Все новости за 10 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақмола облысының жас кәсіпкері көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғалжын ауданында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, кәсіпкер, «Мирас-2000» ЖШС директоры Дәлел Жүзбаев көпбалалы әрі жалғызбасты ана Бақытгүл Қауысоваға пәтер сыйлады. Бұл туралы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Елордада қоғамдық көліктің кей бағытына өзгерістер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №28 көшесі арқылы қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
ШҚО-да тәртіп сақшылары қан тапсыру акциясын ұйымдастырды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті қызметкерлерінің арасында «Мен-донормын» атты қан тапсыру акциясы өткізіліп, 50-ден астам тәртіп сақшысы науқас жандарға қолұшын созды.
-
Түркістанның Жетісай ауданында 77 мың гектар жерге егін егіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды.
-
Ақтөбелік ардагерлер сайлауға түгел қатысады
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының ардагерлері 9 маусымда болатын кезектен тыс Президент сайлауына түгел қатысады. Қазір ақсақалдар сайлау науқанының жақсы өтуіне тілекші болып отыр.
-
Түркістанда мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласының «Жеңіс» саябағында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.
-
«Яндекс» үй жануарларын іздейтін сервисті іске қосты
Алматы, BAQ.KZ. «Яндекс» пен Purina компаниялары бірігіп үй жануарларын іздеуге арналған сервисті іске қосты. Бұл туралы Яндекс технологиялық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Аутизмі бар балаларға бейімделген алғашқы шығармашылық жоба іске асырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін аутизмі бар балаларға арналған «Жануарлар карнавалы» атты бейімделген музыкалық-поэтикалық концерт өткізілді. Бейімделген қойылым «Болашақ» Корпоративтік қоры мен «Астана Опера» опера және балет театрымен бірлесіп ұйымдастырылған. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президент сайлауы – 2019. «Nur Otan» партиясы сайлау науқанына тас-түйін дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратына келіп, жиналыс өткізді.
-
Қызылордада робототехникадан облыстық чемпионат өтті
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қызылордада робототехникадан облыстық іріктеу чемпионаты өтті.
-
«Жолда қабылдау» акциясының үш күні ішінде полицейлер 19 мыңға жуық кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі тұрғындармен жұмыс істеуде айтарлықтай өзгерістерді қарастыратын полицияны жаңа жұмыс моделіне көшіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізудеІІМ 5-6 сәуір күндері жалпы республикалық «Жолда қабылдау» жедел акциясын өткізді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Үкіметтік жұмыс тобы Түркістанда көпбалалы аналармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
-
Шығысқазақстандықтар алдағы сайлау науқанына бір адамдай жұмылмақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері алдағы кезектен тыс сайлау науқанына бір адамдай жұмылмақ. Бұл жөнінде бүгін ШҚО Талдау және болжау институты базасында өткізілген «Азаматтық қоғам – демократиялық сайлау» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында айтылды.
-
Жастар арасындағы комикстер байқауының жеңімпаздары анықталды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. «Зорлық-зомбылық экстремизмінің қатерін біл!» сурет байқауының жеңімпаздары анықталды. Аталған байқау 2019 жылдың 15 қаңтарынан 25 ақпаны аралығында «Тағдыр бейнесі» жобасы аясында жасөспірімдер мен жастардың медиасауаттылығын арттыру, жастар арасында зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы тұру мақсатында өткізілді.
-
Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Президент сайлауы – 2019. Демократиялық мәдениеті қалыптасқан мемлекеттің бағыты
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордадағы Қоғамдық келісім орталығының бөлім меңгерушісі, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президенттік сайлау өтетін мерзімді атаған үндеуіне қатысты пікір білдірді.
-
Павлодар облысында ұлттық тағамдар мейрамханасы ашылмақ
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде «Жерұйық» бағдарламасының тұсауы кесілді. Кешенді жоба шеңберінде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында бірнеше бағыт бойынша жұмыстар атқарылмақ.
-
Президент сайлауына қатысатын әр кандидатқа бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президент сайлауы кандидаттарына сайлау алды науқанға қатысуы үшін республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы сомасын атады.
-
Қазақстанның ішкі сауда көлемі 7,2% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың бірінші тоқсанында экономикалық белсенділіктің оң динамикасы сақталып отыр. I тоқсан қорытындысы бойынша ҚР Ішкі сауда көлемі 7,2% өсті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Еліміздің екі өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер ертең Түркістан облысы мен Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты жел тұрып, бұршақ жауады деп болжайды.
-
Имашев ОСК мүшелерінің сайлау кезіндегі қызметтерімен таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Берік Имашев комиссия мүшелерімен таныстырып, олардың кезектен тыс президент сайлауында атқаратын қызметтері туралы айтты.
-
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс Съезі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Көкшетауда 3 мыңнан аса қауіпті ойыншық саудадан алынды
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Ұлт Көшбасшысының ел халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында халықтың денсаулығын қорғау мәселесі айрықша мәнге ие. Көкшетауда қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының мамандары 3 мыңнан аса сапасы күмәнді ойыншықтарды тәркіледі.
-
Сайлау қорытындысы 16 маусымнан кешіктірілмей жарияланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президент сайлауының қорытындысы 16 маусымға дейін жарияланады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.
-
Президенттікке кандидаттар кірістері мен мүлкі туралы анықтама тапсыруы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттікке кандидаттарға ұсынылған тұлғалар өзінің және жұбайының кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны жөнінде кіріс органының анықтамасын тапсыруы тиіс. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.
-
Президент сайлауы: Кандидат 114 мыңнан кем емес қол жинауы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан президенттігіне кандидаттардың кем дегенде 114 мың қол жинауы қажет екенін айтты.
-
Назарбаев «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер кандидаттарға қойылатын талаптар бекітілді.
-
Педиатрия орталығының мамандары күрделі ота жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары туабітті ісікті алу бойынша жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады.
-
Түркістан облысы бойынша 73 медициналық ұйым шартқа отырған
Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына» Түркістан облысы бойынша 73 медициналық ұйым шартқа отырды. Сала мамандары әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі – пациентке бағытталатынын айтты.
-
40 жыл бұрын Қытай кедей ел болды – елші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай 40 жылда бүгінгі жетістігіне жету үшін реформа мен ашық саясатты бастады. Бұл туралы бүгін Ұлттық музейде Қытай реформасы мен ашық саясатының 40 жылдығына орай «Бір белдеу, бір жол» бірлескен қытай-қазақ құрылысындағы жетістіктерге арналған фотокөрменің ашылу салтанатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо айтты.
-
Президенттікке үміткерлер төлеуі тиіс сайлау жарнасы 2 млн 125 мың теңгені құрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттікке кандидаттардың сайлау жарнасы 2 млн 125 мың теңгені құрады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.
-
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттар қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Мерейлі отбасы - 2019» ұлттық конкурсына құжаттар қабылдауда. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Президент сайлауы-2019: Үгіт-насихат 11 мамыр күні басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталған күннің ертеңіне, яғни 11 мамыр күні үгіт-насихат жұмыстары басталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.
-
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Microsoft АТ-академиясы ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Microsoft АТ-академиясының ашылу салтанаты өтті. Салтанатқа Microsoft-тың Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша бас менеджері Анке ден Аудeн және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры, профессор Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы қатысты. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ҚР Президентінің сайлауын қолдау туралы бейнеүндеу
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейнеүндеу әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда, қауымдастық мүшелерінің парақшаларнына және ірі пабликтерде жарияланатын болады, сондай-ақ телеарналарда көрсетілім болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазақстан жастарының конгресі хабарлады.
-
28 сәуірде президент сайлауына үміткерлерді ұсыну аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы 2019 жылдың 28 сәуірінде сағат 18.00-де аяқталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді
-
Тоқаев елорда маңындағы ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы ауылы халқын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы ол Твиттердегі парақшасында жазды.
-
Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан аяқталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы плюс 10°С деңгейінде бес күнтізбелік күн бойы тұрақты болған жағдайда жылы беру аяқталады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Нұр-Сұлтандық полицейлер ант қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық МКҚБ-ның жеке құрамды жазғы киім нысанына көшіру, саптық дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ қызметкерлердің патриоттық сезімін арттыру мақсатында «саптық байқау» өткізілді.
-
Павлодар облысында екпе салудан бас тартқан ата-аналар азайды
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде қызылша аурына қарсы екпе салудан бас тартқан ата-аналар азайып келе жатыр. Себебі, сала мамандары инфекциялық ауруларды алдын алу бойынша тиісті жұмыстарды белсенді жүргізуде.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мектептен өткен адам, президент болуға әбден лайықты – Дулат Исабеков
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мектептен өткен адам. Дипломат та болды, Біріккен Ұлттар Ұйымында да істеді, сондықтан ол кісінің бүгінгі таңдағы ел басқаруға деген әлеуеті мен мүмкіндігі зор. Бұл туралы жазушы, драматург Дулат Исабеков Жазушылар одағында болған жиында айтты.
-
Илья Ильин Қытайдағы Азия чемпионатына қатысатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-28 сәуір аралығына Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді. Аталған додаға қатысатын спортшылардың тізімі анықталды. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
-
Президент сайлауы – 2019. Екі айдың ішінде жаңа есім шығып, елді мойындата қоюы екіталай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс сайлауға қатысты үндеуіне орай өз ойын айтты.
-
Тоқаевтың шетелдік іс-сапарлары сайлауға түсуіне кедергі келтірмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 маусымда өтетін президент сайлауына түсуіне шетелге жасаған іс-сапарлары кедергі болмайды.
-
Нұр-Сұлтанда Емдеу-диагностикалық орталық ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы №2 көпбейінді қалалық аурухана базасында Есіл ауданының жүкті әйелдері мен тұрғындарына арналған Емдеу-диагностикалық орталығы ашылды.
-
Жазушылар одағында сайлауға қатысты кеңейтілген жиын өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Жазушылар одағында еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына қатысты қаламгерлердің кеңейтілген жиыны өтті.
-
Президент сайлауы – 2019. Қазақстанды өзге елмен салыстырудың қажеті жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Аскер Піриев 9 маусымда өтетін кезектен тыс сайлауға қатысты өз пікірін білдірді.
-
Елордада құлақтандыру жүйелері тексеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД хабарлады.
-
Әйелдер сайлауға өзін ұсына ала ма? Мәжіліс төрағасының орынбасары жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына әйелдер де кандидатурасын ұсына алатынын айтты.
-
Президент сайлауы – 2019. Барша халықтың тілейтіні – әділ сайлау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚХА мүшесі, білім меценаты, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызыметкері Бекзат Алтынбеков 2019 жылғы 9 маусымдағы сайлауға қатысты пікір білдірді.
-
Президент сайлауы – 2019. Қазақстан халқы ассамблеясының үндеуі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елордада өткен ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында ассамблея мүшелері 9 маусымда өтетін Президент сайлануына орай Үндеу қабылдады.
-
Жеті үміткер ҚКХП атынан сайлауға түсуге дайын отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан коммунистік халық партиясының» Орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында партия сапынан үміткерлер қатысатынын мәлімдеді.
-
Түркістан облысында жаңа демалыс орны ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Нығматулин ПИК жұмысы туралы: Тұрғындар ақшаның қайда кетіп жатқанын білмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Осы орайда Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ПИК жұмысын сынға алды.
-
Нұр-Сұлтанның әкімдігінде адалдық дүкені ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметкерлер өздеріне қажет тағамды алып, ақшаны арнайы жәшікке салады. Бұл туралы Facebook-тегі өзінің парақшасында қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева хабарлады.
-
Альварес пен Головкин үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) беделді чемпиондық белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz жазды.
-
Түймебаев: Алдағы сайлау елдің әлеуметтік-экономикасы үшін маңызды қадам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елордада өтіп жатқан ҚХА Кеңейтілген отырысында Жансейіт Түймебаев осылай деді.
-
Алматыда полиция қызметкерлерін жарақаттаған күдіктілер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 сәуір күні Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасына өктемдік көрсету фактісі бойынша Т. Есімді азамат арызбен келген. Оның сөзінше, А. есімді азамат жалға алынған автокөліктің өтемақысын кешіктіргені үшін оған қарсы заңбұзушылық әрекеттер жасаған. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шекарадан бір тәулікте 102 млн теңгенің тауары тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Актіленген заңсыз жүктердің 94,5 тоннасы халық тұтынатын тауарлар, 6 тонна 410 килограмы жеміс-жидек және көгеніс өнімдері, деп мәлімдеді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
-
Мұрат Баймұқашев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Президент сайлауы – 2019. Іргелі ел болуға ұмтылыс басты мұратымызға айналуы тиіс
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері ел болуға деген ерен ұмтылыс, айқын мақсаттарға жету жолындағы ауыртпалықты біріге көтеру – елімізде тұрып жатқан көпұлтты тұрғындардың саяси белсенділігін арттырды. «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамды бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына қатысты осындай пікір білдірді.
-
7-20-25. Алматыда тұрғын үй жәрмеңкесі өтеді
Алматы, BAQ.KZ. «7-20-25» талаптарына сай келетін Алматы пәтерлері #expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне қойылады. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы хабарлады.
-
«Green TAL» әлеуметтік шеберханасында «Жас ұста» тегін курсы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Курс аз қамтылған отбасылардан шыққан 14 жастағы балаларға арналған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Президент сайлауы – 2019. Ел болашағын айқындауда жастар белсенді болу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешіміне қатысты «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Атқарушы хатшысы, Дәулет Кәрібек өз пікірін білдірді.
-
ШҚО-да жерасты суларының көтерілуіне тосқауыл қойылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар қызметі тасқын судың алдын алуда гидрограф ғалымдардың көмегін пайдалана бастады. Бұл жөнінде ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім болды.
-
Шекарадан 148 дана киік мүйізін алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан азаматы Қазақстаннан 148 дана киік мүйізін алып өтпек болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президент сайлауы – 2019. Бір адамдай сайлауға қатысайық
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа үндеуіне орай еліміздің түкпір-түкпіріндегі ел азаматтары пікір білдіруде.
-
Франциялық қазақтар: Қазақстанның латын графикасына ауысуы біз үшін қуаныш
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отандастар қоры» КЕАҚ Франциядағы қазақ диаспорасымен кездесті.
-
Президент сайлауы – 2019. Біз дұрыс жолдамыз
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізу жайлы шешіміне байланысты қарағандылық белсенді жастар пікір білдіруде.
-
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сәрсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
-
10 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін еліміздің кей жерінде жел күшейеді.
Наверх