Все новости за 27 қыркүйек 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада тағы екі көпір салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала көшелерін аралау барысында бірқатар мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастырғанын айтты. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Бокс. Әлемдік үздік ондық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спортшылар арасында рейтинг жүргізетін әлемдік Boxrec.com порталы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік ондыққа енген боксшылар тізімін жариялады. Мықтылар қатарында еліміздің мақтанышы Геннадий Головкин де бар. Ол тізімде төртінші орында тұр.
-
Димаштың бейнебаяндары Түркияда көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің әндеріне арналған музыкалық клиптер Түркияда көрсетіле бастады. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.
-
Үш күнде 72 қару тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында үшкүндік «Қару» операциясының барысында мылтық ұстайтын 2 215 адам тексеріліп, олардың ішінен қаруы талапқа сай қауіпсіз жерде ұсталмаған 72 қару тәркіленді.
-
Жұмысшы құқығының бұзылуына қатысты 800-ге жуық шағым түскен
Еңбек инспекторларының жұмыс берушілермен ынтымақтаса әрекет етуінің нәтижесінде 27 жұмысшының 3,2 млн теңге жалақысы өндіріліп, жұмыскерлермен еңбек шарттары жасақталды. Ал, шағымдар негізінде, сондай-ақ, жоспарлы түрде 80 тексеру жүргізілді.
-
Қарағанды облысында дөңгелек шығаратын зауыт салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин мен Татарстанның Президенті Рустам Миннихановтың қатысуымен "Татнефть" акционерлік қоғамымен Саран қаласының РТИ аумағында автомобиль шиналарын өндіру жобасын іске асыру бойынша инвестициялық меморандумға қол қойылды.
-
Коронавирус. Польша ұлттық құрамасының бас бапкері ауырып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польша құрамасының бас бапкері Ежи Бжечек коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Польша ұлттық құрамасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алимент төлеуден қашатын әке көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында 14 мыңға жуық бала өздеріне тиіс алиментке қол жеткізе алмай жүр. «Қашқын әкелердің» қарызы 100 миллион теңгеге жуықтаған.
-
Футбол. Армения чемпионаты тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения чемпионаты елде әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты тоқтатылды. Бұл туралы «Урарту» ФК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Семей маңынан ежелгі орманның орны табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелері экспедициямен Мұқыр өзеніне барды. Аумақты зерттеу кезінде өлкетанушылар дөңнің үстінен ағаш діңі мен тамырына ұқсас ерекше тастарды тапқан.
-
Жамбылда этноауыл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңірлік туризмді дамыту және осы бағытта кездесіп отырған мәселелерді талқылауға негізделген жиын барысында айтылды.
-
Әлемде коронавирус жұқтырғандар 33 млн-ға, қайтыс болғандар 1 млн-ға жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус ауруынан қайтыс болғандардың дүние жүзі бойынша саны 1 миллиондық межеге жетуге таяп қалды. Өткен жылдың соңында Қытайда пайда болған Covid инфекциясын 33 миллионға жуық адам жұқтырды.
-
Павлодарлық студент Австрияға жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық студент WorldSkills стандарттары бойынша Еуразиялық чемпионаттан бірінші орынды иеленіп, Еуропалық WorldSkills-ке қатысу үшін Австрияға жолдама алды.
-
Мамин мен Татарстан Президенті Қостанайда келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қостанайда ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен Татарстан Президенті Рустам Минниханов келіссөз жүргізіп, Қазақстанда 261 млрд теңге инвестицияға үш бірлескен автомобиль жасау жобасын іске асыруды бастап берді.
-
Қытайда шахтада болған жарылыстан 16 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Синьхуа.
-
Қазақстан армян-әзербайжан қақтығысына қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді.
-
Лукашенко өз еркімен кетуі керек – Франция Президенті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция Президенті Эмманюэль Макрон Александр Лукашенко биліктен өз еркімен кетуі керек деген пікірде.
-
Әділбек Қаба: Тілге жанашыр болып жүру аз, тіл қорғаны болуымыз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тіл комитетінің төрағасы Әділбек Қаба Facebook-тегі парақшасында комитет жанынан «ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ» онлайн тобы құрылғанын мәлімдеді.
-
Райымқұлова Бүкіләлемдік туризм күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында туризм саласына үлес қосып жүрген азаматтарды Бүкіләлемдік туризм күнімен құттықтады.
-
Стамбұл көшелерінің біріне Абай есімі берілмек
Нұр—Сұлтан, BAQ. KZ. Стамбұлда бір көшеге Абай есімін беру көзделген.
-
Арменияда соғыс жағдайы жарияланды. Елді қорғауға дайын болыңыздар – Пашинян
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения Кабмині Карабақтағы жағдайға байланысты елде соғыс жағдайын жариялап, мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшірді.
-
Әзербайжан мен Армения Карабақтағы жағдайдың ушығып кеткенін мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан мен Арменияның қорғаныс министрліктері Карабақтағы жағдайдың ушығып кеткенін мәлімдеді.
-
Елімізде 4000-ға жуық дәрігер жетіспейді – сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің сенаторлар тобы Шығыс Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапарда болды. Депутаттар Семейдегі жүздесулерде дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесін талқылады.
-
Жол ортасындағы газ құбыры айдың соңына дейін алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының Аташ ауылында салынып жатқан көлік жолына қатысты даулы сұраққа нүкте қойылды. Көше ортасындағы газ құбыры ай соңына дейін жер астына көмілетін болды.
-
Шығыс Қазақстанда квадроциклмен соқтығысқан жасөспірім көз жұмды
Нұр-Сұлтан. BAQ. KZ. Шығыс Қазақстанда квадроциклмен соқтығысқан 15 жастағы мотоциклші көз жұмды, деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Balapan. Еліміздегі тұңғыш балалар телеарнасына – 10 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақ телевизиясы тарихындағы тұңғыш балалар арнасы «Balapan» телеарнасына - 10 жыл. Телеарна «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамынан 2010 жылдың 27 қыркүйегінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ашылды.
-
Белоруссия елдегі жағдайға көрші мемлекеттерді айыптап отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белоруссияның Сыртқы істер министрі Владимир Макей бірқатар көршілес мемлекеттерді Белоруссияда хаос орнатқысы келді және дамуына тежеу келтірмек ниеті бар деп айыптады. Бұл туралы lenta.ru жазды.
-
Елордада түнгі клуб басшысы қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада карантиндік шектеулерді бұзған түнгі клуб басшысы қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті хабарлады.
-
Солтүстік Қазақстанда құс тұмауына байланысты 18 ауыл карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста 184 мыңнан астам құс қырылған. Бұл туралы aikyn.kz жазды.
-
Елімізде еңбек құқығы заңнамасы қаншалықты сақталады?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығы бойынша қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» деп белгіленді. Биыл атаулы күн 27 қыркүйекке сәйкес келіп отыр.
-
Қызылорда облысындағы бронежабдықтар зауыты өндіріс көлемін ұлғайтпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай дайындалатын бронежабдықтар Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдерге жіберіледі. Бұл туралы Хабар24 жазды.
-
Ақтауда «Масат» азық-түлік базары өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең Ақтау қаласында «Масат» азық-түлік базары өртенді.
-
Грузияда жоғалған 13 жастағы жерлесімізге халықаралық іздеу жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда жоғалған Ильи Пилпаниге халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы zakon.kz жазды.
-
Гүлшара Әбдіқалықова «Еңбек күні» мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Еңбек күні» мерекесімен құттықтады.
-
Қытайға тәуелділіктен арыламыз - Трамп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы сайлауда жеңіске жетсе ел экономикасын Кытайға тәуелділіктен толықтай арылтуға уәде берді. Бұл туралы lenta.ru жазды.
-
COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 229 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 229 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.
-
COVID-19. 15 науқастың жағдайы аса ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
-
Өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында жазылған.
-
2019 жылы халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы 104 282 теңге болды - статистика
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 104282 теңгені құрады және атаулы мәнде 2018 жылмен салыстырғанда 12%-ға өсті.
-
Қазақстан соңғы 20 жылда Орталық Азия елдеріне 500 млн доллар көмек берген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясы аясында кедейлікті азайту және Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша БҰҰ жоғары деңгейдегі отырысына бейнеконференция режимінде қатысты.
-
Қазақстанда тағы 136 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты , деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Түркияда карантин ережелерін бұзғандар бас бостандығынан айырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда карантин ережесін бұзған азаматтар бас бостандығынан айырылып, 3 ай 10 күнге сотталды.
-
ӘМСҚ-дағы жемқорлықты WhatsApp-пен хабарлауға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-30 қазан аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.
-
Атырау облысында жыл басынан бері 25 адам суға кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында жыл басынан бері 25 адам суға кетіп, көз жұмған, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
-
Бүгін – Еңбек күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – 27 қыркүйекте Қазақстанда Еңбек күні тойланады. Осыдан 7 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қыркүйектің соңғы жексенбісін «Еңбек күні» деп бекіткені мәлім.
-
Елорданың ескі вокзалындағы автотұраққа көлік нөмірін тану жүйесі орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертеңнен, яғни 28 қыркүйектен бастап «Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзалының алаңында жаңартылған тұрақ платформасы іске қосылады. Бұл туралы қалалық «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.
-
Алматыда бағдаршамдарға жаңадан қызыл жолақтар тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қызыл жолақты белгі пайда болды. Ал қалалық полиция басқармасы инновациялық арнайы белгілердің маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлады ІІМ ресми сайты.
-
Дихандар жаңа техникамен қамтамасыз етіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың егін орағы да аяқталып келеді. Оның ойдағыдай өтуіне көптеген ұйымдар елеулі үлес қосты. Олардың қатарында «ҚазАгроҚаржы» АҚ да бар.
-
Эстонияда Абай мен әл-Фараби бейнесіндегі маркалар шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстонияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары жарық көрді.
-
Алматы облысында 3 күн бойы аяз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 27-29 қыркүйек аралығында аяз көтеріледі. Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.
-
Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда жетінші рет айыппұлға іліккен түнгі клубтан 65 адам полицияға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық тәртіп сақшылары «Аура» түнгі клубынан түнде тыныштықты бұзып, кальян тұтынған 65 адамды полицияға жеткізді. Карантинді бұзғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелері айыппұл төлейді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Ақтөбеде ауыл шаруашылығы саласына мамандар жетіспейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласына қазірдің өзінде 300-ден астам жұмысшы қажет. Бұл мәселені шешу үшін жұмысшы кадр дайындайтын колледжге қожалықтар мен кәсіпорындардың кепілдігі керек. Яғни, олар оқуға түсетін жастарды міндетті түрде еңбекпен қамтуы тиіс.
-
Елорда мен 8 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК еліміздің 7 өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болады.
Наверх