Все новости за 19 ақпан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Биыл «Түркістан – Самарқанд» халықаралық автобус бағыты ашылады
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысында 44 тасымалдаушы 1224 дана автобуспен (шағын автобуспен) жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. Облыстағы тұрақты бағыттар желісі 325 бағыттағы 1090 кестеден тұрады.
-
Ұстаздар білім саласындағы инновациялармен танысты
Астана, BAQ.KZ. Гидропоника, аквапоника, зымыран ғылымы, 3D-модельдеу, үштілділік, кадеттік қозғалыс, робототехника және электромобиль, сұлулық индустриясы мен кейтеринг. Осының бәріне елорданың білім беру ұйымдарында үйретеді.
-
Астанада музей қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курсы өткізіледі
Астана, BAQ.KZ. 26-28 ақпан аралығында «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС халықаралық жаттықтырушылармен бірге музей қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курсын өткізеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Тұрғын үй көмегін онлайн түрде қалай рәсімдеуге болатыны белгілі болды
Астана, BAQ.KZ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қаласында тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық төлемге жұмсалатын шығыстардың жиынтық табысынан 8% асатын отбасына берілетін «тұрғын үй көмегін тағайындау» түрінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
-
Жамбылдық полицейлер жарылғыш заттар тасымалдаған азаматты ұстады
Астана, BAQ.KZ. 15 ақпанда Мойынқұм АПБ ЖПҚ қызметкерлері Жамбыл облысы Полиция департаменті ЖПҚ табиғатты қорғау тобының және ЖҚАЖ қызметкерлерімен бірлесе отырып өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел тас жолының 98-шақырымында Мойынқұм ауылының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Тойота Ландкрузер 80» маркалы автокөлігін тоқтатты.
-
Жыл соңына дейін Астанада шамамен 70 лифт ауыстылады
Астана, BAQ.KZ. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 4910 жеделсатыны тексеруден өткізді. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде 69 лифт құрылғысын ауыстыру қажеттігі анықталды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
-
Еліміздің тағы бір аймағында дауылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялады.
-
Полицейлер Самара-Шымкент тас жолында 260-тан астам адамды құтқарды
Астана, BAQ.KZ. Сыр өңірінің полицейлері көктайғақ салдарынан жол жиегіне шығып кеткен 122 автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетті.
-
Бауыржан Байбек көпбалалы аналармен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бауыржан Байбек көпбалалы аналармен кездесті, олардың барлық сұрағы мен ұсынысын жеке тыңдады, сонымен қатар мегаполистің тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету үшін қалалық деңгейде атқарылатын әлеуметтік шараларды кеңінен түсіндірді.
-
Елорда әкімдігінде «Смарт Астана» қосымшасының жаңа сервистері талқыланды
Астана, BAQ.KZ. Астанада Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында көшелерді жарықтандыруды жақсарту және «Смарт Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Chanel сән үйінің креативті директоры Карл Лагерфельд қайтыс болды
Астана, BAQ.KZ. 86 жасқа қараған шағында әйгілі модельер Карл Лагерфельд Францияда дүниеден озды. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.
-
Мемлекет ақшасына халықтың рухын көтеретін фильмдер түсіруіміз керек –Мұхамедиұлы
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік ақшаға тек қана халықтың намысын, рухын көтеретін фильмдер түсірілу керек екендігін айтты.
-
KASE: Доллар бағамы 376,54 теңгеге жетті
Астана, BAQ.KZ. 18 ақпанда 1 доллар 375,87 теңгені құраған. Қазақстан қор биржасында шетел валютасының күндізгі сауда сессиясы тәмәмдалды, деп хабарланды Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында.
-
Халық латын әліпбиіне өз еркімен көшіп жатыр – министр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада өтіп жатқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Арыстанбек Мұхамедиұлы латын графикасына халықтың еш үгіт-насхатсыз өз еркімен көшіп жатқаныны айтты.
-
«Оскар 2019» жүлдесінің марапаттау рәсімі «Хабар» телеарнасында көрсетіледі
Астана, BAQ.KZ. 26 ақпан күні сағат 22:20-да «Хабар» телеарнасы «Оскар» жүлдесінің 91-марапаттау рәсімін көрсетеді.
-
Биыл Үржар ауылындағы әуежай қайта жөндеуден өткізілуі мүмкін
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы Үржар ауылындағы әуежай қайта жөндеуден өткізіліп, жолаушыларды қабылдау көлемі кеңейе түсуі мүмкін. Бұл жайында ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмәділов хабарлады.
-
Көкшетаулық кәсіпкерлер көпбалалы 40 отбасына көмек көрсетті
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 4 ақпанынан басталған «Жақсылық жаса!» акциясы аясында көкшетаулық кәсіпкерлер тұрмысы нашар отбасыларға 3,5 миллион теңгенің материалдық көмегін көрсетті.
-
Мұхамедиұлы: Түркістанда 18 тарихи аймақ қайта қалпына келтіріледі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.
-
Алматыда ІІІ республикалық студент-ақындар айтысы өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Менің пірім - Сүйінбай» атты ІІІ республикалық студент-ақындар айтысы өтіп жатыр.
-
Қыздар университетінде «Туған жерге тағзым» жобасы басталды
Астана, BAQ.KZ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Туған жерге тағзым» атты жоба бастау алды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
-
Ресейде білім алған жастар Қызылордадағы ірі кәсіпорындарда жұмыс істеуде
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысынан 520 мектеп түлегі Ресейдің маңдайалды техникалық жоғары оқу орындарында тегін білім алуда. Грант Ресей Федерациясы үкіметінің есебінен.
-
Регбиден Азия федерациясының президенті Қазақстан ҰОК өкілдерімен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Астанада Азия регби федерациясының президенті Хусейн Ага мен Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков және бас директор Нұрлан Нөгербектің қатысуымен маңызды кездесу өтті, деп хабарлады Olympic.kz. Кездесу барысында тараптар әрі қарайғы әріптестік туралы әңгімелесті.
-
Назарбаев «Лукойл» президентін қабылдады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті.
-
БҒМ балабақша тәрбиешісінің дәрежесін бастауыш мұғалімдерінің дәрежесіне дейін жеткізуді көздейді
Астана, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгізудің мәні өте қарапайым.
-
Маңғыстау облысында 2017 жылдан бері аймақтық «Білім үздігі» байқауы өтіп келеді
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен жүзеге асып келе жатқан байқау мақсаты – облыс педагогтары қызметінің беделін арттыру, үздік мұғалімдер мен білім беру ұйымдарын көпшілікке насихаттау, сала мамандарының жеке және кәсіби сапасын көтермелеуге арналған.
-
Жас пианистер «Astana Piano Passion» байқауына қатыса алады
Астана, BAQ.KZ. 12-18 мамыр аралығында Астанада жас пианистердің «Astana Piano Passion» байқауы және V Халықаралық классикалық музыка фестивалі өтеді. Бұл туралы Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.
-
Оразалы емтиханда домбырамен жырлап тұрып жауап беретін – профессор
Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Ауызша ақындық поэзия мен жазба поэзияның көркемдік тұтастығында Оразалы озып тұрды. Бұл туралы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры Темірхан Тебегенов О. Досбосынов атындағы жас айтыс ақындары орталығының ашылуы кезінде айтты.
-
Қарағандыда тұрғын үйлерге улы газ датчигі орнатылуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында «Өрт қауіпсіздігі күні» аясында xалық арасында үгіт-насиxат жұмыстары жүргізіліп, көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты зейнеткерлердің жеке тұрғын үйлерінде улы газ датчигі орнатылды.
-
Сенат комитетінде халықаралық құжаттар қаралды
Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
2018 жылы тұмаумен ауырғандар саны артқан
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Статистика комитеті 2018 жылы Қазақстан халқы қандай сырқаттармен ауырғаны туралы ақпарат таратты.
-
Оразалы орталығының ашылғаны қуанышты жағдай – Нұрлан Оразалин
Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Біз бүгін жалғыз Оразалыны ғана еске алып отырған жоқпыз, бұл Алтай мен Атыраудың арасындағы осы қазақты «қазақ» етіп қалдырған ауыз әдебиетіне көрсетілген үлкен құрмет деп есептеймін.
-
Өзбекстан 100 мың сомдық банкнотты айналымға шығарады
Астана, BAQ.KZ. Өзбестан Орталық банкі 25 ақпаннан бастап 100 мың сомдық банкнотты айналымға шығарады. Жаңа банкнотта ұстаған адамның қолына білініп тұратын белгілері болады.
-
Балқашта өртенген үйден екі баланы көршісі құтқарып қалды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Балқаш қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. Өз өмірін қатерге тіккен ер адам жалын шарпыған пәтерге кіріп, 4-5 жастағы екі баланы құтқарып қалды.
-
Kinder Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады
Астана, BAQ.KZ. Kinder брендімен Ferrero өнімдерін шығаратын италиялық компания «Аксай Айс Арена» компаниясы мен Алматы қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Жанұя» және Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бірқатар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
-
Жеңілдікпен автонесиелеуге 10 млрд теңге бөлінеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөлінетінін айтты.
-
ТҮҚЖБ салымшылары 25 жылға мөлшерлемесі 5% несие ала алады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бөлінетін 28 миллиард теңге бюджеттік несие есебінен салымшылар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 25 жылға жылдық мөлшерлемесі 5%-дық жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне ие болады.
-
Сағынтаев цифрландыруды жүзеге асырудағы олқылықтарды атады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында әріптестеріне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты бірқатар тапсырма берді.
-
«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй бағдарламасына 28 млрд теңге бөледі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов 2019 жылы Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 28 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінетінін мәлімдеді.
-
Жеңіс Қасымбек биыл жолаушылар тасымалдайтын 2000 автобус енгізілетінін айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында 2019 жылы облысаралық және халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын 2 мыңнан астам автобус іске қосылатынын мәлімдеді.
-
Биыл 100-ден астам кәсіпорын цифрландырылады – Қасымбек
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, геология және жер қойнауын пайдалану салаларында атқарылып жатқан жобаларды атады.
-
Биыл бір цифрлық және бес көші-қон ХҚКО ашылады – Абаев
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80% электрондық форматқа көшіріп, 1 цифрлық және 5 көші-қон халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарланып отырғанын айтты.
-
Биыл 1300 елді мекен кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етіледі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында 2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдаралмасының «Цифрлық «Жібек жолын» іске асыру» бағыты бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
-
Дәурен Абаев: Дәрігердің қабылдауында кезек күту екі есе азайды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының «Цифрлық мемлекетке көшу» бағыты аясында жүргізіліп жатқан шараларды атады.
-
Астанада ІІ ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды
Астана, BAQ.KZ. Елордадағы екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.
-
Елімізде 65 миллион гектар жер цифрланды – Абаев
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында 2018 жылы агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру қалай жүргізілгенін айтты.
-
Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыскер ақындар орталығы ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аталған орталықтың салтанатты ашылуы болды.
-
Көлікті және логистиканы цифрландырудан 8 млрд теңге пайда түсті
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгінгі Үкімет отырысында 2018 жылы көлікті және логистиканы цифрландыру аясында атқарылған жұмыстар туралы айтты.
-
2018 жылы «Цифрлық Қазақстанға» бағытталған қаржы 99,8% игерілді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында 2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
-
Бас прокуратура бірнеше қылмыстық топты анықтады
Астана, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасаған бірнеше қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жармалық кәсіпкер ауылдастарына сыйлық жасамақ
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы кәсіпкер биыл ауылдастарына арнап сыйлық жасамақ. Бұған дейін де ауыл тұрғындарына әлеуметтік қолдауын аямаған кәсіпкер игілікті ісін одан әрі жалғастырмақ ниетте. «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының ХХІІ конференциясында сөз алған «Шалабай» ЖШС басшысы Қуаныш Сүлейменов биылғы жоспарларымен бөлісті.
-
Американың 16 штаты Трампқа қарсы шықты
Астана, BAQ.KZ. Америкалық 16 штат АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне қарсы шағымданды. Бұл туралы The New York Times жазды.
-
Маңғыстаулықтардың 56% тұщытылған теңіз суын ішеді
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғындардың қалған бөлігі Астрахань-Маңғышлақ су құбырын және жерасты су көздерін пайдаланып отыр.
-
Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада ашылған Хирургия және флебология орталығында варикозды ауруды заманауи әдіспен диагностика жасайды және емдейді. Әйелдер арасында бұл дерт түрі ер адамдарға қарағанда үш есе жоғары болады.
-
Ақтөбеде ақырғы балалар үйі жабылды
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысында жетім балаларға қатысты мәселелер тиімді шешілуде. Аймақта ағымдағы жылдың қаңтар айында осыдан 10 жыл бұрын 585 бала тұрған жалғыз балалар үйі жабылды.
-
Астанада Қазақстан мен Өзбекстан СІМ арасындағы консультациялар өтеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 25-26 ақпанда Астанада Сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтеді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
-
Бүгін бірнеше облыста жел күшейіп, көктайғақ болады
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің барлық аумағында атмосфералық афронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Осыған байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінің кей жерінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Кей жерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
-
ЕуроОдақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Астанаға келеді
Aстана, BAQ.KZ тілшісі. Aстана, BAQ.KZ тілшісі. 21-22 ақпанда Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Петер Буриан Астанаға сапармен келеді.
Наверх