Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

19 Қараша 2019, 15:10
2667
Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19-21 қараша аралығында Қазақстанның бірқатар облысында күн суытып, аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

19-21 қараша аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы 20-25 градустан 25-30 градусқа дейін, Ақмола мен Павлодар облысында 15-20 градустан 25-30 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. 20-21 қарашада Қарағанды облысында 22-27, кей жерлерде 25-33, Шығыс Қазақстан облысында 18-23, кей жерлерде 33 градус аяз болуы ықтимал.

Дауылдың ықтималдығы 95%.
  
19 қарашада Нұр-Сұлтан қар жауып, боран соғуда. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-18 м/с-ке жетеді.

ІІМ ТЖК күштері мен құралдары апаттық-құтқару жұмыстарына әзір тұр. Ведомство азаматтардың ауа райын, метеорологиялық жағдайларды қарап, смс-хабарламаларға құлақ түруіне кеңес береді. Ауа райы бұзылып, жол қозғалысы шектелген уақытта алыс жолға шықпаған жөн.

Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолға шығып, елді мекеннен алыс жерде машинаңыз сөніп қалса, көлікте отырып "112" нөмірінен көмек сұраңыз.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы қолайсыз кезде алыс жерге жаяу бармауға кеңес береді.

"112" – еліміздің барлық өңірлерінде ұстайтын бірыңғай құтқару қызметінің нөмірі. Оған хабарласу үшін сим-карта мен нөмірдегі бірлік қажет емес.


Өзгелердің жаңалығы