Все новости за 19 қараша 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Әскери қызметшілер дабыл іс-қимылдарын пысықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери бөлімді жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіру алгоритмі Нұр-Сұлтан қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасында көрсетілді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Павлодарда "Бақытты отбасы" бағдарламасымен 95 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталмыш бағдарлама аясында бірінші кезекте мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен көпбалалы және толық емес отбасылар баспана алады.
-
БҚО-да 23 мың адам "Еңбек" бағдарламасына қатысқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 23 346 адам 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды.
-
Алматыда нан қымбаттамайды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда нан бағасын тұрақтандыру қолға алынды.
-
Жамбылда заңсыз жүрген шетелдік азаматтар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау үшін Жамбыл облысының аумағында "Кашара" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп жазады облыстық Полиция департаментіның баспасөз қызметі.
-
Түркия Сирия аумағындағы әскери операцияны қайта бастамақ
Алматы, BAQ.KZ. Түркия Сирия аумағындағы әскери операцияны қайтадан бастайды, өйткені Ресей қол жеткізілген келісімдерді орындамай отыр деп есептейді.
-
Шымкенттегі жол сапасы бақылауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сапалы жол – Адалдық алаңы" жобасы аясында Шымкент қаласындағы мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан "Қорғас-Алматы-Шымкент" автомобиль жолының сапасына және Бадам өзені арқылы өтетін көпірге мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.
-
2019 жылы ең көп гонорар алған 10 боксшының тізімі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқаны үшін 15 миллион доллар табыс тапты, деп жазды Prosports.kz.
-
Мәскеуде Әбіш Кекілбаевқа арналған қазақ киносының апталығы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей астанасының орталығында орналасқан көне кинотеатрларының бірі "Иллюзион" бүгінде еліміздің алдыңғы қатарлы кинотуындыларын көрсетуде.
-
Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп көшесінің ұзындығы 200 метр ғана
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Самал Бегалинова 13 көшенің атын өзгерту туралы шешімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Алматыда 30 мың оқушыға орын жетіспейді
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына тегін ыстық тағам беру, білім мекемелеріндегі орын тапшылығын шешу, мектептер мен колледждерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
-
Ольга Рыпакова Атлеттер комиссиясының мүшесі атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ольга Рыпакова халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығының (IAAF) кеңесінде Атлеттер комиссиясының мүшелігіне тағайындалды, деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясы.
-
ШҚО-да үсіген бір адам емханаға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да күн суытқалы үсіген бір адам емханаға келіп түсті, деп хабарлайды yk-news.kz.
-
Абай-175 эстафетасын ДЗМҰ басшысы қабыл алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) бас директоры Фрэнсис Гарри мырза Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын жалғастырды.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентіне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Наһаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алып, оның бауыры, Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянға көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбінде салынатын ТОБЖ құрылысын ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин және Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов Ақтау қаласында өткен Каспий теңізінің түбінде екі ел арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін (ТОБЖ) салу бойынша "Trans Caspian Fiber Optic" (TCFO) салуды бастау салтанатты рәсіміне қатысты.
-
Оқушыларға антибиотиктерді дұрыс пайдалану туралы интерактивті сабақ өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 18-24 қараша күндері аралығында антибиотиктерді дұрыс пайдаланудың дүниежүзілік апталығы өтіп жатыр.
-
Ілияс Оспанов: Отандық өндірушілер қолдауға мұқтаж
Мысалы экологиялық зиянды заттар, қару-жарақ өндіру, түрлі химиялық қару өндірушілерді біз қаржыландырмаймыз. Бізде көп тіркелген өндірушілер – аграрлар.
-
Бекшин тұмауға қарсы ақылы вакциналауға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбаек Бекшин тұмаудың алдын алудың тиімді тәсілі вакциналау екенін айтты.
-
Бас санитар дәрігер тұмаудың алдын алу жолдарын атады
Тұмау асқынуы жағынан өте қауіпті ауру. Жыл басынан бері ауруханаларға тұмауға ұқсас ауруларды асқындырып алған 3 мыңға жуық науқас келген. Алдын алу жұмыстарын жүргізсек асқыну төмендейді.
-
Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
-
Алматылық медицина ұйымдарына 92,5 млрд теңге төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс аясында алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 92,5 млрд теңгеден астам қаржы төленді.
-
Қазақстан президентінің бастамасы Парижде талқыланды
Осы бағыт бойынша Ұлыбританияның кадр стратегиясы жөніндегі директоры Саймон Клейдон, Австралияның Мемлекеттік қызмет комиссары Питер Вулкот, Volcker Alliance АҚШ атқарушы вице-президенті Сара Мугельску және Францияның Profile Public негізін қалаушы Сигрид Баргер өз тәжірибелерімен бөлісті.
-
Тұрғын үйге азаматтарды есепке қою уақытша тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қараша мен 13 желтоқсан аралығында "Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттік қызметке өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылды.
-
Президентке "Домбыра" оқулығы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады.
-
Димаш Токиода өтетін фестивальде өнер көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU Song Festival фестивалінің арнайы шақырылған қонағы ретінде өнер көрсетеді.
-
Қанат Ислам WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың бестігіне кірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBO) барлық дивизиондағы жаңартылған рейтингін жариялады.
-
"Шыңырау" фильмі Бүкілқытайлық фестивальге қатысады
Бұл фильмді қытайлық көрермендерге режиссер Жаңабек Жетіруовтың өзі таныстыратын болады.
-
Жергілікті бюджеттің табысы 4 трлн теңгеден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4%-ға артып, 4,2 трлн теңгені құрады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 3,5 трлн теңге болды, деп жазады finprom.kz.
-
Ноғаев: Отарбаев өз орнын тапқан адам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бес күн бойы Атыраудың тұрғындары Рахымжан Отарбаевтың III Республикалық фестиваліне келген театр ұжымдарының өнерін тамашалай алады.
-
Тараздағы оқиға: директор және орынбасары, мұғалім, вахтер жұмыстан босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған факт бойынша құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде.
-
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19-21 қараша аралығында Қазақстанның бірқатар облысында күн суытып, аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Сабақ кезінде мектеп өртеніп, 640 адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда мектептің электр сымынан от шығып, ғимараттан 640 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
-
Елбасы БАӘ президентіне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бин Заид Әл Нахаянға ағасы шейх Сұлтанның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Елбасы сайты.
-
Елші Эфиопия президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эфиопиядағы ҚР елшісі Барлыбай Садықовтың Эфиопия президенті Сахлеворк Зевде ханымға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
-
Елордалықтар Ұлттық музей мұраларын тегін тамашалай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қараша күні кешкі сағат 18:00-24:00 аралығында астаналықтар Ұлттық музей жәдігерлері мен көрмелерін тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Ұлттық музейдің Facebook парақшасында хабарланды.
-
Тоқаев ғылыми-зерттеу институты салынатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына барды.
-
Қытай компаниясы елорда мен Алматы арасындағы жолды жөндейді
Қарыз сомасы 34 479,7 млн теңге.
-
Қаржы министрі Еуразиялық экономикалық комиссия отырысына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО ішкі нарығындағы алып тастауларды, шектеулер мен кедергілерді жою бойынша жұмыстардың барысы туралы ақпараты тыңдалды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің ресми сайты.
-
Елордада инвесторлар қаржысына мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі, Бахрейн патшалығының қайырымдылық қоры және "Нұрлы Астана" корпоративтік қоры арасында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында мектеп құрылысының жобасын жүзеге асыру туралы үшжақты Меморандумға қол қойылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Қойшығара Салғараұлы. Ымды білмеген... "Томиристің" қателігі. Мөденің стратегиясы – жер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі жазушы, тарихшы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Күлтегін сыйлығының иегері Қойшығара Салғараұлымен сұхбат.
-
"Спорт залдары адам ұялатындай жағдайда". Сенатта ауылда спортты дамыту мәселесі айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында ауылдағы спортты дамыту мәселесі көтерілді.
-
Тарихта қазақтың дауға ұшырамаған тұлғасы жоқ – Мәмбет Қойгелді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тарихта қазақтың дауға ұшырамаған тұлғасы жоқ. Әсіресе кеңес кезеңдегі идеология мүмкіндігінше біздің тұлғаларды азайтуға, олардың ықпалын әлсіретуге тырысты. Бұл туралы тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді Алматыда өтіп жатқан "Отан тарихындағы тұлғаның рөлі" атты конференцияда айтты.
-
Алматыда "Отан тарихындағы тұлғаның рөлі" атты конференция өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Аталған шараны "Н. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын жүзеге асыру аясынада Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты өткізіп жатыр.
-
Спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар 40 мың теңге жалақы алады – МСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілеген отырысында оқушыларға арналған спорттық секциялар және спорттық мектептердегі жаттықтырушылардың жалақы мәселесі көтерілді.
-
Қытайда SPA салонның төбесінде 10 жыл бойы алып жылан өмір сүрген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда SPA салонның төбесінен ұзындығы 4 метр, ал салмағы 19 келі болатын алып жылан құлап түсті.
-
Спорт саласында демеушілік саясатты іске асыратын бірыңғай оператор құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дене шынықтыру және спорт саласында демеушілік көмек көрсету жөніндегі саясатты іске асыратын бірыңғай оператор құрылмақ. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов мәлімдеді.
-
Елордада екінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
-
Баспананы жалға алу, сыйақыны қайтару: допингпен ұсталғандарды жазалау өзгертіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында кейбір заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.
-
Елордалық 34 мыңға жуық бала тұмауға қарсы екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада азаматтарды тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы егу науқаны аяқталды.
-
Жыл басынан бері 37 допинг ережесін бұзу фактісі анықталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың он айында Қазақстанда допингке қарсы ережелерді бұзудың 37 оң оқиғасы анықталған.
-
Әлемде 7 миллион бала бостандығынан айырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ зерттеуіне сүйенсек, бүгінде жеті миллионнан астам бала бостандығынан айырылып отыр.
-
Қазақстанда киім өндірісі 7,5% артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде елімізде жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына айтарлықтай назар аударылып отыр.
-
Алматы облысында ер адам атпен дәмханаға кіріп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында дәмханаға атпен кіріп келген адамды ұстады. Бұл туралы аудандық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанға Швейцария президенті келеді
Сапар аясында Ули Маурер Қазақстан Үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін «дөңгелек үстелде» сөз сөйлейді деп жоспарланған.
-
Ержан Максим Польшада 10-нөмірмен өнер көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада балалар Евровидениесінің ашылу салтанаты өтті. Қазақстан өкілі нөмірі 10-шы болып өнер көрсететін болды.
-
Мен бірден сездім: Деревянченко Головкинмен жекпе-жегі жайлы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) VideoBoxing-ге берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегінде қабағы жарылған сәт туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
-
Елордада 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
-
Павлодарда еркін күрестен республикалық турнир өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Павлодар қаласындағы "Баянтау" спорт сарайында ерлер арасында еркін күрестен республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Алматылықтар "Тіршілік" фотокөрмесін тамашалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы OzgeEpic өнер орталығында журналист, әуесқой фотограф Әйгерім Бегімбет, Сәбина Әбдімәлік, Шыңғыс Әбдіразақ, Қанат Дарханның "Тіршілік" фотокөрмесі өтті.
-
Алматыда "Әз пайғамбар хақ жолы" атты Мәуліт кеші өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматыдағы Республика сарайында адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айына арналған "Әз пайғамбар хақ жолы" атты мерекелік Мәуліт кеші өтті, деп жазады ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.
-
Еуропа чемпионатына қатысатын 17 құрама анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде бақ сынайтын 24 құраманың 17-сі анықталды, деп жазды prosports.kz.
-
Еліміздегі қалаларда метеожағдай қандай болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қараша күні еліміздің қалаларында метеожағдай қолайлы болады.
-
19 қарашада тұман түсіп, ауа райы құбылмалы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
-
Түркістан облысындағы әлеуметтік нысандар 100% жылуға қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша 2748 бюджеттік мекеме жылуға 100% қосылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте белгілі болды.
-
Шығыс Қазақстанда 600 мемлекеттік қызметкер баспана кезегіне заңсыз тұрған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 600 мемлекеттік қызметкер мен бюджет саласындағы жұмысшының заңсыз баспана кезегінде тұрғаны анықталды.
-
Елімізде жыл басынан бері 162,5 млрд теңге әлеуметтік жәрдемақы төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға және әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 196 млрд теңгеден астам қаржы көзделген, оның 162,5 млрд теңгесі игерілді.
-
Қарағанды облысында келесі жылы 29 тұрғын үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 2020 жылы 29 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында белгілі болды.
-
Куба астанасы 500 жылдығын атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Куба астанасы Гавананың негізі қаланғанына 500 жыл толды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Ағылшындар қазақ балетін жоғары бағалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондонда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет академиялық театры тұңғыш рет өнер көрсетті. Концерт өткен "Колизей" концерттік залында ине шаншар орын болмады.
-
Ақтөбеде аймақтық имамдардың ІІІ форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде "Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі" тақырыбында ІІІ аймақтық имамдар форумы өтті.
-
Елордада коммуналдық техника шығаратын зауыт ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда белорусстық-қазақстандық бірлескен коммуналдық арнайы техника шығаратын өндіріс орны ашылады.
-
Түркістан облысында мұнай көзі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында Үлкен Қаратаудағы Шоқпақ учаскесінде палеозой жыныстарынан мұнай белгілері анықталды.
Наверх