Елорда мен 8 өңірде дауылды ескерту жарияланды

27 Қыркүйек 2020, 00:30
1374
Бөлісу:
Елорда мен 8 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК еліміздің 7 өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болады.

Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстіке шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысының кей жеріне тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.

27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерңне тұман түседі.

27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласына түнде және таңертең тұман түседі.


Өзгелердің жаңалығы