Бизнеске кедергі келтіретін шенеуніктер түрмеге түседі – Тоқаев

15 Шілде 2019, 12:59
1921
Бөлісу:
Бизнеске кедергі келтіретін шенеуніктер түрмеге түседі – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында тиісті заңға өзгерістер енгізуді тапсырды.

"Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет. Мемлекеттік органдар мен олардың өкілдерінің бизнеске нұқсан келтіру әрекеттерін криминализациялау керек деп есептеймін. Заң бойынша қатаң шаралар қарастыру қажет. Бұл қылмыстық айыптау болуы да мүмкін. Бірқатар елде осындай тәжірибе бар. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін шенеуніктер түрмеге түседі. Үкіметке заңға өзгерістер енгізуді тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атап өтсек, елордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы