Ауғанстан президенті сөз сөйлеп тұрғанда жарылыс болды

17 Қыркүйек 2019, 19:42
1647
Бөлісу:
Ауғанстан президенті сөз сөйлеп тұрғанда жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чарикар қаласындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты, 30-дан астам адам жарақат алды. 

Парван провинциясының Чарикар қаласында Ауғанстан президенті Ашраф Гани сөз сөйлеп тұрғанда жарылыс болды. Бұл туралы 17 қыркүйекте Tolo News арнасы хабарлады.

Жарылыс салдарынан 30-дан астам адам жарақат алып, 24 адам қайтыс болған. Телеарнаның хабарлауынша, президент Ашраф Гани дін аман. 

Әзірге ешқандай террористік ұйым жарылысты мойнына алмады. Кейін телеарна Ауғанстан астанасы Кабулда АҚШ елшілігі ғимаратының жанында жарылыс болғанын хабарлады.

Өткен апта АҚШ президенті Дональд Трамп Кабулда болған терактен кейін Вашингтонда талибтермен және Ауғанстан президентімен жоспарланған кездесуден бас тартты. Теракте америкалық әскер қайтыс болды. Кейін Трамп талибтермен бейбіт келісім туралы келіссөздер болмайды деп хабарлады.
Өзгелердің жаңалығы