Жамбылдық полицейлер арасында самбодан сайыс өтті

15 Шілде 2019, 21:13
1462
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер арасында самбодан сайыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысының Полиция департаменті қызметкерлері арасында самбо күресінен жарыс өтті, деп мәлімдейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жарысқа аудандық полиция бөлімдері мен Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінен құралған 15 команда қатысты.

Тартысты өткен сайыста арнайы бөліністер арасында командалық 1-орынды Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы командасы жеңіп алса, 2-орынды МКҚБ командасы, ал 3-орынды Оқу-жаттығу взводының командасы иеленді.

Аудандық полиция бөлімдері арасында командалық 1-орынға Тараз қаласының 1-ПБ, 2-орынға Талас АПБ, 3-орынға Тараз қаласының Полиция басқармасы ие болды.

Осылайша, Жамбыл облысының құрама командасына қабылданған полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы тамыздың 15-18 күндері аралығында Талдықорған қаласында өтетін ҚР ІІМ чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.

Біз де әріптестерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы республикалық жарыста жеңіспен оралуларын тілейміз!

Өзгелердің жаңалығы