Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады

15 Шілде 2019, 09:58
1174
Бөлісу:
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да жаңбыр, найзағай, бұршақ күтілсе, еліміздің басқа өңірлерінде күн ыстық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

"Күндіз 15, 16 шілдеде Ақмола облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 16 шілдеде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - делінген хабарламада.

15 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 43°С қатты ыстық күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.

Күндіз 15-16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 37 градус күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Ал 15 шілдеде Батыс Қазақстан облысының түнде кей жерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Тәулік бойы солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. 

Орал қаласында 15 шілдеде түнде найзағай күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.


Өзгелердің жаңалығы