Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті

19 Қараша 2019, 17:55
1518
Бөлісу:
Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның  отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекет басшысының қарауына ТМД елдері және алыс шет елдерден келген 1 084 түрлі ұлт өкілдерінің еліміздің азаматтығын қабылдау туралы ұсынысы енгізілді.

Сонымен қатар көші-қон саясатының басқа да мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. 

Өзгелердің жаңалығы