Все новости за 14 тамыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жетісайда коронавирус жұқтырған келіншек тұңғышын аман-есен босанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Жетісай ауданында коронавирус жұқтырған жүкті келіншек перзентін аман-есен дүниеге әкелді.
-
Атырау облысындағы бір провизорлық орталық жабылатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының алыс аудандарында эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады.
-
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты күзде жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан үстел теннисі федерациясы еліміздің ашық чемпионатын жалғастыруға қатысты жаңа шешім қабылдады, деп жазады Olympic.kz.
-
Биыл Алматы облысында 8 мектеп пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы мемлекет қолдауының арқасында Алматы облысында 32 білім нысанының құрылысы жүруде. Соның 23-і мектеп, 4-еуі жатақхана, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Алматыда "Қазақфильм" өртеніп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Алматыда "Қазақфильм" киностудиясында өрт болып жатыр деген хабарлама тарауда.
-
Министр Түркістандағы тарихи нысандардың жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
-
Карантин талаптарын жеңілдету экономикаға оң әсерін тигізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамызда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссияның карантин талаптарын жеңілдету туралы шешімін бірқатар қоғам белсенділері қолдап отыр.
-
Айгүл Соловьева: Бұл сәтті барынша пайдалану керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарына қатысты бұл сәтті барынша пайдалану керек деп санайды.
-
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК ертең еліміздің бірнеше облысында найзағай ойнап, күшті жел тұрады деп болжайды.
-
Карантин. Әркім өзі және жақындары үшін жауапты болу керек – саясаттанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 13 тамызда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын.
-
АШМ басшысы Қарағанды облысындағы фермерлермен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өңір шаруаларымен кездесіп, бірқатар шаруа қожалықтарын аралады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
-
Карантин кезінде жасырын жұмыс жасайтын ойынханалар азаймай тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторларымен карантиндік режимнің сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Вирустың таралу-таралмауы әр адамның жауапкершілігіне байланысты – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 13 тамызда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын. Онда елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.
-
Елордада газға қосылу үшін техникалық шарттар тегін берілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта құжаттарды жеке меншік секторының тұрғындары ала алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
ШҚО-да ханбалықты шарбақта өсіру әдісі қарқын алып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ШҚО бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ханбалық өсіретін шаруашылықтарының жұмысын қатаң бақылауда, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
-
Қазақстандық дипломаттар оқушыларға ноутбук сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақстандық дипломаттардың атынан аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған 150 дербес компьютер берді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
-
Нурмагомедов Макгрегормен реванш өткізе ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегормен реванш өткізу мүмкіндігі туралы айтты.
-
Алматы қаласы ПД Процессингтік орталығының басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 800 мың теңге көлемінде пара алып жатқан Алматы қаласы Полиция департаментінің Процессингтік орталығының басшысы ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.
-
35 миллион теңге жымқырған шенеунік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бөлім бастығы 35 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.
-
Нұр-Сұлтанда бос тұрған жерлерге жаңа скверлер мен аулалар салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың жаңа аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Шымкентте 112 Call орталығы ашылды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Шымкент қаласына іссапармен келді. Ол Шымкент қаласының "Жедел медициналық жәрдем көрсету" стансасының 112 Call-орталығы жұмысын көрді.
-
Оңтүстік Африкада тас ғасырындағы матрас табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африкадағы Витватерсранд университетінің ғалымдары осыдан 200 мың жыл бұрын пайдаланылған матрасты тапқан. Бұл туралы Science басылымы жазды.
-
Мешіттер қашан ашылады - ҚМДБ жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттердің қайта ашуға қатысты мәлімдеме таратты. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.
-
Шымкентте инфекцияның таралу деңгейі төмендеген - Денсаулық сақтау вице-министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қостанай облысында сақшылар 400 келіден астам есірткіні өртеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудный қаласының полицейлері "Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының" кен қорыту пешіне 395 келі кептірілген марихуана мен 14 келіден астам гашишті өртеді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жезқазғанның бұрынғы әкімі енді Теміртауды басқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Жезқазғанды басқарған Қайрат Бегiмов Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды. Металлургтар қаласының жаңа басшысын қалалық мәслихат депуттарына Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек таныстырды.
-
Елімізде мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде жыл басынан бері мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
СҚ-Фармацияның дәрілері өте қымбат – дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Сұңқар" онкологиялық орталығының бас дәрігері Бақтияр Керімқұлов депутаттармен кездесу барысында айтты.
-
Елімізде кәсіпкерлер санын көбейту көзделген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде елімізде жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин айтты.
-
Түркістан: Қазақстанда тұңғыш рет Шәмші Қалдаяқов музейі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, "қазақ вальсінің королі" атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды.
-
Жеке клиникаларға да COVID-19-ды емдеуге рұқсат беру қажет – Азат Перуашев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев пен Ерлан Барлыбаев Алматыдағы "Сұңқар" клиникалық орталығының жұмысымен танысты.
-
Шымкентте жаңа индустриалды аймақ құрылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте "Жұлдыз" индустриалды аймағы құрылып жатыр. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков баспасөз брифингінде осылай деді.
-
Оңтүстік Америкада Абайдың 175 жылдығы аталып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Бразилиядағы елшілігі Аргентинаның Росарио қаласындағы қазақ мәдени орталығымен бірлесіп онлайн конференция ұйымдастырды.
-
"Бизнестің жол картасы" аясында пайыздар төмендеп, несие сомасы артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шара ретінде несие пайыздарды төмендеп, субсидия мен несиелендіру сомасы артты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин айтты.
-
Талғарда тал түсте дүкен тонап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 12 тамыз күні аудан орталығы Талғар қаласында болған. Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар алдын ала сөз байланысу арқылы үйлеріне жақын маңдағы дүкеннен азық-түлік алып, дүкен сатушыларын қорқыту арқылы ақшасын төлеместен оқиға орнынан із суытқан. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Денсаулық вице-министрі іссапармен Шымкентке барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Шымкент қаласында іс сапармен келді. Вице министр "Асар" шағын ауданындағы жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстандық дипломаттар ядролық қаруға қарсы велошеруге қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні және Хиросима мен Нагасакидің атом бомбалауының 75 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің қызметкерлері "Bike for Peace" (Велосипедшілер бейбітшілік үшін) қозғалысымен ұйымдастырылған веложарысқа қатысты.
-
Батыста 45 шақырым жол жөнделді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
-
"Даму" қоры карантин кезінде шарттарын жеңілдеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры карантин кезінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша шараларын тоқтатқан жоқ. Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде субсидияға қол жеткізу шарттарын жеңілдетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин мәлім етті.
-
Шын жүректен рахмет! Партия мүшесі медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді
Алматы, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясының белсендісі Бақытбек Жұмабаев осы қиын шақта, пандемия кезінде алғы шепте қызмет етіп, азаматтарымыздың өмірі үшін күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс білдірді.
-
Тараздағы спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Тараз-Арена" спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды.
-
Cтуденттер праймеризді кейс ретінде қарастыруда – ғалым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамызда еліміздің жас ғалымдары ZOOM – конференция өткізді. Конференция барысында түрлі саланың жас ғалымдары "Nur Otan" партиясының праймеризін өткізу бастамасын қолдайтынын және праймериз туралы ғылыми жұмыстар жасауға дайын екенін мәлімдеді.
-
Волонтерлік қызмет туралы заң қоғам талқысына ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызметі және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Тұжырымдамасы" жобасын жариялады.
-
Президентке сауда саласының 2025 жылға дейінгі даму мүмкіндіктері баяндалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Бизнестің жол картасы аясында 2,8 трлн теңгенің жобасы қаржыландырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы он жылда елімізде "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,8 трлн теңгенің 16 мыңнан астам жобасы қаржыландырылды.
-
Алматыда күзде 250 мыңға жуық жасыл желек отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жасыл қорды дамыту мәселелері және бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындылары бойынша Алматы қаласы жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская онлайн брифингте айтып берді.
-
Сенаторлар өкілетті органдармен онлайн кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары коронавирус пандемиясы кезінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және гуманитарлық көмекті бөліп, тарату мәселесі бойынша денсаулық сақтау, сыртқы істер, қаржы министрліктерінің және тағы басқа мүдделі ведомстволардың басшыларымен видео конференция форматында кездесу өткізді.
-
Мысырға рейстер қайта жанданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Мысырға алғашқы рейс ұшады.
-
Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойы қарсаңында өткізілетін іс-шаралар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі 15 тамыз күні танымал композитордың 90 жылдығына арналған онлайн режиміндегі қызықты бірқатар іс-шаралар өтетіндігі туралы айтып берді.
-
Президент өңделген өнімдер үлесін арттыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Шымкентте мың дана маска таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
-
Алғашқы күндер аса қиын болды – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілде айында № 4 Қостанай емханасының дәрігері Ғабит Атамбұзовқа Тобыл қалалық жұқпалы аурулар стационарының дәрігері ретінде қайта біліктілігін арттыруға тура келді. Міне, бұл жағдай туралы дәрігердің өзі айтып берді.
-
Жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізбесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді.
-
Нұр-Сұлтанда аз қамтылған отбасылардың балаларына планшеттер табыс етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, мектеп білімінің онлайн режиміне өтуіне байланысты Қазақстан оқушыларын қажетті техникамен қамтамасыз етуге бағытталған "Oqýshyny qolda" акциясын бастады.
-
Есмағамбетова карантинді жұмсартудың үш көрсеткішін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында спорт жанкүйерлерін хоккей және футбол матчтарының трибуналарына жіберу жоспарлары туралы айтты.
-
Жезқазған қаласының әкімі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазған қаласының әкімі болып Қайрат Әбсаттаров тағайындалды.
-
Алматыда бақылау камерасының арқасында 3 мыңнан астам қылмыс ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Бейнебақылау жүйесінің көмегімен Алматыда жыл басынан бері үш мыңнан астам қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жедел жәрдем қызметі күз және қысқы кезеңге дайын – Надыров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласындағы жедел жәрдем қызметі вирус өршіген жағдайда пациенттерді қабылдауға дайын. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров әкімдіктің әлеуметтік желісінде өткен онлайн брифингте айтты.
-
Дін қағидаттарын түсіндіру маңыздылығы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов "Kazislam" ақпараттық-танымдық интернет-порталының басшылығымен кездесті, деп хабарлады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.
-
Неліктен демалыс күндері қатаң карантин сақталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантиндік шаралардың әлсіреуіне қарамастан, Қазақстанда демалыс күндері қатаң карантин сақталады. Осыған байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында пікір білдірді.
-
COVID-19. Алматыда қазанға дейін екі стационар ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 1 қазанға дейін екі стационар ашылады. Бұл қонақүйлер базасында ашылған клиникалық ауруханалар болмақ. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров онлайн брифинг барысында айтты.
-
90 жастағы әжей ауыр дәрежедегі пневмонияны жеңіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы "Мейірім" провизорлық орталығында ем қабылдаған 90 жастағы Қарсыбаева Күлсара әжеміз пневмониядан 25 күнде жазылып шықты.
-
Күзде балалардың жаппай ауыруы мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында қазақстандықтарды әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
-
Фитнес орталықтары мен сауда үйлері қалай жұмыс істейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында балабақшалар, сұлулық салондары, фитнес-орталықтар сияқты нысандардың қалай жұмыс істейтінін мәлімдеді.
-
Карантин алынса да, жұмысына шектеу қойылатын нысандар қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Бірқатар субъектінің жұмысына рұқсат берілсе де, әлі де қызмет көрсетуіне шектеу қойылған нысандар бар. Назарларыңызға 17 тамыздан бастап бұған дейін салынған тыйымдар әлі де сақталатын қызмет түрлерін инфографика түрінде ұсынамыз.
-
Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды – Надыров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Қамалжан Надыров онлайн брифинг барысында айтты.
-
Маска тағу режимі әлі де сақталады – бас санитар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
-
Қазақстанда COVID-19 көрсеткішінің оң динамикасы байқалады – бас санитар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус бойынша көрсеткіштердің оң динамикасы байқалғанын айтты.
-
Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуіне дайындығы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орта салмақтағы еліміздің ең үздік боксшыларының бірі - Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізуге дайындық үстінде. Ол дебюттік жекпе-жегінде отандасы Сағадат Рахманқұловпен (6-1-0 4 КО) жолығады.
-
Елімізде карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Коронавирус тағам арқылы тарала ма?
Алматы, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қауіпті індет тамақ арқылы таралмайтынын мәлімдеді.
-
ДДСҰ: Әлем COVID-19 вакцинасының бірнеше түріне мұқтаж
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ әлемге аурумен тиімді күресу үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірнеше нұсқасы қажет екенін хабарлады, деп жазды korrespondent.net.
-
Сәдібек Түгел дәрігерлерге қатысты ұсыныс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр Сұлтан қалалық "Антикор орталығының" ақпараттық ағарту штабының басшысы Сәдібек Түгел денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға аманатын жеткізді.
-
Қазақстанда 5 түрлі вакцина жасалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ғалымдар елде жасалған коронавирусқа қарсы вакцинаны өз ағзаларында сынап көрді. Вакцинаны алғашқы болып қабылдаған жеті ғалымның жағдайы жақсы.
-
Шекаралық аудандар мәселесіне назар аудартқым келеді – ШҚО-дан сайланған Сенат депутаты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір халықтың қалаға жаппай көшуін тоқтату үшін шекара маңындағы халықтың тұрмыс жағдайын көтеру керек.
-
Карантин: 2,3 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 млн 320,3 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.
-
Шектеу шараларын жеңілдетуден ешқандай қорқыныш жоқ – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.
-
"Астана" президенттік клубы тарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана" президенттік кәсіби клубы тарады. Бұл туралы журналист-инсайдер Айдын Қожахмет телеграм-каналында жазды.
-
Жастар "Жыр майданына" аттанып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толу құрметіне орай елімізде ақын есімін иеленген телеарна ашылды. Түрлі шоу бағытындағы арзан әзіл мен күлкіге құрылған бағдарламалардан әбден мезі болған жұрт бұған шын қуанғаны анық.
-
Онлайн-ойын сатып алмақ болған балалар анасының карточкасын пайдаланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалардың анасының рұқсатынсыз банк карточкасын қолданудың салдары қылмыстық істің қозғалуына себеп болды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
-
Күз бен қыста COVID-19 таралуына байланысты жағдай шиеленісуі мүмкін – Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратпен бөлісуді жөн көрдім. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Психолог жеткіншектердің зиянды заттарға неге әуес болатынын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Қазақстан әйелдері қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің психологі Ақгүл Молдабекова жасөсіпірімдердің зиянды заттарға әуестенуінің себептерін айтып берді.
-
Алматыда қарулы адам зейнеткерге шабуыл жасады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда "материалдық қиындық көрдім" деген ер адам зейнеткерге шабуыл жасады. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістан полицейлері өте қауіпті cинтетикалық есірткіні тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы полицейлері Шымкент қаласының тұрғындарынан синтетикалық есірткі мен 2 кг-нан астам марихуана тәркіледі.
-
Елімізде коронавирустан 21 науқас қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 14 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.
-
COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 934 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 14 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат тарады.
-
Коронавирус: Әлем бойынша 14 тамыздағы таңертеңгі жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 тамызда таңертең әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 20,7 миллионнан асты. Бұл туралы америкалық Джонс Хопкинс университеті хабарлады.
-
14 тамызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 тамыз, жұма күні солтүстік шығыстан соққан циклон және онымен байланысты ауа ағындары бөліктерінің әсерінен ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Өткен тәулікте 1877 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1877 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 476 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан өткен тәулікте 476 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Солтүстік Қазақстан облысында үш мектеп салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа оқу жылында "Жас Өркен" ықшам ауданында 900 орындық және Бескөлде 300 орындық заманауи мектеп ашылады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Түркістан: Сайрам ауданында биыл 85 шақырым жолға асфальт төселеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сайрам ауданында жыл соңына дейін ішкі көшелердің 85,1 шақырымына асфальт төселетін болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Атырау облысында 170 мектепте 1446 кезекші сынып ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында кезекші сыныпқа 21 мың 637 оқушы барады. Пандемия жағдайына байланысты сынып ішілік қауіпсіздік шаралары қатаң түрде сақталады. Бұл туралы облыс əкімі Махамбет Досмұхамбетов брифингте айтты, деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.
-
Нұр-Сұлтан қаласында есірткі тасымалдаумен айналысқан топ анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамызда ІІМ Криминалдық полиция департаментінің және Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында Қызылорда облысының үш тұрғыны бар қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Ақтаулық әйел танысының 6 миллион теңгесін жымқырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласының тұрғыны танысын алдап, 6 миллион теңгесін иемденген, деп хабарлайды "Лада" порталы.
-
Қытайда тауық қанаттарынан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда мұздатылған тауық қанаттарынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Globaltimes басылымы жазды.
-
Жамбыл облысына Ирландиядан асыл тұқымды сиырлар әкелінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Жалпақтөбе ауылындағы "Жамбыл ет" ЖШС-не Ирландиядан ангус тұқымды ірі қара малдың алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Алтайда 40 жыл жөндеу көрмеген нысандар жаңартылуда – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Алтай ауданында нысандар жаңартылуда. Бұл туралы аудан әкімі Қалиқан Байғонысов мәлімдеді.
-
Дөрекі сөйлеп, дауға қалған бас санитарлық дәрігер халықтан кешірім сұрады – Алматы облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысына жаңадан тағайындала салысымен басы дауға қалған бас санитарлық дәрігер халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Наверх