Нұр-Сұлтандық полицейлер ант қабылдады

10 Сәуір 2019, 14:45
4079
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандық полицейлер ант қабылдады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық МКҚБ-ның жеке құрамды жазғы киім нысанына көшіру, саптық дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ қызметкерлердің патриоттық сезімін арттыру мақсатында «саптық байқау» өткізілді.

Нұр-Сұлтандық полицейлер ант қабылдады

Арнайы өткізілген іс-шараға басқарма апараты және саптық бөліністерден құралған қызметкер саптық алаңда бой түзеді. Ашылу салтанатында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды. 

Нұр-Сұлтандық полицейлер ант қабылдады

Іс-шара барысында ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған 15 жас қызметкер ант қабылдады.

Нұр-Сұлтандық полицейлер ант қабылдады

Сондай-ақ, "Құқық қорғау қызметі туралы" ҚР-ның Заңына сәйкес орта басшы құрамның алғашқы және кезекті арнаулы атақтарын беру бойынша қызмет инспекторлары Кәдірқұл Жаннұр Жұмабекұлына, Найманов Дархан Тлеуханұлына полиция лейтенанты және Матаев Айдос Жұмабайұлына полиция аға лейтенанты лауазымы салтанатты түрде табысталды. 

Нұр-Сұлтандық полицейлер ант қабылдады

Жеке құрам жазғы киім нысанымен толық қамтамасыз етілді.

Нұр-Сұлтандық полицейлер ант қабылдады

Саптық байқау қорытындысы бойынша ескертулер анықталған жоқ. 

Нұр-Сұлтандық полицейлер ант қабылдады

Іс-шара соңында мекеме бастығының орынбасары полиция майоры Оралбек Омаров қызметкерлерге ерен еңбек пен зор денсаулық тілеп, ант қабылдаған жас мамандарды антына адал болуға шақырды.

Нұр-Сұлтандық полицейлер ант қабылдады

Өзгелердің жаңалығы