Все новости за 17 қыркүйек 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Президенттік жастар кадрлық резервіне 3,5 мыңнан аса өтінім берілген — МҚІА
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Марат Дәуешов Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп жазады рrimeminister.kz.
-
Осы күзде Қарағандыда 1650 ағаш отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда биылғы күзде саябақтар мен гүлзарларды көгалдандыру жалғастырылады. Қалада 1650 көшет отырғызу жоспарлануда. Мамандар қайың, шие, жөке және қарағай секілді жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар егеді.
-
Шамалғанда болған жол апатының куәгерлері іздестірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция Шамалған стансасының өткелінде жолаушылар автобусымен болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіруде.
-
Қызылордалық диқандар күрішті 5 қазанға дейін орып болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде егін жинау жұмысының барысы туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков баяндады, деп мәлімдеді Қызылода облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Жасөспірім мотоциклде 1-сынып оқушысын қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қыркүйек күні сағат 20:10-да Қобда ауылында кәмелет жасқа толмаған мотоцикл жүргізушісі – 9-сынып оқушысы бірінші сынып оқушысын қағып кетті.
-
V Жазғы Паралимпиада ойындары мәресіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының V Жазғы Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті.
-
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Асан Көбентайұлы Дарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
-
Уақытша ұстау изоляторында айыпталушы өз-өзіне қол жұмсады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай аудандық полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында айыпталушының өз-өзіне қол жұмсап қаза тапқан мәйіті табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Алматыға келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан Тод Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы сыртқы саясат ведомствосынан хабарлады.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев С.М. Киров атындағы зауытқа барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы кәсіпорынның өнімдерімен танысып, көпқабатты баспа тақтасын шығаратын және бөлшектерді құрастыратын цехтарды аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тіс клиникасы әйелдің мұрнына пломб салған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кемеровтегі тіс емханасында пациенттің тісінің орнына мұрнына пломб салып жіберген. Бұл туралы соттың материалына сілтеме жасап Vse42.ru басылымы жазады.
-
Президент «Радуганың» өндірістік әлеуетімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы өңірге жұмыс сапары барысында металл пластикалық өнімдер шығаратын «Радуга» зауытына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда университеттердің жаһандық саммиті басталды
Алматы, BAQ.KZ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін және білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған әлемдік маңызы бар ауқымды іс-шаралар басталды.
-
Аграрлық салада болашағы бар жас ғалымдардың пулын жасақтау қажет – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ауғанстан президенті сөз сөйлеп тұрғанда жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чарикар қаласындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты, 30-дан астам адам жарақат алды.
-
Польшада украиналықтар мінген автобус аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол апаты Тарнув – Дембица тас жолында болған. Шағын автобус жол бойындағы қоршауға соғып, аударылып қалған.
-
Елордаға әлемдік діндер өкілдері келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы - хатшылық басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі хатшылығының XVIII отырысы болады.
-
Берешегі бар азаматтардың тізімі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық салықшылар берешегі бар азаматтар тізімін жариялады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Еңбекминнің сайтында «Виртуалды консультант» қызметі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу туралы сұрақтарға жауап алғысы келетін қазақстандықтар үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында «Виртуалды консультант» атты жаңа сервис іске қосылды.
-
Президенттік жастар кадрлық резерві: Топ-300-ге кіру үшін нені білу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Жас талантты қазақстандықтарды қолдау аясында мемлекеттік қызметте де жекелеген жұмыстар жүргізіліп жатыр.
-
Мәжілісте Азаматтық процестік кодекске енгізілетін түзетулер талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Жоғарғы сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов Азаматтық процестік кодекске түзетулер енгізілетінін айтты.
-
Елордада тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 1 желтоқсанға дейін құжаттарын жаңарту керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» тұрғын үй кезегінде тұрған астаналықтарды 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін құжаттарын жаңартуды сұрайды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.
-
«Мектепке жол» акция аясында 22 000 балаға көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қызылорда облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде жаңа оқу жылындағы мектептердегі оқу барысы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова баяндады, деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Аз ақшаға тендерді ұтып алғандар біздің классиктерді аударып жатыр - Бигелді Ғабдуллин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бізде халықаралық жоғары сыйлықтарға, оның ішінде Нобель сыйлығына лайықты жазушылар көп. Бұл туралы халықаралық қазақ ПЕН клубының төрағасы Бигелді Ғабдуллин Алматыда өткен брифинг кезінде айтты.
-
QAZAQSTAN: «Екі жұлдыз» жобасы қайтадан эфирге шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қыркүйектен бастап «Qazaqstan» ұлттық арнасынан «Екі жұлдыз» жобасы эфирге шығады.
-
Түрлі бағыттағы ет кластерін дамыту керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлда Ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңес өткізуде. Бұл туралы Ақорда Тwitter-дегі парақшасында жазды.
-
Арыс қаласында «Қалтадағы ХҚО» акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының Арыс қалалық бөлім қызметкерлері «Қалтадағы ХҚО» атты акциясын өткізді.
-
Мәжілісте Марат Оспановты еске алу шарасы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына орай Мәжілісте сурет көрмесі өтті. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісі аппараының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мемлекет басшысы «Иван Зенченко» сүт фермасына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарын Аққайың ауданы, Рублевка ауылындағы «Иван Зенченко» ЖШС-нен бастады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада жігерлі сәбилердің тұсауы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Балапан» ерте араласу орталығының 8-айналымының жабылу салтанатында екі сәби алғашқы қадамдарын жасап, тұсауы кесілді.
-
Алматыда ІІ Халықаралық жазушылар форумы өтеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір сенің шығармаларың ағылшын тілінде болмаса, сен жазушы ретінде жоқсың. Сондықтан биылғы форумның тақырыбы аударма мәселесіне арналып отыр. Бұл туралы форумды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Бигелді Ғабдуллин брифинг кезінде айтты.
-
Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанның 26 күні Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы «Qazaq promotions» компаниясы instagram парақшасына жазды.
-
Өртенген цехтан адам мәйіті табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда өртеніп кеткен жиһаз цехынан адамның денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспсөз қызметі хабарлады.
-
Мемлекет басшысы «Урожай» ЖШС агроөнеркәсіп кешенінде болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қызметі, диірмен кешенінің, элеватордың, комбикорм зауытының және нан-тоқаш өнімдерін шығару жөніндегі өндіріс нысандарының жұмысы туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шымкентте 3 жасар бала кір жуатын машинада қамалып қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте 3 жасар бала кір жуатын машинаның барабанының ішінде қалып қойған. Бұл туралы Отырар сайты жазды.
-
Президент Уәлиев атындағы спорт мектебіне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында Жақсы ауданындағы жеке спорт мектебін аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоқаев егістік алқаптарын аралап көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбат» ЖШС-нің егістік алқаптарын аралап көрді. Бұл туралы Ақлоданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Үш қазақстандық балуан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында үш қазақстандық балуан жартылай финалға шықты.
-
Жаңадан сайланған депутат Нұр-Сұлтанда күрестен әлем чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан астанасында олимпиадалық күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың үшінші күнінде Украинаның Жоғары Радасының су жаңа депутаты Жан Беленюк (87 келі) әлем чемпионы атанды.
-
2019 жылы 2 миллионнан астам қазақстандыққа АӘК тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 2 млн 87 мың 400 адамға (405 мың 600 отбасы) тағайындалды, оның ішінде 1 млн 302 мың 500 бала (олардың үлесі барлық алушылардың 62,4% - ын құрайды).
-
Президент жұмыс сапармен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
-
Зарина Керуенова: Әр қала саламатты қала бола алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саламатты қалалар – бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастаған халықаралық қозғалыс. Ол – өз тұрғындарының денсаулығын жақсартуға ұмтылатын қалалар үшін тұжырымдамалық негізі бар, тәжірибе мен білім алудың көзі. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары, Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Зарина Керуенова айтты.
-
Сауысқан велосипедшінің өліміне себепші болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияда 76 жастағы ер адам сауысқан шабуыл жасағаннан кейін қаза болған. Бұл туралы ABC News сайты хабарлады.
-
Енді бренд заттардың түп нұсқасы мен көшірмесін анықтау оңай болады
Алматы, BAQ.KZ. Entrupy стартапын жасаушылар қымбат заттардың түпнұсқасы мен көшірмесін анықтай алатын жасанды интеллект ойлап тапты. Бұл туралы Hypebeast хабарлады.
-
Отандық бензиннің Ресейге шығуын шектеу қажет – ҰҚК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры, генерал Дархан Ділманов жанар-жағармай мәселесін көтерді.
-
ШҚО-да сәбиді перзентханадан шығарып алу шарттары қиындап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда перзентханадан нәрестені шығарып алу үшін, отбасы мүшелерінің барлығы анықтама әкелуі тиіс, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Елімізде 270 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтерінесәйкес, 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 270,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Трамп Солтүстік Кореяға жақында бармайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті қазір Солтүстік Кореяға баратындай ыңғайлы уақыт емес екенін мәлімдеді.
-
Алматыда цех өртенді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Жетісу ауданында орналасқан жиһаз цехы өртке оранды. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Хабар» агенттігі тележүргізушілерге кастинг жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Хабар» Агенттігі өз телеарналарында тележүргізушілерге конкурс-кастинг жариялайды.
-
Өзбекстан жүк ағымын көбейтті - Қазақстан-Ресей шекарасындағы кептеліс себебі айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры, генерал Дархан Ділманов неліктен Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктерінде көлік кептелісі қалыптасатынын айтты.
-
Айдын Айымбетов ғарышта қанша литр су ішкенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов елімізде жеңіл судың пайдасына байланысты алғаш рет жүргізілген зерттеуге қатысты.
-
Судың пайдасы туралы күнделікті айту керек – ғалым
Нұр-Сұлтан, тілшісі. Қарапайым суды жеткілікті пайдалану керектігін тұрғындарға күнделікті айта беру керек. Мұндай пікірді «Астана медицина университетінің» ұстазы, медицина ғылымдарының докторы, академигі Ерболат Дәленов айтты.
-
Мырзахметов сібір жарасын жұқтырған 4 адамға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше ақпарат құралдарында Жамбыл облысында төрт адам сібір жарасын жұқтырды деген күмәнмен ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған еді.
-
Өзбекстанда 5G байланысын сынақтан өткізу басталды
Алматы, BAQ.KZ. Uzmobile ұлттық ұялы байланыс операторы 5G-ді тестілеуді бастады. Бұл туралы Өзбекстан байланыс компаниясы хабарлады.
-
Жамбыл облысының жеке қосалқы шаруашылықтарын қолдау бойынша пилоттық жоба талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында ауылдарда жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау арқылы Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру жолдары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
-
Қазақстанда жеңіл су туралы алғаш рет зерттеу жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде жеңіл судың адам өміріне және функционалдық резервтеріне әсері туралы алғашқы ғылыми зерттеу жүргізілді. Зерттеуге қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов қатысты.
-
Министр 2025 жылы барлық жол 100% жақсаратынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысында DoingBusiness рейтингінде Қазақстанның позицияларын жақсарту талқынады. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 2025 жылға қарай республикалық маңызы бар автожолдар 100% жақсаратынын айтты.
-
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасындағы атыста бір әскери қызметкер қаза тапты
Алматы, BAQ.KZ. Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан бір әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Министр Жанар Хамитованың қазасына қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Жанар Хамитованың қазасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.
-
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
-
Бәсекеге қабілеттілік мәселелері қорымыздың басым бағыттарының бірі – Исекешев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық кеңестер федерациясы бас қосуда. Бұл туралы ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы қорының баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Мамин: Барлық негізгі бағыт бойынша өңірлердің рейтингі жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысында DoingBusiness рейтингінде Қазақстанның позицияларын жақсарту мәселелері талқыланды. Премьер-министр Асқар Мамин көрсеткіштерді жақсарту керектігін айтты.
-
Алматыда 8 жасар бала анасын іздеп интернаттан қашып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 8 жасар бала анасын тауып алу үшін арнайы интернаттан қашып кеткен. Түн ішінде жалғыз жүрген баланы жол-патрульдік полициясы Достық және Оспанов көшесінен тауып алған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
№24, 31 автобустардың қозғалысы уақытша өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай көшесі бойында жол жөндеу жұмыстарына байланысты №24, 31 бағдарлардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгерді. Бұл туралы Астана LRT баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша 190 ел арасында 28-орында – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз «DoingBusiness» рейтингінде бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша әлемнің 190 елі арасында 28-орында екен. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты.
-
Ұлттық экономика министрі 30 елдің қатарына кіру үшін не істеу керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстан DoingBusiness рейтингінде 2025 жылы алғашқы 20 елдің қатарына кіру керектігін айтты.
-
Найзағай жүріп келе жатқан машинаға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Новосібірде қатты жауын кезінде найзағай жүріп келе жатқан көлікке түсті. Зардап шеккендер жоқ, бірақ куәгерлерді қатты шошытқан көрінеді. Бұл туралы Вести.ru сайты жазды.
-
Шымкентте автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, кондуктор қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте жол апатынан 13 адам жарақат алды, деп хабарлады «Хабар 24».
-
Нұр-Сұлтанда киберспорт бойынша чемпионат өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі мен ҚР киберспорт Федерациясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес елордада киберспорт бойыншы ауқымды жарыстар өткізіледі, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты.
-
Семей әкімдігі зейнеткердің үйін жөндеп береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей әкімі қаладағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың жағдайымен танысып қайтты, деп жазады altaynews.kz.
-
17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерде найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде тұман күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл.
-
Павлодар мектептеріне интернет жылдамдығын арттыру үшін 180 млн теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қыркүйекте бұл соманың 84,5 млн теңгесі игерілді, деп жазады pavlodarnews.kz.
-
Түркістан облысының Ордабасы ауданына газ тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының 55 жылдығы аясында аудан орталығы Темірланда газ жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.
-
Екі отандасымыз «Париж-Брест-Париж» планеталық веломарафон қашықтығын бағындырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылықтар Антон Ни мен Михаил Бабич «Париж-Брест-Париж» веломарафонына қатысып, мәреге жетті. Олар 1200 км қашықтықты 90 сағат ішінде еңсерген.
-
Приозёрск қаласының оқушыларын ежелгі заманның әдеби жәдігерлерімен таныстырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Приозерск қаласында № 1 ЖОББМ-де «Ежелден жеткен жәдігерлер» атты әдеби үйірме ашылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Бокстан әлем чемпионаты: Құлахмет ширек финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екатеринбургте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалында қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет турнирдің ширек финалына шықты, деп жазады Prosports.kz.
-
Павлодарлық кәсіпкерлер ЕАЭО елдерінде кездесетін мәселелер жайлы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Инвесторлар үйінде» Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша қоғамдық қабылдау комиссиясының отырысы өтті, деп жазды pavlodarnews.kz.
-
Қарағанды облысы Нұра ауданына жаңа әкім тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұра ауданының әкімі болып 47 жасар Аян Шалмағанбетов тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарағанды теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда жолаушылар Қарағанды облысындағы теміржол вокзалына жасалған өзгерістерге баға бере алады, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.
-
Мұнай бағасының өзгеруі Қазақстанға қалай әсер етпек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қара алтынның қымбаттауына қатысты отандық сарапшылар өз пікірлерін білдіріп жатыр, деп жазады 24.kz.
-
Арысты қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қатысты аппарат жиынын өткізді. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Наверх