Стамбұл көшелерінің біріне Абай есімі берілмек

27 Қыркүйек 2020, 16:20
2389
Бөлісу:
Стамбұл көшелерінің біріне Абай есімі берілмек

Нұр—Сұлтан, BAQ. KZ. Стамбұлда бір көшеге Абай есімін беру көзделген. 

Бұл туралы 24.kz жазды. 

Бұл бастама елдегі қазақ диаспорасының кездесуінде белгілі болды.

Түркияда көше атауын өзгертуге рұқсат алу оңай шаруа емес. Алайда Стамбұлдағы қазақ диаспорасының көмегімен бұл мәселе жылдам шешілді. 

Стамбұлда Абай атында мектеп бар екенін атап өткен жөн. Енді ұлы ақын есімімен бүтін бір даңғыл аталмақ. Сондай-ақ қазақ тілін үйрететін курстар ашылмақ.

Ал мұндағы қазақтардың көбі Зайтинберну ауданында тұрады. Олар қаланың қоғамдық шараларына белсенді араласады.

Өзгелердің жаңалығы