Баланың көлік картасын ата-анасы қадағалау керек – "Астана LRT"

6 Желтоқсан 2019, 22:03
10231
Бөлісу:
Баланың көлік картасын ата-анасы қадағалау керек – "Астана LRT"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана LRT" ата-аналарға хабарландыру жасады, деп жазды Елорда Инфо. 

Бас қаланың қоғамдық көліктерінде кездесетін сәттердің бірі жолаушылардың жол ақысын төлемеуі, бұл жайт балалар мен жасөспірімдерге де қатысты. 
Қоғамдық көлікті пайдаланатын балалар, жасөпірімдердің ата-анасына, заңды өкілдері мен оларға жауапты тұлғаларға айтарымыз, олардың көліктік картасында ақшаның бар болуын қадағалауын сұраймыз. Көлік картасындағы бірлікті тексерудің түрлі әдіс-тәсілі бар. Себебі кейде оқушылар автобусқа мініп қояды, бірақ не көлік картасында, не қолма-қол ақшасы болмайды. Барлық қоғамдық көлік түрін пайдаланарда біз ол қызметті алдын ала төлейміз, яғни пойызға, ұшаққа билетті алдын ала аламыз. Сол секілді автобусқа міне сала оның ақысын төлеуіміз қажет. Ондай жағдайда жауапкершілік кондуктордың немесе автобус жүргізушісінің мойнында. Олар ақшасыз баланы далада қалдырғысы келмейді, екінші жағынан тәртіпке сәйкес баладан көлік ақысын алуы тиіс. Содан соң қоғамда түсініспеушілік туындап, түрлі оқиғалар орын алып жатады. Сондықтан құрметті ата-аналар, балаларыңызды үйден шығарда ақшасының болуын бақылаңыздар, - деді "Астана LRT" транспорттық бақылау департаментінің директоры Самат Шаймерденов.


Өзгелердің жаңалығы