Ұлттық арна Ұстаздар күніне орай видеобайқау жариялайды

29 Қыркүйек 2020, 19:32
2543
Бөлісу:
Ұлттық арна Ұстаздар күніне орай видеобайқау жариялайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы Ұстаздар күніне орай «Қалдырған ізің...» видеобайқауын жариялайды, деп деп хабарлады «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» таңғы ақпараттық-сазды бағдарламасы  «Қалдырған ізің...» атты видеобайқау жариялайды.

Байқау мақсаты – шәкірт пен ұстаз арасындағы сүйіспеншілікті көрсете отырып, қоғамның мұғалім мамандығына деген құрметін арттыру.

Жобаға қатысушы әр адам әріп танытып, қалам ұстатқан алғашқы ұстазына, тағдырдың сан қилы белестерінде жол сілтеп, бағыт-бағдар берген, үлкен өмір жолындағы ұстаздарына арналған жүрек түкпіріндегі жылы естеліктерімен бөліседі. 

Видеоны #ҚалдырғанІзің  #МеніңҰстазым хэштегтерімен әлеуметтік желідегі парақшаға немесе press@kaztrk.kz электронды поштасына жолдай алады. Видео ұзақтығына шектеу қойылмайды. 

Ең әсерлі видеолар 2 қазан күні Ұлттық арнаның «Tansholpan» бағдарламасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы