Баспананы жалға алу, сыйақыны қайтару: допингпен ұсталғандарды жазалау өзгертіледі

19 Қараша 2019, 11:30
3722
Бөлісу:
Баспананы жалға алу, сыйақыны қайтару: допингпен ұсталғандарды жазалау өзгертіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында кейбір заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. 

Тыйым салынған барлық препараттар мен субстанцияларды қолдану, тағайындау және тарату үшін жауапкершілікті арттыру қажет. Қолданыстағы заңнамаға допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, атап айтқанда спортшыға допингті тағайындаған адамдарға қатысты әкімшілік жауапкершілікті енгізу қажеттілігі туындады. Ол 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жазаны көздейді, - деді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов.

Оның айтуынша, заң жобасында спортшы допингті пайдаланғаны үшін келесідей іс-шараларды қолдану көзделген:

- дисквалификация;
- спортшының спорттық нәтижесін жою және біліктік ұпайларын алып тастау; 
- ақшалай көтермелеуді қайтару; 
- спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайын материалдық қамсыздандыруды төлеуді тоқтату;
- спортшыларға, жаттықтырушыларға және клуб командаларының басшыларына ай сайынғы ақшалай қамтуды тоқтату; 
- спорттық атағынан айыру;
- олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының чемпионы және жүлдегері тұрғын үйді пайдалану шартын бұзу; 
- спорт түрлері бойынша ҚР құрама және штаттық құрама командаларының құрамынан спортшыларды, жаттықтырушыларды шығару; 
- олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының чемпиондары және жүлдегеріне он жыл мерзімге жалға беру үшін тұрғын үй беру;
- допинг тестілері сақтау мерзімі он жыл болуына байланысты осы мерзімде аталған тұрғын үйді биліктен шығаруға тыйым салу;
- осы кезеңде сынамаларда допинг анықталмаса тұрғын үйді спортшының меншігіне беру; 
- олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының чемпиондары және жүлдегері болып табылатын спортшы қайтыс болған жағдайда допингтік сынамының нәтижесіне қарамастан қайтыс болған мұрагерлерінің тұрғын үйді өтеусіз алуға көзделген. 

Сондай-ақ, заң жобасында паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне олардың ниетін ескере отырып, төменгі қабатта немесе лифтілері бар тұрғын үйлерде, ал паралимпиада ойындарының тірек-қимыл аппараты бұзылған чемпиондар мен жүлдегерлеріне екінші қабаттан жоғары емес тұрғын үй алу құқығын беру мәселесі қаралып отыр.

Бұған дейін жыл басынан бері 37 допинг ережесін бұзу фактісі анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы