің "Сыбайлас жемқорлықтан аулақпыз!" атты акция басталғаны туралы "Қызылжар – адалдық алаңының" басшысы Сәлімхан Сәбитов мәлімдеді. Бұл іс республикалық кеңседен басталған.
-
450 гол. Роналду Мессидің рекордын бұзды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туриндік "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа біріншіліктерінде бірінші болып 450 гол соққан футболшы атанды, деп хабарлады Opta.
-
Обама әлемдегі ең сыйлы адамдардың көшін бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. YouGov зерттеу орталығы әлемдегі ең сыйлы адамдардың рейтингін жасады. Әсірге әлем "құрметтісі" АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама.
-
Қазақстан елшісі Қатар әміріне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі елшісі Арман Исағалиев Қатардың әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәниге сенім грамоталарын тапсырды.
-
Шымкент. Бір аптада 4 мыңнан астам хаттама толтырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері өткен аптаның ішінде жол саласы бойынша төрт мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырған.
-
Шпекбаев: Сынайсың ба – ұсын, ұсынасың ба – жаса, жасайсың ба – жауап бер!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алик Шпекбаев Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарымен дәстүрлі кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары мен Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері таныстырылды.
-
Маңғыстаудың бүкіл елді мекеніне интернет тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен жылыту маусымына дайындық, интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Наверх