Все новости за 23 қыркүйек 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елорда әкімі 400-ден астам адамды жеке қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов үш ай уақыт ішінде 400-ден астам адамды жеке қабылдады, бүгін 14 тұрғынды жеке қабылдады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтында.
-
Мемлекет басшысы «Bloomberg» ақпарат агенттігінің басшысымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы «Bloomberg» ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Смайылов: Қазақстан Кипрмен сауда- экономикалық ынтымақтастықты тоқтатпайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Кипр Республикасы өкілдер палатасының төрағасы Деметрис Суллуриспен кездесті.
-
Тоқаев БҰҰ Өркениеттер альянсының жоғары өкілімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы БҰҰ Өркениеттер альянсының жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Отбасы құрған жұп бес жылда балалы бола алмаса, тексерілуі тиіс – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 1238 әйел денсаулығына байланысты сәби сүйе алмай жүр. Қазір олардың бәрі дәрігер бақылауында, деп хабарлады Aktobenews.kz.
-
Елордада инвесторлар есебінен қандай нысандар салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімінің төрағалығымен өткен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесте білім беру, денсаулық сақтау, спорт және өнеркәсіп саласы бойынша 12 жоба таныстырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Атты тур. Нұр-Сұлтаннан Қорғалжынға дейін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылдың жазғы-күзгі атты тур маусымы аяқталды.
-
ШҚО жәрмеңкеге 60 тонна бал, 45 тонна ет, 10 тонна қымыз әкеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 28-29 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан шатыр» (Тұран және Д.Қонаев көшелерінің қиылысы) сауда орталығының жанында өтеді.
-
Қазақстандықтар салық төлемдері туралы SMS хабарлама алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қыркүйектен бастап мүлік салығы мен жер салығы туралы SMS - хабарламалар қазақстандық салық төлеушілерге (жеке тұлғаларға) жіберіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Италиялықтар автотұрақтағы орынды дұға оқып алатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Авецанно қаласының тұрғындары автотұрақтағы орынды дұға оқу арқылы ала алатын болды.
-
Назарбаева Словакия Ұлттық кеңесінің төрағасымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева және Словакия Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы Андрей Данкомен кездесуі барысында Қазақстан мен Словакияның парламентаралық іс-қимылы мен экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚР Парламенті сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Көлгінов елорданың жылу беру маусымына дайындығы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылу беру маусымына энергия көздері жабдықтарының жалпы дайындығы 97% құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Ли Чжаньшу: Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы биік ынтымақтастық деңгейіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Парламент жоғарғы палатасының басшысы Дариға Назарбаева мен ҚХР Халық өкілдері бүкілқытай жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшудің кездесуі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы парламенті сенатының баспасөз қызметі.
-
Алматыда креативті ұшқыр болидтердің жарысы өтті
Алматы, BAQ.KZ. Достық даңғылының бойында өткен Red Bull Soapbox Race жарысын 35 мыңнан астам көрермен тамашалады.
-
Екі мыңға жуық жас қазақстандық Түркияда білім алуда – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Түркия Республикасының Ұлы ұлттық жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті. Бұл туралы Еlbasy.kz сайты жазды.
-
Елбасы РФ Мемлекеттік думасының төрағасымен келіссөз өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен келіссөз өткізді. Бұл туралы Еlbasy.kz сайты жазды.
-
Мемлекет басшысы АҚШ-тың саяси және сарапшы топ өкілдерімен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары АҚШ-тағы ықпалды талдау орталығы саналатын «Atlantic Council» («Атлантикалық кеңес») ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған белгілі америкалық саясаткерлермен және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесумен басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістан облысында 62 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 62 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Си Цзиньпинмен ерекше қарым-қатынастамын, оны өте жоғары бағалаймын – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті. Бұл туралы Еlbasy.kz сайты жазды.
-
Нығматулин беларустық әріптесімен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» деп аталатын Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысу үшін арнайы келген Беларусь парламенті өкілдер палатасының спикері Владимир Андрейченкомен кездесті. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарағанды вокзалынның сәулеттік кемшіліктері түзетілуі тиіс – әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек темір жол вокзалын қайта құру кезінде туындаған мәселені шешуге шақырды.
-
ІІМ митингте ұсталған азаматтарға қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 21 қыркүйекте заңсыз митингтерге қатысқаны үшін ұсталған азаматтарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркия Қазақстан үшін стратегиялық әріптес – Мәжіліс төрағасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі қарсаңында Түркия ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада медициналық қызмет сапасына қатысты шағымдар көп түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қыркүйектен бастап iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 92 654 өтініш келіп түсті.
-
Малайзияда «Алтын адам» жайлы көрме ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні сағат 15.00-де Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады.
-
Нығматулин Камбоджа парламентінің төрағасымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин екіжақты қарым-қатынас тарихында Қазақстанға алғаш рет келген Камбоджа парламентінің төрағасы Хенг Самринмен кездесті.
-
Премьер-лига: «Астана» Талдықорғанда ұтылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының 27-турында ел чемпионы «Астана» ұтылып қалды.
-
Қарағандыда жылу беру маусымы осы аптада басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталады.
-
Темекі тартуға тамбурға шыққан әйел пойыздан құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдің пойыздан құлап кетуі дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
-
Түнгі ауысымда жұмыс істеу артық салмаққа әкеп соқтырады – ғалымдар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнгі жұмыс пен артық салмақ қосып алуға деген бейімділік арасында байланыс барын португалдық ғалымдар дәлелдеп шықты.
-
Атыраулық студентті көлік қағып өлтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға Баймұқанов көшесінде сенбі күні болған, деп хабарлады Almaty.tv.
-
Кенияда мектеп құлап, 7 оқушы мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кения астанасы Нейробиде мектеп құлап, 7 оқушы қаза тапты.
-
Алғаш рет детектив жанрындағы телехикая көрерменге жол тартады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 қыркүйектен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы түсірген детектив жанрындағы алғашқы телехикая көрерменге жол тартады.
-
ХҚКО қызметкерлері ым-ишарат тілін меңгеруде
Алматы, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚО-ға жүгінетін есту қабілеті нашар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді ым тілінде де көрсетіп жатыр. Бұл туралы аталған корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері «Саяжай» жедел-алдын алу шарасын жүргізіп, нәтижесінде 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Мәжіліс төрағасы ресейлік әріптесімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мен Ресей Федералдық жиналысы мемлекеттік думасының төрағасы Владимир Володин парламентаралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ ертең Нұр-Сұлтанда басталатын Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
-
Өзбекcтанда отандастардың қатысуымен бизнес-форум өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отандастар қоры» КЕАҚ және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ҚР Өзбекстандағы Елшілігінің, «Атамекен» ҰКП ССП-ның және Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының қолдауымен аталған елде тұратын іскер отандастармен бизнес-форум өткізді.
-
Ақтауда футбол үшін жаппай төбелес шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай төбелестің шығуына футбол ойыны себеп болған.
-
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 3 сапердің жағдайы ауыр – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыстағы оқ-дәрінің жарылысынан кейін 10 адам жарақаттанды, оның 3-еуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы Ерлан Ермекбаев үкімет отырысынан кейін айтты. Бұл туралы Тengrinews.kz сайты жазды.
-
Италиялық депутат Достық үйін аралап, ҚХА жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы ҚХА жанындағы Достық үйіне Италия парламентінің депутаты Эмануэла Россини келді.
-
Медет Бақдәулет, жас кәсіпкер: Ауылдағы ағайын қандай мемлекеттік бағдарламалар барын білмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әр кезеңнің өз қозғаушы күші бар десек, бүгінгі жаңа заманның кілтін қолына ұстаған жастар білімді, білікті әрі қабілетті.
-
Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімінің өкімімен Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы болып Баян Қоңырбаев тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанда рұқсат етілмеген митингке шыққан қанша адам жазаланды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан қалаларында рұқсат етілмеген митингіге шыққан 100 шақты адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлады Tengrinews.kz.
-
Асқар Мамин әкімдерге екі апта уақыт берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин өңірлердің әкімдеріне екі аптаның ішінде белгіленген тәртіпте көмірді даярлау және өткізу пункттері инфрақұрылымының қазіргі жағдайын тексеруді тапсырды.
-
Шамалғандағы апат: 5 жасар бүлдіршін есін жиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шамалғандағы пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккен бүлдіршін арнайы аппараттардан ажыратылып, палатаға ауыстырылды, деп хабарлады Almaty.tv.
-
Вице-министр Қазақстанның энергетикалық жүйесінің қысқы кезеңге дайындығын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов алдағы қысқы маусымға дайындықты баяндады.
-
ҚазҰУ ректоры UNION қауымдастығының президенті болып сайланды
Алматы, BAQ.KZ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов UNION Халықаралық университеттер ассоциациясының президенті болып сайланды.
-
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының медалі таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қыркүйек күні Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.
-
Нығматулин мен Андрей Данко ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Словак Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы Андрей Данкомен кездесіп, мемлекетаралық, соның ішінде, парламентаралық әріптестіктің негізгі бағыттарын талқылады.
-
Student Energy Challenge финалистері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Конгресс орталықта Student Energy Challenge конкурсының финалистері анықталды.
-
Қорғаста ойын автоматы бар зал табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тексеру барысында Қорғас ШЫХО сауда үйлерінің бірінен ойын залының қызметін жүзеге асыру фактісін анықталды.
-
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Нұр-Сұлтанда «Stop туберкулез!» акциясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы 23 қыркүйектен 23 қазанға дейін «Stop туберкулез!» атты ауқымды қалалық акция өткізеді.
-
Қазақ ғалымдары күріштің жаңа түрін ойлап тапты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір біз «Сыр сұлуы», «Айкерім» сияқты күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізіп жатырмыз. Бұл жоғары сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім түрі.
-
Жеңіс Қасымбек балалар ауруханасын салуды талап етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмысқа кірісті. Өңір басшысы облыс орталығының мәселелері шешімін күтіп отырған барлық орындарға барып қайтты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
5 шақырым жүгіріп өтпек болған әйел аяғынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англияның Дербишир графствосының тұрғыны қайырымдылық марафонына қатыспақ болады. Алайда, диабетке шалдыққан әйел аяқ астынан аяғынан айырылып қалады.
-
Нұр-Сұлтанда Student Energy Challenge жартылай финалы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл конкурсқа еліміздің 15 өңірінен 27 жоғары оқу орнынан келген 70 команда қатысып жатыр.
-
Қырғызстандық 4 мыңға жуық бағалы телефонды заңсыз алып кірмек болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы тауарына ешқандай рұқсат құжаттарын көрсете алмады.
-
Ем қабылдап жүргенде қандай азық-түліктен бас тартқан дұрыс?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдап жүрген науқас өзінің тамақ рационын қадағалап, дәрімен сәйкес келмейтін азық-түлік түрлерімен тамақтанбағаны дұрыс.
-
Жапонияда 30 адам тайфуннан зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тапа тайфуны Окинава және Кюсю аралдарына көп шығын әкелді.
-
Өзбекстан ШЫҰ саммитін өткізу үшін 25 млн доллар бөлді
Алматы, BAQ.KZ. Өзбекстанның қайта құру және даму қоры 2022 жылы Самарқанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге 25 млн долларды жылдық 2 пайызбен бес жылға несиеге берді. Бұл туралы Lex.uz сайты хабарлады.
-
Джеки Чан #Abai175 челленджін жалғастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал актер Джеки Чан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналған #Abai175 флешмобына қатысып, өз үлесін қосты.
-
Ұлттық спорт түрлерінен V фестивалі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» сарайында Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының V фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарағандыда күздік жартылай марафон өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды қаласында «Kúzdik Jarty Marathon» өз мәресіне жетті. Алғаш рет ұйымдастырлған бұқаралық спорт мерекесі жоғары деңгейде өтті.
-
Лондон мен Брюссель брексит бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания мен Еуропалық одақ брексит бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті, деп хабарлады 24.kz.
-
Түркістанда ерекше өнер фестивалі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандағы "Арбат" алаңында "Мейірім шуағы" мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік шара өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов алдағы жоспарларымен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Қазақстан құрамасы Екатеринбургте өткен әлем біріншілігінен елге оралды. Құрама сапындағы жалғыз алтынға қол жеткізген 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов тілшілердің сауалдарына жауап берді.
-
Қазақстан әлем чемпионатында еркін күрестен жалпы командалық есепте екінші орын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан еркін күрестен жалпы командалық есепте екінші орын алды.
-
Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл күтіледі. Түнде солтүстік-батыста тұман болады. Республиканың жекелеген өңірінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.
Наверх