Ақтөбелік іскер әйелдер Елбасының ұсынысын қолдайды

26 Сәуір 2019, 18:13
2726
Бөлісу:
Ақтөбелік іскер әйелдер Елбасының ұсынысын қолдайды
Фото: автордан

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбелік іскер әйелдер кезектен тыс президент сайлауында дауыс береді. Елбасы президенттікке кандидат ретінде ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайды.  

Ақтөбе облысындағы іскер әйелдер бүгін форум өткізді. ҚР Президенттігіне ұсынылған үміткерді қолдап, сайлауға барады. Нәзік жанды кәсіпкерлер халықты да ақпаратпен сусындатып, бірауыздан сайлауда дауыс беруге шақыратын болды.

«Сайлауға барамын. Ақтөбе қаласындағы қоғамдық кеңестің мүшесімін ғой. Қасымдағы жандарды да, сайлауда дауыс беруге шақырамын. Елбасы салып кеткен жолмен елді әрі қарай дамытатын дұрыс басшы керек. Сайлау - өте маңызды шара. Тәуелсіздік алғанымызға 27 жылдан астам уақыт болды. Бүгінге дейін қаншама өзгерістер орын алып жатыр. Қазақстанды Тұңғыш Президентіміз арқылы өзге мемлекеттер таныды. Қазақтың кім екенін білді. Осы сара жолды жалғастырушы керек», - деді Ақтөбе облыстық мейрамхана және қонақ үй бизнесінің қауымдастығы» қоғамдық ұйымының төрайымы Бану Тілегенова.

Форум ұйымдастырушыларының айтуынша, азаматтық ұстанымды дамытып, тұрғындар арасында отансүйгіштікті арттыру форумның басты мақсаты.

Ақтөбелік іскер әйелдер Елбасының ұсынысын қолдайды

«Біздің мемлекетімізде бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Кәсіпкерлер тәуелсіз елімізбен бірге өсіп келеміз. Сайлау – азаматтардың қызығушылықтарын жеткізетін, мәселелерін шешетін адамды таңдау. Менің ойымша, алдағы сайлау – маңызды конституциялық және патриоттық акт. Кезектен тыс президент сайлау Конституцияның талаптарына сай өткізілгелі отыр. Сайлау елімізді ұлы істермен және оның болашақта орындалуымен біріктіретініне сенімдімін. Барша әйелді сайлауда белсенді болуға шақырамын», - деді Ақтөбе облыстық сұйылтылған газ жеткізушілер қауымдастығының төрайымы Алтынай Мұқанова.



Өзгелердің жаңалығы