Все новости за 26 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңадан ашылған жұмыс орындары мен тұрғындардың жалақысы – әкімдердің негізгі жетістігі
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласы жұртшылығымен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстанды ел дамуының флагманына теңеп, өңірдің әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде тапсырмалар берді.
-
Атырауда жекешелендіру жүріп жатыр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Атырау облысы бойынша 20-ға жуық мекеме жекешелендіруге жататын нысандардың тізіміне енгізілген.
-
Күлтөбе қалашығы күзде ашылады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан облысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен пресс тур өтті. Министр БАҚ өкілдерін Күлтөбе қалашығында атқарылып жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен таныстырып шықты.
-
Тараздың көп қабатты тұрғын үйлеріне ыстық су қашан беріледі
Тараз қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Таразда ыстық судың көпқабатты үйлерге үзіліспен берілуі, тіпті кей жерлерде мүлдем тоқтатылуы көпшіліктің алаңдаушылығын туғызуда.
-
Президент «Қазцинк» зауытына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысы жұртшылықпен кездесу алдында Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде ашылған археологиялық көрмені аралап көрді.
-
Назарбаева: Адамдар жақсы өзгерістерді күтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты мазмұнмен байыту және жергілікті өзін-өзі басқаруды толыққанды жұмыспен қамтамасыз ету.
-
Полицейлер 49 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23-25 сәуір аралығында Көліктегі полиция департаментінің және оның желілік бөліністерінде республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп мәлімдейді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Павлодарда өзен арқылы Ресейге тасымалданатын жүк көлемі 30%-ға артады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің өзеншілері жаңа маусымға қызу дайындалып жатыр. Қыс бойы флоттың техникасын жөндеп, жұмысын реттеп қойған.
-
«Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» көлік жолы биыл пайдалануға беріледі
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Тоғыз жолдың торабында тұрған өңір әлеуетінің одан әрі артуына бұл жобаның қосар үлесі орасан.
-
Түркістанда әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынуда
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістанда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалық етуімен селекторлық режімде өткен жиында 2019-2020 жылдарға арналған Түркістан қаласын дамытудың кешенді жоспары мен дамуын және Түркістан аймағын 2024 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
-
Еліміздің екі өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер жексенбі күні еліміздің екі өңірінде күшті жел тұрып, қатты жауын-шашын болады деп болжайды.
-
Атырауда "ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" байқауына өтінімдер қабылдануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік басқару жүйесінің үздік өкілдерін анықтау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Елордада АӘК төлене бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда 1648 отбасыға қатысты оң шешім қабылданса, 363 отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Қызылордада «Мемлекеттік тіл – менің тілім» форумы өтті
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қызылорда қаласында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» этнос-жастары форумы өтті. Шара «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР президенттігіне ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға арналды.
-
Тоқаев Абай мен Шәкәрімнің рухына құран бағыштады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жидебай ауылындағы Абайдың мұражай-үйіне және «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешеніне барды.
-
Полицияға заңсыз сақталған 1000-ға жуық атыс қаруы тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жолын кесу мақсатында, 10 сәуірде халықтан заңсыз айналымдағы атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталғаны туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлаған болатын.
-
Бірлестіктегі партияластар: Басты күш – тұрақтылық
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігі» АҚ Nur Otan партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан президенттігіне үміткерді қолдау жиыны өтті.
-
Жамбыл облысында 74 мектептің директорлары шағын кабинеттерге көшті
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында 174 «Адалдық дүкені» ашылды. Олардың 2-еуі университеттерде болса, 7-еуі колледждерде, 160-ы орта мектептерде орналасқан.
-
Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 26 сәуірдегі бұйрығымен Бауыржан Мырзакеров Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның сайты хабарлады.
-
Ақтөбелік іскер әйелдер Елбасының ұсынысын қолдайды
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбелік іскер әйелдер кезектен тыс президент сайлауында дауыс береді. Елбасы президенттікке кандидат ретінде ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайды.
-
Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандарға коттедж беріледі
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжар өңірінде еліміздің оңтүстік аймақтарынан теріскейге қоныс аударушыларға арналған 3 мың коттедж салынбақ. Жаңа баспаналар инфрақұрылымы жақсы дамыған елді-мекендерде бой көтереді. Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
-
Сәдібек Түгел қол жинауға кірісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат Сәдібек Түгелді ҚР Конституциясы мен сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға сай келеді деп шешті.
-
Алма Мырзалимова: ҚХА-ның әр сессиясы – ел өміріндегі елеулі оқиға
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Санаулы күндерден кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтеді.
-
Санитариялық ережелер қайта қарауды талап етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» тамақтану саласында жүрген және азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпкерлерді осы саладағы өзгерістерді бірге талқылауға шақырады, деп мәлімдеді Аtameken.kz.
-
Тек қазақша сөйлеймін - Сәдібек Түгел
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР презденттігіне кандидат Сәдібек Түгел Орталық сайлау комиссиясының кулуарында тек мемлекеттік тілде сөйлейтінін айтты.
-
Алматыда «Бақытты отбасы» аясында 1 мыңнан астам отбасына материалдық көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен жұмыс тобы Алматы қаласында өз жұмысын жалғастырды.
-
Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген 32 адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23-25 сәуір аралығында құқықбұзушылықтың алдын-алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
-
Түркістандағы құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілуі тиіс – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың соңына дейін Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 52 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
-
Өскемендегі оталған қарағайлардың орнына фонтан орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде шабылған қарағайлардың орнына фонтан орнатады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Мұқағалидің екі өлеңін оқыған Дәния Еспаева қазақ тілінен сынақты қалай тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшсі. Лингвистикалық комиссия мүшесі Сейіт Қасқабасов президенттікке кандидат Дәния Еспаеваның қазақ тілінен тапсырған емтихан нәтижесін жариялады.
-
Шығыс Қазақстанда ХҚКО-лар кейбір қызмет түрін үйде көрсетеді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы үш жыл ішінде Шығыс Қазақстандағы ХҚКО-лар 5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанға түрлі мемлекеттік қызметті үйде көрсеткен. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары Азамат Есембұлов хабарлады.
-
Президенттікке кандидат Сәдібек Түгел барлық талапқа сай – ОСК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің құжаттарын қарап шығып, заңнамада қойылған талаптарға сай деп таныды.
-
Бокстан Азия чемпионатынан екі алтын бұйырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
-
Жамбыл облысында «Сервистік әкімдік» ашылды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында «Сервистік әкімдік» өз жұмысын бастады.
-
Президент сайлауы – 2019. Әміржан Қосанов: Билік халықтың даусын тыңдаса деймін
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Қазіргі сайлау көпшіліктің сайлауға деген немқұрайлығын қалыптастырды. Біз содан арылуымыз керек.
-
2019 жылғы Ораза кестесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы рамазан айының бірінші күні 6 мамырда басталады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Тоқаев Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасын аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тараз қаласында көші-қон орталығы таныстырылды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Тараз қаласында көші-қон орталығы ашылды. Қазіргі кезде еліміздің 13 облысында қызмет көрсететін мұндай нысанда еңбек мигранттары республика аумағында жұмыс істеу рұқсатын рәсімдеп, оның уақытын оп-оңай ұзарта алады.
-
"Тұлпардың ізі" фильміне арналған кітап жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. IV Еуразия халықаралық кітап көрме - жәрмеңкесі аясында, кинотанушы ғалым Нәзира Мұқышеваның "Әкім Тарази – кинодраматург "Тұлпардың ізі": Сценарийден фильмге дейін" атты жаңа кітабының тұсауы кесілді.
-
Қарағанды облысында ерекше балаларға арналған орталық ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 1 маусымда Балаларды қорғау күнін атап өту барысында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалы ашылады. Қазақстандық оқушыларға арналған жыл бойғы балалар лагерін «бала арманының аралы» деп атайды.
-
Азия чемпионаты – 2019: Құлахмет чемпион, Сафиуллин күміс жүлдегер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет чемпион атанды.
-
Қостанай облысында 1200 бос жұмыс орны бар
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылы Қостанай өңірінің оқу орындарын «Серпін» бағдарламасымен келген 700 түлек тәмәмдайды. Бұл жөнінде облыстық бос орындар жәрмеңкесінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов айтты.
-
Қарағанды облысының емханаларында Ашық есік күні өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 сәуір күні Қарағанды облысының емханаларында бірыңғай Ашық есік күні өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық қызметі хабарлады.
-
Дәрі емес, қымыз
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары дәрі сияқты түйіршектелген қымыз әзірлеуді қолға алды. Яғни, бір түйір дәріні жарты литр суға араластырғанда, ол жарты литр қымыздың эквивалентіне тең болады.
-
“Ұлт тағдыры” қозғалысы президенттікке Әміржан Қосановтың кандидатурасын ұсынды
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Бүгін Алматыдағы “Қаз жол” қонақ үйінде “Ұлт тағдыры” Қозғалысы” ұлттық-патриоттық бірлестік” қоғамдық бірлестігінің құрылтайы Қазақстан президенттігіне Әміржан Қосановтың кандидатурасы ұсынды.
-
Елорданың көпбалалы отбасылары Nurly Ertis тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің кезегінде «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй есебінде тұрғандарға Екібастұз қаласына көшіп баспаналы болуы үшін Nurly Ertis тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады «Тұрғын үй қоры» КММ-ның Instagram-дағы ресми парақшасы.
-
Астанада заманауи жаңа кітапхана ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық жас оқырмандарға арналған жаңа заманауи кітапхана ашылады.
-
Сәуірдің соңғы демалыс күндері жауын-шашынды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Ақтөбеде жасөспірімдер қылмысы азайды
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында жасөспірімдер қылмысы 25% төмендеді. Аймақтағы полиция департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында жыл басынан бері 10-ға жуық акция мен жедел алдын-алу шарасын өткізді. Тәртіп сақшылары түрлі құқық бұзушылық жасаған 1500-ге жуық жасөспірімді ұстаған.
-
Президент сайлауы – 2019. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар таңдау жасаудан тыс қалмайды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет елде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық орнату міндетін мінсіз атқарып отыр. Демократиялық, зайырлы мемлекетімізде ешкімнің құқы шектелмейді. Мүмкіндігі шектеулі жандар қашанда қоғам өмірінен тыс қалған емес. Олар елдегі саяси науқан – Президент сайлауында да белсенділік танытып, өз таңдауларын жасайды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өткен басқосуда айтылды.
-
«Астананың» жас футболшылары Мадридтегі Чемпиондар лигасының финалын тамашалайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Футбол достық үшін» атты халықаралық әлеуметтік жобаға биыл «Астана» клубы қатысады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәжілісінде «Астана» клубының атқарушы директоры Пол Эшуорт айтты.
-
Ректорлар бәсекеге қабілетті болу керек – депутат
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әр университет бәсекеге қабілеттілігін арттырып, көшке ілеспесе ертең ол өздігінен жойылып кетеді.
-
Ішкі істердегі "бармақ басты, көз қысты" тамырымен жойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1шілдеден бастап ҚР ІІМ тіркеу-емтихан қабылдау бөлінісі жойылып, оның функцияларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорпциясына беру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында айтылды.
-
Алматыда ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселесі қаралды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі Ұлттық статусқа ие университеттегі кафедра меңгерушілері 150 мың теңге жалақы алып жатыр. ЖОО-да оқытушылардың жалақысына қатысты саясатты қайта қарауы керек.
-
Назарбаев қытайлық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Абайды ұлықтағымыз келсе, Құнанбайды ұмытпауымыз керек – Президент
Семей, BAQ.KZ. "Ұлы Абайды ұлықтағанда, оның әкесі – Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет." Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде айтты.
-
Қарағандыда көпбалалы отбасыларға тегін жол жүру қарастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімінің бастамасмен облыстық әкімдік пен мәслихат бірлесіп, көпбалалы отбасыларды қолдау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
«Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастық үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерден де ауқымды жоба – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы «Бір жол, бір белдеу» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу рәсіміне қатысты.
-
Қорғаста 36 дана оқ-дәрісі бар әйел адам қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте шекарашылар «Қорғас» Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында ірі көлемде елімізге енгізілмек болған контрабандалық тауардың, елден шығарылмақ болған дәрілік шөптің жолын кесіп, әйел адамның автокөлігінен 36 дана оқ-дәрі тауып алды.
-
Тоқаев: Семей полигонынан зардап шеккендерге жағдай жасалу керек
Семей, BAQ.KZ. "Полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болуы қажет". Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қалысының зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде айтты.
-
Президент сайлауы – 2019. "Болашақ" түлектері кімді таңдайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Bolashaq» қауымдастығы Nur Otan партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсыну туралы шешімді бірауыздан толық қолдайды.
-
Нұр-Сұлтанда «Koktem fest» байқауы аясында қазақ күресінен турнир ұйымдастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 балуанның қатысуымен қазақ күресінен «Байқоңыр барысы» турнирі ұйымдастырылмақ, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Павлодарлық дихандар көктемгі дала жұмыстарына кірісті
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің дихандары көктемгі дала жұмыстарына кірісті. Биыл егістік алқаптары 1 млн 300 мың гектарға жетпек.
-
Елордадағы субұрқақтар мамырдан бастап іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайта іске қосар алдында мамандар 43 субұрқақ және 45 субұрқақ кешенін тексерістен өткізуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Президент сайлауы – 2019. Коммунистер өз үміткерін ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы «Park Inn» қонақ үйінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының кезектен тыс XIV Съезі өтіп жатыр.
-
Елорда Дүниежүзілік иммундау аптасына қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егу жұмыстары тегін жүргізіледі. Барлық мәселе бойынша тіркелген емханаларға хабарласу қажет, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Нұрсұлтан Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 сәуір күні Бейжіңде ІІ халықаралық ынтымақтастық форумы ашылды. "Бір белдеу, бір жол" форумына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатыр.
-
Ғалымдар көне түркі жазбалары тарихын саралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конференция жұмысына еліміздің барлық өңірінен түркі жазбалар мен жалпы қазақ жазуының дамуы бағытында ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген ғалымдар қатысты.
-
Алматыда Қазақстан ревматологтарының ІІ конгресі өтіп жатыр
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматыда Асқар Сейсенбаевтың есіміне арналған ревматологтардың ІІ конгресі өтіп жатыр.
-
Ғабидолла Әбдірахманов жетістікке жету әдісімен бөлісті
Шымкент, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов мемлекеттік қызметшілерге лекция оқыды.
-
Азия чемпионатында маунтинбайктан команда бас бапкері алтын еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Велоспорттан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы кезекті алтын медалін жеңіп алды. Masters санатындағы жекелей сында маунтинбайктан ұлттық құраманың бас бапкері Александр Дымовских алтыннан алқа тақты, деп жазды Olympic.kz.
-
Румыния елшісі: Павлодар облысы – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар әкімдігінде қала басшылығы мен Румыния елшілігі өкілдерінің кездесуі болды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Ақтөбелік кәсіпкерлер жұмысшыларына үй алып беруге көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Корпоративті» жинақ жүйесін ақтөбелік кәсіпкерлерге таныстырды. Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қарамағында жұмыс істейтін баспанаға мұқтаж отбасыларды қолдап, алғашқы жарна жинауға көмектесуге шақырды. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлады.
-
Өскемендік оқушылар салауатты өмір салтын сақтауға арналған әлеуметтік бейнероликтер түсірді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған шара қорытындыланып, жүлделі орындарға ие болған үш мектептің оқушыларына арнайы сертификаттар табысталды.
-
Ким Чен Ын Ресейден "ерте кетіп" қалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 сәуірде РФ президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Владивостокта келіссөз жүргізді.
-
Милина Третьяк: Еліміз үшін жастар мәселесі – басты назарда
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясына өңірдегі белсенді жастар арасынан делегат ретінде Милина Третьяк қатысқалы отыр. Ол – «Қостанай облыстық украиндар қауымы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының лидері.
-
Орыстілді болашақ заңгерлер қазақ тілін қалай меңгеріп жүр?
Кейбіреулер «Қазақ тілін оқытуға қарағанда, ағылшын тілін үйретуге арналған әдістер көп, қызықты» деп жатады.
Наверх