Оңтүстік Африкада тас ғасырындағы матрас табылды

14 Тамыз 2020, 18:45
2034
Бөлісу:
Оңтүстік Африкада тас ғасырындағы матрас табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африкадағы Витватерсранд университетінің ғалымдары осыдан 200 мың жыл бұрын пайдаланылған матрасты тапқан. Бұл туралы Science басылымы жазды.

Матрас Лебомбо тауындағы үңгірлердің бірінен табылған. Мұнда матрастан бөлек түрлі сүйектер, ескі құралдар және тағы басқа материалдар табылған. Ғалымдар бұл заттар бұрынғы заманда адамдардың қалай өмір сүргенін білуге септігін тигізетінін айтады.

Science басылымының мәліметінше, адамдар бұл матрасты жасау үшін шөптерді пайдаланған. 

Сондай-ақ, ғалымдар матрастың маңынан күл тапқан. Олар бұл күлді адамдар түнде құрт-құмырсқадан қорғану үшін матрастың астына салды деп болжам жасап отыр.

Ғалымдар шөптердің үлгілерін зерттеу үшін микроскопиялық және химиялық әдістерді пайдаланған.

Сонымен қатар, олар үңгірден екі тісті тапқан. Осылайша, ғалымдар матрастағы шөптің қашан пайдаланылғанын анықтаған.

Алайда, Хайф университетінің археологы Дани Надельдің айтуынша, тек тістен алынған мәліметке сену дұрыс емес. Ғалымдар бір тіске кемінде 200 мың жыл уақыт болса, екіншісі бұл мерзімнен сәл асатынын жеткізді. Сондай-ақ ғалым кей кездері мұндай мәлімет нақты болмайтынын айтты. 


Өзгелердің жаңалығы