Елордалықтар Ұлттық музей мұраларын тегін тамашалай алады

19 Қараша 2019, 14:16
9268
Бөлісу:
Елордалықтар Ұлттық музей мұраларын тегін тамашалай алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қараша күні кешкі сағат 18:00-24:00 аралығында астаналықтар Ұлттық музей жәдігерлері мен көрмелерін тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Ұлттық музейдің Facebook парақшасында хабарланды.

2019 жылғы 29 қарашада 18:00-24:00 аралығында ҚР Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай «Ұлы дала мұрасы» музейлік шеруі өтеді. Музей кешіне келген астаналықтар мен қала қонақтары Ұлттық музейге тегін кіріп, түрлі шараларды тамашалай алады, – деп жазылған Ұлттық музейдің Facebook парақшасында. 

Шараның мақсаты – ұлттық кодқа негіз болатын ұлттық құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін заманауи форматта танытып, мұражай қызметін, ондағы экспонаттар мен жауһар жәдігерлерді кеңінен насихаттау. 

Музей шеруі барысында "Мысыр Ұлттық музейде" және "Quintessence" атты топтық көрмелер ашылады. Музейлік кештің ашылу салтанатында музей қонақтарына концерттік бағдарлама, арт пазл құрастыру, қолөнер жұмыстары бойынша әшекейлер жасау, ағаш ою, қыш ыдыстардар жасау шеберлік сабақтары, «Бесікке салу» рәсімі, музей залдары бойынша шолу экскурсиялар, "Тарих сыры", "Музей білгірі" викториналық сұрақтар, кітап, кәдесыйлар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, "Тоғызқұмалақ" және тағы басқа қазақтың ұлттық ойындары ойнатылады, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы