Елімізде кәсіпкерлер санын көбейту көзделген

14 Тамыз 2020, 17:30
1353
Бөлісу:
Елімізде кәсіпкерлер санын көбейту көзделген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде елімізде жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин айтты.

"Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында алдағы бес жылда олардың үлесін 35 пайызға жеткізу көзделген.

Біздің алдымызда кәсіпкерлер санын арттыру міндеті тұр. Бағдарлама елдегі шағын және орта бизнесті несиелендіруден бастап, кепілдендіруге дейін функцияларды біріктірген. Кәсіпкерлерді бағдарлама қолдауына жүгінуге шақырамын, - деп атап өтті холдинг төрағасының орынбасары. 

Рустам Қарағойшиннің айтуынша, бағдарлама сала бойынша шектеулерді алып тастап, ауқымын кеңейтті. Тағы бес жылға ұзартылған бағдарлама аясында қағаз бұйымдарын өндіру, жүк тасымалы, тамақ өнімдерін, сабын мен жуғыш заттарды, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру, қосалқы көлік қызметі, туризм, жалға алу және меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті басқару сынды салаларға да қолдау көрсетіледі.

Осыған дейін Рустам Қарағойшин "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы карантин кезінде несие пайызын төмендетіп, сомасы көбейгенін айтқан болатын.


Өзгелердің жаңалығы