Депутаттар Рудный мен Щучинсктің әлеуметтік даму мәселелерін талқылады

15 Шілде 2019, 17:11
1922
Бөлісу:
Депутаттар Рудный мен Щучинсктің әлеуметтік даму мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары М.Магеррамов және Н.Микаелян Қостанай облысының Рудный қаласында сайлаушылармен кездесуде, деп жазды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Депутаттар әкімдікте прокуратура, сот, полиция, өрт сөндірушілер мен басқа да салалар өкілдерімен кездесіп, облыстың әлеуметтік нысандарын аралап, этномәдени орталықтарға барды.

Осы күні Мәжіліс депутаты Т. Сыздықов арнайы әлеуметтік қызметтер сапасына байланысты Ақмола облысының Бурабай ауданында кездесу өткізді.

Щучинск қаласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер орталығына барған депутат ондағы қызмет көрсету сапасымен, жабдықтармен және қызметкерлері мен келушілермен танысты.

Сондай-ақ, депутат орталықтан қызмет алушы мүгедектер мен қарттармен кездесіп, олардың өмірі мен тұрмысы туралы сұрады.

Орталық ұжымы биылдан бастап қызметкерлердің жалақысы ұлғайтылғанын айтып, бірқатар мәселелерді атап өтті. Олар ұжымдағы медбикелер мен күтушілердің емделу жәрдемақысын алмайтыны. Осыған байланысты, мәжілісмен құзіретті органдардың назарын аудару үшін қолдан келгенше жағдай жасайтынын жеткізді.

Одан әрі депутат Т. Сыздықов Көкшетау тігін фабрикасының қызметкерлерімен кездесіп, заманауи технологиямен, цифрлы жүйемен жабдықталған зауыт жұмысымен танысты. Зауыт қызметкерлері әлемдік деңгейдегі киімдерді тігуге қабілетті екендіктерін айтып, дегенмен білікті мамандардың жетіспеушілігінен, компания клиенттерді жоғалтатынына тоқталды.

Зауыт ұжымымен кездескеннен кейін депутат компания басшылығымен бұл мәселенінің шешу нұсқаларын талдап, оған Үкіметке ұсынуға болатын ұсыныстарын ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы