2019 жылы 2 миллионнан астам қазақстандыққа АӘК тағайындалды

17 Қыркүйек 2019, 14:40
1772
Бөлісу:
2019 жылы 2 миллионнан астам қазақстандыққа АӘК тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 2 млн 87 мың 400 адамға (405 мың 600 отбасы) тағайындалды, оның ішінде 1 млн 302 мың 500 бала (олардың үлесі барлық алушылардың 62,4% - ын құрайды). 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көмек алушылар құрамындағы көпбалалы отбасылар шамамен 40%-ды құрайды (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам).

АӘК алушылардың ең көп саны елдің оңтүстік өңірлеріне келеді, онда барлық алушының 67%-дан астамы шоғырланған, оның ішінде Түркістан облысында – 96 мың 800 отбасы, Алматы облысында – 53 мың 600 отбасы, Шымкент қаласында – 51 мың 600 отбасы, Жамбыл облысында – 39 мың отбасы және Қызылорда облысында - 31 мың 700 отбасы.

Биыл 16 қыркүйектегі жағдай бойынша АӘК-ті белсенді алушылары 335 мың 200-ден астам отбасы немесе 1 млн 733 мың адам, оның ішінде 1 млн 487 мыңы балалар. Бұл ретте 69 мың 700 отбасына немесе 351 мың 200 адамға АӘК төлемдері аяқталды.

«2019 жылы АӘК төлеуге 204 млрд 500 млн теңге көзделген, оның 186 млрд 100 млн теңгесі республикалық бюджеттен және 18 млрд 400 млн теңгесі жергілікті бюджеттен. 144 млрд 300 млн теңге төленді», – деді ҚР Еңбекмині Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің басқарма басшысы Аяжан Жанғабылова.

Бұл ретте, ол бүгінгі таңда АӘК 523 мың 400-ден астам еңбекке қабілетті азамат алып отырғанын, оның 110 мың 200-і немесе 21%-ы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жататынын атап өтті.

«Барлығы 43 мың 500 адам немесе АӘК алушылардың жалпы санынан 39,5%-ы жұмысқа орналастырылды. 13 мың 400-ден астам адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. 89 мыңға жуық еңбекке қабілетті адамдар жұмыспен қамту органдарымен әлеуметтік келісімшарттар жасасты», – деп толықтырды Жанғабылова.

Электрондық еңбек биржасында шамамен 48 мың бос жұмыс орны бар екенін атап өткен жөн. Отбасының қаржылық жағдайын жақсартқысы келетін жұмыспен қамтылған АӘК алушылар жұмыс таба алады немесе түйіндемелерін www.enbek.kz веб-сайтына орналастыра алатынын атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы