Мырзахметов сібір жарасын жұқтырған 4 адамға қатысты пікір білдірді

17 Қыркүйек 2019, 12:21
1647
Бөлісу:
Мырзахметов сібір жарасын жұқтырған 4 адамға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше ақпарат құралдарында Жамбыл облысында төрт адам сібір жарасын жұқтырды деген күмәнмен ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған еді. Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Асқар Мырзахметов тілшілерге осыған қатысты пікір білдірді.

 «Сібір жарасын жұқтырған төрт адам қазір ауруханада ем алуда, олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.  Бір-екі күнде бәрі шығады. Қазір олармен байланыста болған адамдар да тексеріліп жатыр»- дейді Асқар Мырзахметов.

Оның айтуынша, карантин жариялау үшін Қазақстанның бас ветеринарлық дәрігерінің ресми шешімі қажет екен. 

«Әзірге ветеринария комитеті тарапынан нұсқау болған жоқ. Сондықтан біз өзіміз карантин жариялай алмаймыз»- дейді  әкім.

Облыс басшысы бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, заң аясында тиісті шаралар қолға алынғанын атап өтті. Бірақ сібір жарасының неден шыққаны әзірге анықталмаған.
Өзгелердің жаңалығы