Все новости за 15 шілде 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ТМД мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Минскте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ТМД мемлекетаралық кеңесінің бесінші отырысы өтті.
-
Қарағанды облысында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-12 шілде аралығында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағында «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері мен халықтың әрекеттері» тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Алакөлде атқарылатын жұмыстар талқыға салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы үш жылда Алакөл жағалауын дамытуға 50 миллиард теңге қаржы жұмсалған. Алдағы үш-төрт жылда тағы 30 миллиард теңге инвестиция құйылмақ. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.
-
Терроризмнен ада әлемге қол жеткізу кодексіне 80 ел қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бастамасымен қабылданған Терроризмнен ада әлемге қол жеткізу кодексіне 80 ел қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Павлодарда кастингтен өткен жастар Ertis Promenade сахнасында өнер көрсете алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кастинг 16 шілде күні сағат 15:00-де облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығында өтеді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
-
«Күлімдеңіз!» – Семейде тегін фотосессия болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде «Айналаңа шаттық сыйла!» атты шағын фотосессия өтті. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
-
Семейде қыздар арасында футболдан республикалық турнир басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде мектеп жасындағы қыздар арасында республикалық «Былғары доп – 2019» турнирі өтті. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Жамбылдық полицейлер арасында самбодан сайыс өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысының Полиция департаменті қызметкерлері арасында самбо күресінен жарыс өтті, деп мәлімдейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
ШҚО-да ер адам суға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға жекесенбі күні Риддердегі Тихая өзенінде қиыршық тас өндіретін карьердің аумағында болған. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Мемлекет басшысы қорғаныс министріне сөгіс жариялау туралы Өкімге қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа сөгіс жариялау туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Қызылорда облысында V балықшылар слеті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 2015 жылдан бастап дәстүрлі түрде Арал өңірі балықшыларының слеті өткізіліп келеді. Биылғы слет Балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің ресми бекітілуіне арналды. Бұл туралы Қызылорда қаласының ресми сайты хабарлайды.
-
Арыста 1100-ге жуық үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Арыс қаласында нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған. Сондай-ақ, 4362 үйдің құрылыс және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.
-
Елордада «Routes Silk Road 2019» халықаралық форумы өз жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Форум жаңа әуе рейстерін ашуға және дамытуға бағытталған Бас қаладағы Тәуелсіздік сарайында жаңа әуе рейстерін ашуға және дамытуға бағытталған «Routes Silk Road 2019» халықаралық форумы өтіп жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында хабарланды.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді, деп мәлімдейді Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Екібастұздық қолөнер шеберінің бұйымдары француздарды тәнті етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде бес бала тәрбиелеп отырған Гүлперизат Өтебаева шетелге бірнеше тапсырыс жөнелткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Елордада бірнеше маршруттың қозғалысы өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана LRT кейбір маршруттардың қозғалыс схемаларының өзгеруін ескертеді.
-
Алматыда экстремалды жарысқа қатысқан ер адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 13 шілде күні өткен экстремалдық жарысқа қатысушыларының бірі Дәулет Бейсембаев доданың бірінші шақырымында-ақ өзін жайсыз сезінген. Бұл туралы Nomad Race-тің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.
-
Сапарбаев "Қарашығанақ" басшылығын көпбалалы қызметкерлерге көмектесуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" компаниясының бас директоры Эдвин Бломмен кездесу өткізді.
-
Para Powerlifting – 2019. Украиналық спортшы әлемдік рекордты жаңарта алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әйелдер арасында 55 кг және 61 кг дейін салмақ дәрежесі бойынша пара пауэрлифтингтен әлем чемпиондары анықталды.
-
Алматының жарықсыз қалуына байланысты әкімдік түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда сағат 14.30 шамасында жаппай жарық өшті. Осыған қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлады Zakon.kz.
-
Сенбі-жексенбі күндері 22 адам суға кетіп қаза болды – Владимир Беккер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер өткен аптада еліміз бойынша 61 адам суға батып кеткенін айтты.
-
Депутаттар Рудный мен Щучинсктің әлеуметтік даму мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары М.Магеррамов және Н.Микаелян Қостанай облысының Рудный қаласында сайлаушылармен кездесуде, деп жазды Мәжілістің баспасөз қызметі.
-
Елордада құқық бұзатын жастарды оңалту орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Елордада «Заң үстемдігі және Қазақстандағы жас құқық бұзушыларды оңалту» жобасының аясында жас құқық бұзушыларды оңалту орталығы ашылды. 200 құқық бұзған жас азамат орталықта кешенді оңалту бағдарламасынан өтетін болады.
-
Қарағанды облысында жас дәрігерлерді тарту үшін ерекше әдіс қолданылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жас дәрігерлерді тартудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Қызылордалықтар медициналық сақтандыру қорына 5,3 млрд теңге аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада маусым айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 273,3 млн теңгеге жетті. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.
-
Алакөлге бара жатқан жолаушылар автобусы аударылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы-Өскемен тасжолымен келе жатқан, 47 жолаушысы бар автобус аударылып қалды, деп хабарлады Алтайньюс.
-
«Бақытты бала» жеңімпазы Димаштың концертінде ән шырқайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл «Baqytty bala» ІІ ашық фестиваль конкурсының бас жүлдесін бір емес, екі бала жеңіп алды.
-
Тоқаев меморгандарға: Әлеуметтік желі жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде әлеуметтік желідегі жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
-
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында экономика өсімі 4,1% құрады – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан экономикасының өсу қарқынының 2,9%-дан 4,1%-ға дейін үдеуі атап өтілді.
-
Мартон Эппель биылғы маусымдағы алғашқы хет-триктің авторы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының 18-турында Шымкенттің «Ордабасы» командасы мен Қостанайдың «Тобылы» тең түсті.
-
Отандық дзюдошы: Қолда тұрған алтыннан айырылып қалдым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Будапештте аяқталған Гран-при турнирінің күміс жүлдегері Елдос Жұмақанов Olympic.kz сайтына сұхбат берді.
-
Қызылордада үздік тауар өндірушілер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада облыс әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары – 2019» өңірлік көрме-байқауы өтті.
-
Нұр-Сұлтаннан Алматыға бір реттік қосымша пойыздар қатынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыға Нұр-Сұлтаннан бір реттік қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
-
«Зов предков-2019» халықаралық автошеруі Атырау қаласына келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Солтүстік жəне Оңтүстік Кореяны қосқанда жеті елге баратын халықаралық автошеру Атырау қаласына келіп жетті.
-
«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Ресейден жүлделі оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мұзбалақ» анимациялық фильмі Ресейде өткен кинофестивальде қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды.
-
Енді вице-министрлер "Болашақпен" оқи алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігіне «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың талаптарына өзгеріс енгізуді тапсырды.
-
Өздеріңізді князьдік басшысы ретінде ұстайсыздар - Тоқаев әкімдерге ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
-
Шығынын өтей алмайтын жоба Үкіметке жүктеме болады – Тоқаев LRT туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы LRT жобасының Үкіметке қосымша жүктеме болатынын мәлімдеді.
-
Қазақстанда «Зерен-2019» жастар жазғы лагерінің екінші маусымы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13-21 шілде аралығында Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Моңғолия және Қытай елдерінен жиналған 200 жас дарынды қатысушылар тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен өз жобаларын дайындап, ұсынады.
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Бизнеске кедергі келтіретін шенеуніктер түрмеге түседі – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында тиісті заңға өзгерістер енгізуді тапсырды.
-
Kazakh Invest-тің басқарма төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Директорлар кеңесінің шешімімен Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ноғаев президентке «Теңіздегі» жағдайды баяндады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтан «Теңіз» кен орнында болған қақтығыстан кейінгі жағдайды реттеу барысын сұрады.
-
Тоқаев Арыстағы әскери қойманы көшіру жұмыстарын тезірек аяқтауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
-
Ақмола облысында ірі қара малдың аса қауіпті ауруы бойынша тренинг өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының Целиноград ауданы, Жалынды ауылында аса қауіпті аурулар тізіміндегі мүйізді ірі қара малының нодулярлы дерматиті ауруының алдын алу және күресу бойынша симулятивтік тренинг ұйымдастырылды.
-
«Есть!»: Ермекбаев сөгісті қабыл алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Арыстағы жарылыстың салдары өте ауыр және қайғылы жағдайға кінәлі тұлғаларды жазалау керектігін айтты.
-
Тұрғын үй проблемасы Үкіметтің тұрақты бақылауында болуы керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
-
Тоқаев Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қазіргі уақытта өзі басқарып отырған ведомствоның және Арыс қаласындағы әскери жарылыстан кейінгі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
-
Қазақстанда жаңа білім бағдарламасы қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін «2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама» бекітіледі.
-
Триатлон кезінде Қарағандыда жолдар жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 20 және 21 шілде күндері триатлоннан Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтеді. Бұл т уралы Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында хабарланды.
-
Досаев президентке халықтың несие қарызын қайтару жұмыстары туралы баяндады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев несиесін төлей алмай жүрген тұрғындардың несиесін мемлекет тарапынан өтеу жұмыстары қашан аяқталатынын мәлімдеді.
-
Димаштың келесі концерті қашан болатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санкт-Петербургте Димаш Құдайбергенің жеке концерті болады. Бұл ақпарат әншінің фан-клубының "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланды.
-
Павлодар облысында полиция қызметкері студенттерді суға батудан құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық жағажайда суға батып кете жаздаған аудандық аграрлық-техникалық колледждің студенттеріне ішкі істер бөлімі полициясының аға лейтенанты Ғалымбек Жұмабаев дер кезінде көмек көрсете білді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің алғашқы отырысы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
-
Зеленскийдің кортежі балалар автобусымен соқтығысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі балалар мінген автобустар колоннасына соғылды. Бұл туралы Almaty.tv жазды.
-
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да жаңбыр, найзағай, бұршақ күтілсе, еліміздің басқа өңірлерінде күн ыстық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Профессионалдар. Десантшы
Талдықорған, BAQ.KZ тілшісі. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қорғаныс министрлігінің Талдықорған қаласында орналасқан 18404 әскери бөлімінің әуе-десант кешенімен танысты.
-
Үстіне футбол қақпасы құлап, қаза болған бала Әзербайжанда жерленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 жастағы Намик Шириновті туған жері Әзербайжанда жерлейді, деп хабарлады "Костанайские новости".
-
Арыста түнде де құрылыс жұмыстары жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Жалпы, қалада 8401 үй тіркелсе, оның 7097-сі зақымдалған.
-
Baqytty bala байқауы арқылы нағыз таланттарды әлемге танытатын боламыз – әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 шілдеде, жексенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Baqytty bala» екінші балалар ашық вокалдық фестиваль-байқауының қазылар алқасымен кездесті, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Арыстық 50 бала Мақтааралда демалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес атқарылып жатыр.
-
Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп хабарлады Қазгидромет РМК.
Наверх