Все новости за 6 желтоқсан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Алматы гарнизонына жұмыс сапары барысында десанттық-шабуылдау әскерлері әскери бөлімін қауырт оқу-жаттығу дабылы бойынша көтерді, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
iKOMEK жарты миллионнан астам елордалыққа қызмет көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері iKOMEK бірыңғай байланыс орталығына өтініш
беру немесе консультация алу үшін 515 000-нан астам адам қоңырау шалды. Қазстат
деректері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны 2019 жылы 1 078 384 адамды
құраған. Бұл елорда халқының жартысына жуығы iKOMEK-ке жүгінетінін білдіреді,
деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Еліміздің қай өңірінде қонақ үй көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы қонақ үйлер саны бойынша ШҚО, Алматы және Ақмола облыстары көш бастап тұр. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлайды.
-
Елорда әкімдігі бірқатар инвестициялық жобаларды қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың басшылығымен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі өтті.
-
Баланың көлік картасын ата-анасы қадағалау керек – "Астана LRT"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана LRT" ата-аналарға хабарландыру жасады, деп жазды Елорда Инфо.
-
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның үздік шипажайы таңдалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "National Tourism Awards 2019" – туризм саласындағы екінші ұлттық жүлдесінің лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
-
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысын робот таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Antikor ortalyǵy" орталықтары ашылуда. Мұнда азаматтар құқықтық көмек ала алады.
-
Әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам ауданы әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алу күдігіне ілікті.
-
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
Алматы, BAQ. KZ. Осындай тақырыпта Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде имамдардың аймақтық форумы өтіп, оның жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.
-
Үкіметте зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет үйінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Неміс бизнесімен ынтымақтастық орнату жөнінде жұмыс тобы құрылды – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Германияға жасаған ресми сапарының екінші күнгі бағдарламасының аясында неміс компанияларының басшыларымен бірнеше кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 50 процентке өседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мәдениет және спорт министрлігі жанындағы концерттік ұйымдар мен халық шығармашылық орталықтарының көркемдік кеңесі өтті.
-
Биыл 4875 қазақстандық саяси жағдайы тұрақсыз елдерге барған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметі 2018 жылы 18 заңсыз миграция арнасының, ал 2019 жылы 34-інің жолын кескен. Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов ҰҚК-ның Youtube арнасындағы "Сұхбат" бағдарламасында хабарлады.
-
Жыл сайын 1 мыңға жуық ата-ана өз құқығынан айырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын Қазақстанда өз міндетін тиісті деңгейде атқармаған 1 мыңға жуық ата-ана өз құқығынан айырылады. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция басқармасының басшысы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлады Елорда Инфо.
-
Елордада "Қолжетімді дәрігер" жобасы бойынша 51 нысан ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас қалада 2023 жылдың аяғына дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ісін ілгерілету мақсатында "Қолжетімді дәрігер" жобасы аясында 51 нысан ашылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Атырауда 144 отбасы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа пәтерлердің кілтін табыстау шарасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның бұрынғы Федералдық президенті Хорст Кёлермен кездесу барысында тараптар келер жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясына дайындық барысын, Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" жобасы аясындағы ықпалдастық шараларын, сондай-ақ, әлемдегі саяси ахуалды талқылады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Берлин еуразиялық клубы өз маңыздылығын дәлелдегенін атап өтті.
-
Мұндай фактілер бізде ғана емес – Асқар Мырзахметов қыз алып қашуға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде өңірдегі қыз алып қашуға қатысты пікір білдірді.
-
Түркістанда сәулеті ерекше мешіт салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтереді.
-
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің төрайымы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Ұлттық комиссияның отырысы өтті.
-
"Олимп" букмекерлік кеңсесінің жұмысы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
-
Экономиканың барлық саласында оң динамика қалыптасып отыр – Жамбыл облысы әкімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов баспасөз мәжілісін өткізді.
-
"Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және индустриалдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ерте босану, аурулар мен шала туған нәрестелер күтімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайын әлемде 15 миллиондай нәресте шала туылады. Олардың ішінде миллиондай бала дүние есігін ашқаннан кейін физикалық және неврологиялық мүгедектігіне байланысты шетінеп кетеді. Қазақта шала туғандарды "шалабай" атаған. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балалар ерекше күтімді қажет етеді.
-
Ауғанстанда ДАИШ-тің 180 содыры ел билігіне берілді
Алматы, BAQ.KZ. Бейсенбі күні Ауғанстан шығысындағы Нангархар провинциясында ДАИШ содырлары ел билігіне берілді. Бұл туралы осы аймақтың губернаторы Шах Мохаммад Мияхиль мәлімдеді, деп жазды Синхьуа агенттігі.
-
Айғақтарын жасырмақ болған браконьерлер көлігін өртеп жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автокөлік салонында киіктің атып өлтірілген екі төлі, 12 калибрлі екі мылтық, қол ара, бензин канистрі және 12 калибрлі 50 шақты патрон болған.
-
Бензин акцизін өсіру жөніндегі бұйрық әлі күшіне енген жоқ – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бензин акцизін өсіру жөніндегі бұйрық әлі күшіне енген жоқ. Қазір экономика министрлігі сол бұйрықтың жобасын дайындап жатыр. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты.
-
Вольфганг Ишингер Тоқаевты Мюнхен конференциясына қатысуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берлинде ресми сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингермен кездесу өткізді.
-
"Ертең емес, дәл қазір". Дариға Назарбаева маңызды мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенаты 2020 жылдан бастап облыстарды дамыту стратегиялары бойынша Парламенттік тыңдаулар өткізеді. Бұл туралы спикер Дариға Назарбаева айтты.
-
Күн сайын елімізде 15 млн полиэтилен пакет қолданылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күн сайын Қазақстанда шамамен 15 млн полиэтиленді пакет қолданылады. Бұл жылына 5 млрд 475 миллионды құрайды. Ал бір пакеттің ыдырау мерзімі 100 жылға созылады.
-
Бір жылда дебеттік карталар саны 80% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қараша айында елде 27,8 млн төлем картасы тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 55% артық. Өткен 2018 жылдың қазан айында жылдық өсім 10,2%-ды құрады, деп жазады finprom.kz.
-
Сәтбаев қаласында 45 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтбаев қаласында 45 көпбалалы отбасы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша пәтер алды.
-
Қызылордада бірінші аймақтық ІТ форум өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен "Smart Qyzylorda: Аймақтың цифрлық трансформациясы" тақырыбында бірінші облыстық IT форумы өтуде, деп жазады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда "Жастар жылы" қорытындыланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9-12 желтоқсан аралығында "Жастар жылының" жабылуы мен "Волонтерлер жылының" басталуына орай Нұр-Сұлтанда бірқатар іс-шара өтеді.
-
Өскеменде ұлттық тағамдар әзірлеуден сайыс өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс-Қазақстан облысының "Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында" әртүрлі ұлт өкілдерінің тағамдары таныстырылды, деп хабарлады ҚХА сайты.
-
Қазақстандықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарында 750 млрд теңге жинады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2019 жылдың 11 айы ішінде қазақстандықтар 352 137 жаңа депозит ашты.
-
Елордада жаңа отбасылық аула клубы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасынан шыққан балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа "Замандас" отбасылық аула клубы ашылды. Клуб Өндіріс кентінде орналасқан №49 орта мектебінің базасында ашылды.
-
Назарбаева: Жергілікті бюджетке 2 триллионнан астам теңге бөліну жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам субвенция беріледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының спикері Дариға Назарбаева айтты.
-
Головкин тарихтағы үздік боксшылар рейтингіне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беделді Worldboxingnews.net сайты орта салмақта WBC тұжырымының чемпионы болған тарихтағы үздік боксшысын анықтады.
-
Еліміз бойынша 3 жылда 121 мыңнан астам ескі көлік жойылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде ескірген заттарды қайта өңдеу немесе біржолата жою жұмыстары жүргізіліп келе жатқалы біраз уақыт болды.
-
Екінші "Пәтуалар жинағы" жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің XXIV мәжілісінде екінші "Пәтуалар жинағы" кітабының тұсаукесері өтті.
-
Табысы аз отбасы балаларына берілетін көмекке не кіреді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табысы аз отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың құрамы қалыптастырылды.
-
Ұлттық спорт қауымдастығы жыл үздіктерін марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен, "Nur-Otan" партиясының қолдауымен "Қазмедиа" орталығының концерт залында "Алтын Тұғыр-2019" атты ұлттық спорт үздіктерін марапаттау жиыны өтті.
-
Алматыда борышкерлердің көлігі айып тұрағына қойылуда
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда айыппұлдарын төлемеген автокөлік жүргізушілерін анықтауға арналған "Борышкер" шарасы өтіп жатыр.
-
Биыл кәмелетке толмаған балалар 2170 қылмыс жасаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жастарға көрсетілетін жыныстық сипаттағы қылмыстар 2015-2018 жылдар аралығында 40 пайызға төмендеген. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК ювеналды полиция басқармасының бастығы Әсет Оспанов Орталық коммуникация алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтты.
-
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Жастар арасындағы қылмыс жылына 6% төмендеуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2013-2018 жылдар аралығында қылмыс көлемі 3 есеге азайған. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК ювеналды полиция басқармасының бастығы Әсет Оспанов Орталық коммуникация алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтты.
-
Қазақстанның еңбек нарығына 18 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан өңірлерінде еңбек нарығын дамытуға республикалық бюджеттен 18 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ, деп жазады 7kun.kz.
-
Елордада Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
-
Семейде сотталушылардың қашып кеткені рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ОВ-156/15 мекемесінен қаруланған сотталған адамдар қашып кетті деген хабарлама тараған.
-
Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартса, ештеңесіз қаламыз деп қорқады – елші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик Корей түбігендегі ымыраға келу процесінде үш маңызды принципті ұсынды.
-
Дариға Назарбаева жергілікті Мәслихат депутаттарына құлақ асу керектігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда ҚР Парламенті Сенатының спикері Дариға Назарбаева жергілікті депутаттарының пікіріне мән беру керектігін айтты.
-
Физик ғалымның сатиралық шығармалар жинағы шықты
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Алтын адам жазуының шифрын ашқан ғалым, сатирик жазушы Мағрипа Жылқыбаеваның кітабы жарық көрді.
-
Бурабайда "Қансонар-2019" халықаралық турнирі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-13 желтоқсан күндері Бурабай баурайында саятшылардың "Қансонар-2019" халықаралық турнирі өтедi.
-
Алматыда "Құрбан болған тұлғалар" атты көрме өтеді
Алматы, BAQ.KZ. 9 желтоқсанында Алматыда "Құрбан болған тұлғалар" атты көрме өтеді.
-
Қазақстан "ЭКСПО-2020 Дубай" көрмесінің Комиссарлар алқасының басқарушы комитетіне сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ делегациясы Ұлттық компания басқармасы төрағасының орынбасары – ЭКСПО-2020 Дубай Дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан секциясының бас комиссары А. Шәйжүнісовтің басшылығымен 29-30 қараша күндері Дубай қаласында (БАӘ) өткен көрменің IV Халықаралық қатысушылар жиналысына (ХҚЖ) қатысты.
-
Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді.
-
Қуат Хамитовтың қарсыласы Қазақстанда төбелесуден бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық MMA файтері Қуат "Найман" Хамитов компанияның чемпионы Нурулло Алиевпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы айтты
-
Димаш ресейлік музыкалық премияда екі аталым бойынша жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген ресейлік музыкалық "Виктория" премиясында екі аталымда жеңіске жетті.
-
Бизнесмендер Алматыны дамыту жөніндегі ұсыныстарын айтты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнес-қоғамдастықтың мегаполисті дамытуға қатысуы бойынша Іскерлік кеңестің кезекті отырысын өткізді.
-
Тоқаев неміс компаниялары басшыларының алдында сөз сөйледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті неміс компаниялары басшыларының алдында сөз сөйледі.
-
2020 жылдан бастап коммуналдық қызметкерлердің жалақысы көтеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланы санитарлық тазалау бойынша бірыңғай норманы енгізу Нұр-Сұлтан қаласының акселераторында ұсынылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Батыс Қазақстанда қағаз қаптамалар жасайтын кәсіпорын ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрік инвесторлары Орал қаласында қатты қағаз гофрокартоннан қаптамалар жасайтын кәсіпорын ашпақшы. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің солтүстігі мен шығысында қалың қар түсіп, боран соғады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
-
Француздар 64 жасқа дейін еңбек еткісі келмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 желтоқсан Франция үшін "қара бейсенбі" болды. Ел бойынша 245 жерде наразылық акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
-
Солтүстiк Қазақстанда заманауи сүт фермасы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында жаңа сүт фермасы iске қосылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Ақмолада баламалы энергия өндіру бойынша 7 жоба жүзеге асырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында 2023 жылға қарай жаңартылатын көздерден өндірілген энергия үлесі 45%-ға дейін жетеді деп күтілуде.
-
Қорға 9,7 млрд теңге жарна түсті – МӘМС
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2019 жылдың 1-30 қараша аралығында 9,7 млрд теңге түсті.
-
Еліміздегі теміржол тасымалы заң аясында дамып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда ҚР Парламенті Мәжілісінде "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
-
Риддерде су және электр желілері қалпына келтіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Риддер қаласы бойынша республикалық бюджет қаражатының трансферттері есебінен бірқатар жоба іске асырылады.
-
Корея жаңбырдан ішуге жарамды су өндіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда ауа райы өзгеруіне қатысты жобалар форумында ерекше бір қондырғы көрсетілді, деп хабарлайды 24.kz.
-
Павлодарда 11 айда 66 техника өртенген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өртеніп кеткен техникалардың 32-сін қалпына келтіру мүмкін емес, деп хабарланды pavlodarnews.kz сайтында.
-
Атырауда спорттық нысандар көбеюде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының Жылыой ауданындағы екі ауылдық округте спорт кешендерінің және облыс орталығына спорт залдарының құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.
Наверх