Мұқағалидің екі өлеңін оқыған Дәния Еспаева қазақ тілінен сынақты қалай тапсырды

26 Сәуір 2019, 16:48
2728
Бөлісу:
Мұқағалидің екі өлеңін оқыған Дәния Еспаева қазақ тілінен сынақты қалай тапсырды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшсі. Лингвистикалық комиссия мүшесі Сейіт Қасқабасов президенттікке кандидат Дәния Еспаеваның  қазақ тілінен тапсырған емтихан нәтижесін жариялады.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Дәния Еспаеваның кандидатурасын ұсынды. 

Кандидат Дәния Мәдиқызы Еспаева бірінші тапсырмада «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбын, екінші кезеңде Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» кітабын таңдады. Үшінші тапсырмада берілген тақырыпқа 15 минут сөз сөйлеуі керек. Мұнда үміткерге «Қоғам және демократия» тақырыбы берілді. 

"Үміткер емтиханға берілген өз уақытын толық пайдаланды. Жазбаша жұмысында Еспаева тақырыпты жақсы меңгерген, сауатты, терең талдау жасаған. Екінші тапсырмада М. Мақатаевтың екі өлеңін оқыды. Қазақ тілінің нормасына сай сөздерді анық айтып, ойды жеткізе білді. Үшінші тапсырмада «Қоғам және демократия» тақырыбында 15 минут сөйледі. Өзін саяси жағынан, қоғамның хал-ахуалы жағынан сауатты екенін көрсетті», - деді Қасқабасов ОСК қабырғасында өткен брифингте. 

Лингвистикалық комиссия дауыс бере келе, Дәния Еспаева  мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытындыға келді.
Өзгелердің жаңалығы