Дариға Назарбаева жергілікті Мәслихат депутаттарына құлақ асу керектігін айтты

6 Желтоқсан 2019, 11:06
18678
Бөлісу:
Дариға Назарбаева жергілікті Мәслихат депутаттарына құлақ асу керектігін айтты
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда ҚР Парламенті Сенатының спикері Дариға Назарбаева жергілікті депутаттарының пікіріне мән беру керектігін айтты.

Осыдан 25 жыл бұрын бұрын елімізде мәслихаттардың алғашқы сайлау өтті. ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мәслихаттардың тарихы басталды. Бүгінгі конференция - атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығаруға, мәслихат қызметінің перспективалары мен проблемалары туралы айтуға жақсы себеп. Бізге жұмысымыз туралы, халықтың жағдайын жақсарту үшін жасалатын оң қадамдар туралы байсалды, іскерлік әңгіме қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды тұғырнамасында "Азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысу және олардың іске асырылуын бақылау тетіктерін көздейтін жергілікті өзін-өзі басқару органдарын одан әрі дамытуды қолдау" қажеттігін атап өткенін білесіздер.Енді осы бағытта нақты қадамдар жасайтын кез келді, - дейді Дариға Назарбаева.

Оның айтуынша, жергілікті басқару - бұл басқарудың маңызды деңгейі. Әкімшілік реформа оған айтарлықтай өкілеттік берді. 
Дәл осы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары халыққа барынша жақын, олар елдің уайымы мен үмітін жақсы біледі. Менің аймақтарға іс-сапарларым, депутаттармен қарым-қатынас барысы республикалық бюджет, заңнамалық жұмыстар бойынша сіздерде үлкен потенциал бар екенін көрсетті. Республикалық деңгейде шешім қабылдаған кезде де аймақтардың, ең алдымен мәслихат депутаттарының ұстанымдары мен пікірлеріне көбірек назар аудару қажет деп ойлаймын, - деді Сенат спикері.
Өзгелердің жаңалығы