Қарағанды облысында дөңгелек шығаратын зауыт салынады

27 Қыркүйек 2020, 21:04
1438
Бөлісу:
Қарағанды облысында дөңгелек шығаратын зауыт салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин мен Татарстанның Президенті Рустам Миннихановтың қатысуымен "Татнефть" акционерлік қоғамымен Саран қаласының РТИ аумағында автомобиль шиналарын өндіру жобасын іске асыру бойынша инвестициялық меморандумға қол қойылды.

Осыған байланысты Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жобаға қатысты өз пікірін білдірді.

Жоба облыс аумағында жаңа шина зауытын салуды көздейді. Зауыттың жоспарланған жылдық қуаты 3 млн жеңіл және жеңіл жүк шиналары, сондай-ақ жылына 0,5 млн жүк шиналарын құрайды. Өндірісті іске қосу 2022 жылдың қараша айына жоспарланып отыр.Жоба аясында түрлі сабақтас салаларды ескере отырып, бір жарым мың жұмыс орны құрылады. Қарағандыда өндірілген автомобиль шиналары Қазақстанда шығарылатын автомобильдердің бастапқы жиынтықтамасына және қайталама нарыққа, сондай-ақ жақын шет елдерге экспортқа жіберіледі - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, облыс әкімі өз тарапынан Саран қаласындағы индустриялық аймақтың аумағына газ тартып, жер учаскесін беріп, инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ететінін айтты.

Естеріңізге сала кетейін, қазірдің өзінде аймағымызда QazTehna ЖШС автобустар мен арнайы техниканың жаңа түрін өндіру бойынша жобасы жүзеге асырылуда. Бұл өндірістердің пайдалануға берілуі қаланың дамуына жаңа серпін беретін болады - деді Жеңіс Қасымбек.
Өзгелердің жаңалығы