Темекі тартуға тамбурға шыққан әйел пойыздан құлап кетті

23 Қыркүйек 2019, 17:32
1919
Бөлісу:
Темекі тартуға тамбурға шыққан әйел пойыздан құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдің пойыздан құлап кетуі дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлады Zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыз Сары-Шаған станциясына келгенде әйел жедел жәрдеммен Приозерск орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

"20 қыркүйекте сағат 05:00-де Шу станциясындағы полиция бөліміне "Алматы-Қостанай" пойызында болған 31 жастағы әйелдің "Шығанақ-Мың-Арал" жолының 1328 шақырымында вагонның тамбуры есігінен құлап түскені туралы хабарлама келіп түсті. Нәтижесінде әйел түрлі жарақат алған. Пойыз Сары-Шаған станциясына жеткен кезде жедел жәрдем көлігімен әйел Приозерск қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігімен (теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, әйелдің жолсерік екені және оның тамбурға темекі шегуге шығып, содан құлап кеткені белгілі болды.

Tengrinews.kz сайтында хабарланғандай, Денсаулық сақтау басқармасында Қарағанды облысында пойыздан құлап кеткен әйелдің қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Ведомствода хабарлағандай, әйел Приозерск қаласындағы орталық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

«Әйел басынан жарақат алған, миы шайқалған. Жағдайы тұрақты ауыр», - деп баяндады Денсаулық сақтау басқармасында.

Өзгелердің жаңалығы