Солтүстiк Қазақстанда заманауи сүт фермасы ашылды

6 Желтоқсан 2019, 07:25
3157
Бөлісу:
Солтүстiк Қазақстанда заманауи сүт фермасы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында жаңа сүт фермасы iске қосылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Жаңа ферманың жұмысымен өңiр басшысы Құмар Ақсақалов танысты. Заманауи ферма соңғы үлгiдегi техникамен жабдықталған. 28 тұрақты жұмыс орны ашылды. Ендi ауыл тұрғындары жыл бойы жұмыспен қамтылады.

Атап өтетін болсақ, биыл өңірде 3 заманауи сүт кешенi iске қосылады. Былтыр төртеу ашылған. 2020 жылы тағы 10 кешеннiң құрылысы басталмақ. Жаңа фермалар сүт өндiрiсiн жылына 20 мың тоннаға көбейтуге мүмкiндiк бередi.

29d067dcefd689adbfa1dd9b2478f108_2208_05122019.jpg

Мал шаруашылығы өте табысты бизнес, әсiресе сүт өндiрiсi. Осы кәсiппен айналысып отырғандар пайдасын көрiп отыр. Қазiр бiз аталмыш фермалардың санын көбейту бойынша шаруалармен тиiстi жұмыстарды жүргiзiп жатырмыз, - дедi Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы