Телефонын қуаттамақ болған оқушыны тоқ соғып, қайтыс болды

29 Қыркүйек 2020, 12:51
1796
Бөлісу:
Телефонын қуаттамақ болған оқушыны тоқ соғып, қайтыс болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында 15 жастағы қыз бала қайтыс болды. Болжам бойынша, ұялы телефонын қуаттамақ болғанда оны тоқ соққан. 

Қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні түнгі сағат ондар шамасында болған.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылында болған.

Электр тоғы соғу салдарынан 15 жастағы жасөспірім көз жұмды. Тексеру барысында қыздың ұялы телефоны электр қуатына қосулы болған, сол арқылы қызға электр тоғы өткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта медициналық-сот сараптамасы тағайындалған.

Өзгелердің жаңалығы