Елордада медициналық қызмет сапасына қатысты шағымдар көп түседі

23 Қыркүйек 2019, 18:51
1470
Бөлісу:
Елордада медициналық қызмет сапасына қатысты шағымдар көп түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қыркүйектен бастап iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 92 654 өтініш келіп түсті, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

"Алғашқы қоңыраудан бастап 77 791 өтініш шешілді, шешілген 11 155 жағдаяттың ішінен 2 659 шағым қабылданды. Шағымдардың көбі денсаулық сақтау саласында ұсынылатын қызметтер сапасына қатысты келіп түсті. Шағымдар саны – 20 611. Анықтамалық сипаттағы 21 388 және қоғамдық көлікке қатысты 20 526 өтініш қабылданды. Сонымен қатар орталыққа 934 ұсыныс пен 115 алғыс келіп түсті", - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кету керек, тұрғындардан түскен шағымдар мен өтінімдер тіркеліп, шешімін табуы үшін қаланың тиісті органына жолданады. 
Өзгелердің жаңалығы