Бүгін бірнеше облыста жел күшейіп, көктайғақ болады

19 Ақпан 2019, 08:35
2367
Бөлісу:
Бүгін бірнеше облыста жел күшейіп, көктайғақ болады

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің барлық аумағында атмосфералық афронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Осыған байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінің кей жерінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Кей жерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, Ақмола облысында екпіні 25 м/с жетеді. 

Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-23 м/с күшейеді. 

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-22 м/с, Шығыс Қазақстан облысында күндіз екпіні 25 м/с жетеді. 

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы