Еңбекминнің сайтында «Виртуалды консультант» қызметі іске қосылды

17 Қыркүйек 2019, 18:45
1770
Бөлісу:
Еңбекминнің сайтында «Виртуалды консультант» қызметі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу туралы сұрақтарға жауап алғысы келетін қазақстандықтар үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында «Виртуалды консультант» атты жаңа сервис іске қосылды.

"Онлайн режимінде консультация алу үшін enbek.gov.kz веб-сайтына кіру жеткілікті, мұнда төменгі оң жақ бұрышта консультанттың белгішесі көрінеді, оны басқан кезде сіз ҚР Еңбекминнің қызметтері туралы кеңінен таралған сұрақтарға жауап ала аласыз. Мәзірден «жұмыспен қамту» бөлімін таңдап, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру; жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеу және басқа да қызметтер бойынша консультация алуға болады. Осыған ұқсас консультант электрондық еңбек биржасының сайтында және @enbek_bot мекенжайы бойынша Telegram-да қолжетімді", - делінген хабарламада.      

Министрліктің мәліметінше, бұл қызметті әзірлеу үшін сұрақтарды нейрондық желілер арқылы қарапайым тілде алуға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы талдау технологиясы қолданылды.

Өзгелердің жаңалығы