Все новости за 6 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ШҚО ғалымдары МРТ сымдарының сапасын талдамақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстандағы тантал өндірісі жоғары технологиялық құрылғыларды жапондық әріптестермен бірлесе жасауға жол ашты. Бұл жөнінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінде өткен Бақылау кеңесі барысында айтылды.
-
Атырауда 200-ге жуық жас патриоттар клубы жұмыс істейді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Атырау облыстағы әскери-патриоттық клубтардың «Саптық көрінісі» өтті. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 74 және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 24 жылдығына арналған шараға облыстық және қалалық білім беру басқармасы мен Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері қатысты.
-
«ҚазМұнайГаз» компаниясының қызметкерлері ардагерлерге құрмет көрсетті
«ҚазМұнайГаз» компаниясының қызметкерлері 9 мамыр – Жеңіс кұні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында тұратын ардагерлерді құттықтап, сый-сияпат жасады.
-
Ертіс өңіріндегі әскери бөлімде «Отан қорғаушылары» патриоттық шарасы өтті
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы «Шығыс» аймақтақ қолбасшылығының 5512 әскери бөлімінде өткен «Отан қорғаушылары» патриоттық акциясы шеңберінде қызмет барысында үздік атанған әскерилер марапаттарға ие болды. Төл мерекеге орайластырылған шара барысында 40-тан астам Отан қорғаушының еңбегі еленді.
-
Баланың мәйіті табылғаны туралы жалған ақпарат таратқандар ұсталды
Алматы облысы, BAQ.KZ. Талдықорған қаласының екі тұрғыны оқушының өлімі және балалардың ұрлануы туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен ұсталды.
-
Жол-көлік оқиғаларының алдын алуды күшейту керек
Тараз, BAQ.KZ тілішісі. Жамбыл облысында жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуі жүргізушілердің жол ережесін сақтамауынан. Олардың көбісі жылдамдықты мөлшерден тыс арттырып, жол белгілеріне қарамайтыны байқалып отыр.
-
Шымкентте «Аманат» азаматтық платформасы мүшелерінің кездесуі өтті
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте «Аманат» азаматтық платформасының отырысы өтті. Аталған тұғырнаманың белсенді жұмыс істеуіне Шымкенттегі қоғамдық ұйымдар да белсенділік танытып отыр.
-
Халық қалаулылары Бәйдібек ауданының жастарымен кездесті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Байділдә Жылқышиев, Мұхтар Ерман және Шавхат Өтемісов іссапармен Түркістан облысының Бәйдібек ауданына барды.
-
Биыл 1020 адам шағын несиемен қамтылады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде шағын несие беру бағыты азаматтардың айрықша қызығушылығын туығызып, ертеңге деген сенімдерін еселеуде.
-
Елордада 100 мыңнан аса Жеңіс лентасы таратылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада екінші дүниежүзілік соғысы жылдары туралы естеліктерді сақтауға арналған «Жеңіс лентасы» атты шара өтіп жатыр.
-
8 жасар шахматшы Түркиядағы Әлем чемпионатынан жеңіспен оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай көрсеткішке Маңғыстау қаласы алғаш рет қол жеткізіп отыр. Бұл туралы облыстық Өңірлік Коммуникациялар алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Бисенкұлов Жамбыл мәлімдеді.
-
Әбдіқалықова әйелдер мен балаларды қорғау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ажырасулардың, алимент төлемеудің, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері туралы кеңейтілген кеңес өтті.
-
Тәртіп сақшысы Азия чемпионы атанды
Алматы облысы, BAQ.KZ. Тай елінің астанасы Бангкок қаласында ММА ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионаты өтіп, облыстық Полиция департаменті қызметкері полиция аға лейтенанты Мади Досмұхаметов чемпион атанды.
-
Елордада суда серуендеу маусымы қашан басталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теплоходтармен суда серуендеу маусымын ашу 20 мамырға жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Ақтөбелік Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақтөбе қаласында орналасқан №6655 әскери бөлімінің клубында, Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.
-
Назарбаев пен Тоқаев Путинге көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жасөспірімдер УЕФА-ның «Даму» кубогіне қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Беларусь астанасы Минскі қаласында өткен УЕФА-ның «Даму» кубогіне қатысты.
-
Шымкентте әскери қызметкерлерге пәтер берілді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери қызметкерлер баспаналы болды. Осы күні 30-дан астам әскери қызметкерге Тұран шағынауданынан салынған көпқабатты үйлерден пәтер кілті берілді.
-
Қара майор туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Ауған соғысының аты аңызға айналған ардагері Қара майор – Борис Керімбаев туралы деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
-
Тоқаевтың қолынан бүгін кім марапат алды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында бірқатар азаматқа арнаулы әскери атақ, мемлекеттік награда табыстады. Марапатталғандардың толық тізімі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
-
Тарихшылар қазақтардың ІІ дүниежүзілік соғыстағы ерлігінің себептерін атады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өткен конференция барысында тарихшы Салтанат Асанова ІІ дүниежүзілік соғыста қазақтар неліктен аянбай ерлік көрсетті деген сұраққа жауап берді.
-
Президент сайлауы – 2019: ОСК-ға 45 халықаралық байқаушы аккредиттелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында бақылау жасайтын халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу жөнінде қаулы қабылдады.
-
Қарағанды облысында Нүркен Əбдіровтың 100 жылдығы атап өтілуде
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсетіп, қаһармандықпен қаза тапқан қазақтың батыр ұлы Нүркен Əбдіров 1919 жылы Қарағанды облысының, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
-
Қызылордалық көпбалалы ана киіз басып, текемет тоқиды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Киіз басып, текемет тоқитын қызылордалық шебер Салтанат Қисықова мемлекеттік қолдауды пайдаланып, кәсіп ашты.
-
Әскерилер үшін жаңартылған тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғын капитан Әмина Әшенова «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жаңартылған бағдарламасының арқасында өзінің үш бөлмелі пәтеріне қол жеткізді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда 38 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәтерлер "Саялы-1" ықшамауданын берілді. Бұл туралы Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы хабарлады.
-
Мәжілісмендер балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абзал Ералиев, Наталья Жұмаділдаева, Балайым Кесебаева және Нұржан Әлтаев жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды аралады.
-
Қазақстанда құрылған 106-шы атты әскер Харьков түбінде түгелдей қаза тапқан – тарихшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 1941 жылы соғыс басталғанда Кеңес одағының құрамында 6 млн 303 мың әскер бар болса, соның 3 млн 300 мыңы Еуропалық бөлігінде болды.
-
«Астана» алғаш рет ұтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының 9-туры артта қалды. Бұл жолы «Астана» мен «Қайрат» секілді қазақ футболының көшбасшылары да ұпай жоғалтты.
-
Петерборда Әлия Молдағұловаға ескерткіш ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Санкт-Петербургте қазақ халқының мақтанышы, Кеңес Одағының батыры, снайпер қыз Әлия Молдағұловаға ескерткіш ашылды.
-
ШҚО-да әр ардагерге жарты млн теңгеден астам төлемақы табысталады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл ШҚО-дағы 202 ҰОС ардагеріне облыстық бюджеттен 542 875 теңгеден төлемақы жасалмақ. Бұл жөнінде облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев хабарлады.
-
Шымкентте "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімдігі "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді аудан әкімдіктерінде кабылдау басталғаны туралы хабарлады.
-
Мәжіліс депутаттары: Жалпы ауыл халқының жағдайы қанағаттанарлық
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының орталығына жұмыс сапарымен мәжіліс депутаттары келді. Бейбіт Мамраев, Асылбек Смағұлов, Қанат Мусин және Снежанна Имашевалар Ақтөбе хром қосындылары зауытының ұжымымен кездесті. Депутаттар ауыл-аймақты аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты.
-
Көкшетаулық оқушылар сап түзеуден жарысты
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында мектеп оқушылары арасында сап түзеуден байқау өтті.
-
Кәсіпкерлерді несиелеуде талондық жүйенің артықшылығы көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 1 қаңтардан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ клиенттерге қызмет көрсетудің талондық жүйесін енгізген болатын.
-
ШҚО-да паром өткелі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұқтырма суқоймасындағы Васильев өткелінде қозғалыс ашылды. Екі ауданның арасындағы паром қатынауы қыс мезгілінен кейін қайта іске қосылып отыр. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Павлодарда 5512 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай өткен шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.
-
Фашизмнің не екенін білмейтін ұрпақ өсіп келе жатыр – саясаттанушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Балалар қазір Ұлы Отан соғысы туралы кітапты оқымайды, интернетте жазылған нәрселерді ғана қабылдап жатыр.
-
Мамин «Шереметьево» әуежайындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевке Мәскеу қаласындағы «Шереметьево» әуежайына ұшақтың апатты қонуы салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Отан қорғаушылар күні қарсаңында полицейлер марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 74 жыл толу мерекелеріне орай, сондай-ақ жеке құрамды патриоттық тәрбиелеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ-да мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
-
Дүниежүзілік демікпеге қарсы күрес күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демікпе ауыр инфекциялық аурулардың қатарына жатады және жүрек ауруларынан, инсульттан, обыр мен диабеттен кейін бесінші орында тұр. Бұл туралы «Аман-Саулық» қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлайды.
-
ШҚО-да ірі жүк көліктерінің жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүруіне тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да ауыр салмақты жүк көліктерінің жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүруіне тыйым салынды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды
Форум қонақтары арасында Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және тағы басқалар бар.
-
2020 жылдан бастап көпбалалы отбасылар үшін жаңа салық жеңілдіктері енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдан бастап көп балалы отбасының ата-аналарының біріне әрбір ай сайын 23АЕК, отбасының әрбір ата-анасы үшін 12 АЕК салықтық шегерімдер беріледі, бірақ ата-аналардың екеуі үшін 282 АЕК-ден аспайтын мөлшерде белгіленген күнтізбелік жыл үшін жиынтық салық шегерімдері қарастырылған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бақытбек Смағұл: Әруаққа тағзымды саяси ойынға айналдыруға болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде «Батырларға тағзым» шеруі жыл сайын болады. 9 мамыр мерекесі жақындаған кезде түрлі көзқарас, түрлі ұстанымдардың тартысы болып жүр.
-
Кәсіпкер көпбалалы отбасыларға 105 пәтер тұрғызып берген – Вице-премьер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік іс-шаралар жұмысын түсіндіруге байланысты аймақтарды аралағанын айтты.
-
Сәуір айында 9,5 млрд теңгеден астам сақтандыру жарнасы түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы сәуір айында Медициналық сақтандыру қорына аударылған жарна мөлшері 9,5 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Әлеуметтік көмек шалғайдағы ауыл халқын қамтуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектен Қарағанды облысының орталығынан шалғайда жатқан ауыл тұрғындары да шет қалмауда. Ақтоғай ауданында мамандар үйді-үйді аралап, аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдауына шақырып, әлеуметтік көмек жайында халықты ақпараттандыруды жалғастыруда.
-
Соңғы кандидат тіркелді. Әміржан Қосанов сайлауға түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы "Ұлт тағдыры" қозғалысы қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде тіркеді.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау қызметкерлерін марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында құқық қорғау қызметкерлеріне мемлекеттік награда табыстады. Марапатталғандар қатарында қарттар мен балаларды судан және өрттен аман алып қалған бейбіт күннің батырлары да бар.
-
Мұқтаждық пен масылдықты ажырата білуіміз керек – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті билік өкілдерімен бірігіп, әрбір отбасының әлеуметтік картасын жасап жатыр.
-
Ахметбеков өткен сайлаудағы технологияларды пайдаланбайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясында ресми түрде президенттікке кандидат ретінде тіркелген Жамбыл Ахметбеков қол жинау процесі қалай жүргенін баяндап берді.
-
Ортақ құндылықтарымызды жаңғырту жалғаса береді – этно-мәдени орталық төрағасы
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Өзбекстандағы Қазақстан жылы 15 сәуір күні ресми түрде бастау алғаны мәлім.
-
500 млрд теңгеге 58 мың отбасы үймен қамтылады – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бұл бағытта жергілікті басқару органдары жақсы қолдау көрсетіп жатыр.
-
Ақтөбеде балалар арасында аллергия өршіп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік дәрігерлер аллергиямен емделіп жүргендердің жасарып бара жатқанына алаңдап отыр. Балалар ауруханасында өткен шараға осы дертпен жиі шағым айтып келетін ата-аналар шақырылған. Аллергияны тұмаумен шатастырып алғандар ауруын асқындырып алған. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Павлодарда 500 жас патриот облыстық сап түзеу және әндер байқауына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласының орталық алаңында қала мен аудан оқушылары арасында Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне арналған VI облыстық сап түзеу және әндер байқауы өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Қазір 160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген 10 мың отбасыға тағайындалған жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі еліміздегі жаңа әлеуметтік саясатқа байланысты аймақтарға жасалған сапар қорытындысы бойынша брифинг барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.
-
Министр SCAT ұшағының неліктен апатты жағдайда қонғанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 3 мамырда SCAT әуе компаниясының ұшағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонған болатын. Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі Роман Скляр осыған қатысты пікір білдірді.
-
ОСК Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді.
-
Президенттікке кандидат қол жинау туралы: Ешкім 100% дәлелдеген жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Ауыл" партиясы атынан ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркелген Төлеутай Рахымбеков Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте қол жинау процесі қалай жүргенін айтып берді.
-
«Ұмытылған қаһармандар» - ұмытылмас ерлерге тағзым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Екінші дүниежүзілік соғысында ерлігімен көзге түсіп, жоғары наградаларға ұсынылғанымен түрлі себептерге байланысты тиісті марапатына қол жеткізе алмаған батырлар аз емес.
-
Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Үкімет мүшелеріне бірқатар тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің айтуынша, қазір елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 3 трлн теңгеге жуық сомада 1300 жоба іске асырылуда және әзірленуде.
-
Жамбыл облысында құны 40 млн теңге тұратын аллея ашылды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған «Туған жер» бағдарламасы аясында игі істер атқарылуда. Жамбыл облысында Сарысу ауданының құрметті азаматтарына арналған аллея ашылды.
-
Президент сайлауы – 2019: Төлеутай Рахымбеков кандидат ретінде тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы Төлеутай Рахымбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді.
-
Жеңіс Қасымбек мемлекеттік-жекешелік әріптестікті тежейтін проблемаларды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек бүгін Үкімет отырсында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуды тежейтін бірнеше мәселені айтып берді.
-
Шереметьевода қаза болғандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы апаттан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталып жатыр. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
-
Бес жасқа дейінгі балаларды цифрлы гаджеттерден қорғаңыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы дені сау болуы үшін 5 жасқа дейінгі бала қандай әрекеттерден аулақ болуы керектігі туралы айтты.
-
Жыл соңына дейін 18 мектептің құрылысы аяқталады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты.
-
Бюджеттен инвестициялық шығын талап етпейтін жобаларды іске асыру керек – Смайылов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстан Республикасының қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік-жекешелік әріптестік бюджеттен тыс есебінен экономикаға инвестиция тартуды кеңейтетінін атап өтті.
-
Жамбыл облысында жаңа мешіт ел игілігіне берілді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында қасиетті Рамазан айы қарсаңында жаңа мешіт ашылды. Сарысу ауданындағы Ұ.Сыздықбайұлы ауылында ел игілігіне берілген құлшылық орнының іргесін қалауға Сағдат Айнабековпен қатар, жергілікті жас кәсіпкерлер септескен.
-
Қазақстанда 11 мың шақырым жолды ақылы жүйеге ауыстыру жоспарланған – Скляр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында іске асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.
-
Қарағандыда жаңа саябақ пайда болды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының «Достық үйінің» маңында 100 шырша, қарағай, терек пен алма ағашы отырғызылды. Осылайша, қаланың жаңа орталығында тағы бір «достық саябағы» пайда болды.
-
Екі аяқпен қыз жасауын тігетін Анар Бексұлтанова
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласында тұратын Анар Бексұлтанова екі қолының жоқтығына қарамастан, шағын тігін цехын ашып, қыз жасауын тігуде.
-
Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Қарағандыда сайлаудың ашық өтуін «Аманат» штабы бақылайды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Президент сайлауы қарсаңында Қарағандының қоғамдық бірлестіктері мен белсенді азаматтары өзара бірігіп, «Аманат» азаматтық тұғырнамасын құрды. Азаматтық тұғырнамаға мүше қоғам белсенділері сайлаудың ашық әрі әділ өтуін бақылайтын болады.
-
6 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында жауын-шашын болады.
Наверх