Елімізде мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды

14 Тамыз 2020, 17:55
1263
Бөлісу:
Елімізде мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде жыл басынан бері мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірінші жартыжылдықтағы ғарыштық мониторинг қорытындыларын жариялады.

Ғарыш мониторингі министрлік қызметінің аэроғарыш өнеркәсібін дамытудағы бағыттарының бірі және ол мемлекеттік органдардың талдау жасауына және өз саласы бойынша міндеттерін шешуіне мүмкіндік береді. Осы жұмыстың нәтижесінде жыл басталғалы 12 геосервис жұмысы өзекті етілді, 3,5 мың бірлік немесе 1,5 млн шаршы км тұнықтығы жоғары ғарыш түсірілімдері ұсынылды. Сондай-ақ, орташа ажыратымдылықтағы суреттер бар, олардың саны 75 бірлік немесе 440 мың шаршы км асады, - деп жазды министрлік.

Ғарыш мониторингінің нәтижелері мемлекеттік органдардың өз жұмысында қолдануы үшін мамандандырылған геосервистерге жүктеледі. 

Бұдан басқа, деректерді интеграциялауды орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерімен салыстыру тұрақты жүргізіледі. Мысалы, ғарыштық мониторинг арқылы бүгінде жалпы ауданы 350 мың шаршы км-ден астам ауыл шаруашылығы алқаптарының пішіні өзектендірілді, шамамен 19 млн гектар дәнді дақылға арналған егістік алаңы анықталды. Сондай-ақ, стихиялық қоқыс үйілген 1114 орын анықталды. Орман ағашын кесудің 1104 полигоны қаншалықты заңға сай жұмыс істеп жатқаны талданды. Ғарыш суреттері төтенше жағдайларды анықтауға да көмектеседі: 87 мыңнан астам термальді нүкте белгілі болды және 1073 өрт оқиғасы тіркелсе, өртенген аумақтың ауданы 650 мың гектардан асады, - делінген ведомствоның ақпаратында.
Өзгелердің жаңалығы