Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

6 Желтоқсан 2019, 12:07
3256
Бөлісу:
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда Қазақстан территориясы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады. Фронтардың орнына антициклон келіп республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын тоқтайды, бірақ тұман мен көктайғақ сақталады. 

Биіктегі ауа массаларының ағымы батыс бағытынан болғандықтан, ауа температурасы біраз төмендесе де, орташа көпжылдық мәннен жоғары болып қалады.


Өзгелердің жаңалығы