Все новости за 14 тамыз 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Сингапурлық компания елімізде үздіксіз білім беру жүйесін дамытпақшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов «KinderWorld International Group» компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Рики Тан Тек Ионгті қабылдады. Кездесуде білім беру саласындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды.
-
Елімізде жол-көлік оқиғасы 4,9% азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 9437 адам зардап шеккен 6743 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 4,9%-ға кем. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады.
-
Экология министрлігінің мамандары Бурабайда ағаш кесілген жерге жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге жіберілді. Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында жазды.
-
Дұрыс тамақтанып жүрсіз бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сүйене отырып, дұрыс тамақтануға қатысты пайдалы кеңестермен бөлісеміз.
-
Алматыда медициналық көмекке бөлінетін қаражат 1,5 есе артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының инфрақұрылымдары 2020 жылы халыққа көрсетілетін қызметтерді сатып алуға толығымен дайын.
-
Бір аптада 50-ге жуық әйел дағдарыс орталықтарына жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ баспасөз қызметі 7-13 тамыз аралығында республика аумағында өткізілген «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысымен бөлісті.
-
Жамбыл облысында алтын кенді тастар жинаған сегіз адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында сегіз адам құрамында бағалы металл бар кен тастарын жинаумен айналысқан.
-
Жапонияда 400-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Кроса» тайфунының жақындауына байланысты Жапонияның Кюсю аралын басқа аудандармен байланыстыратын 400-ге жуық ішкі әуе рейстерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады шетелдік ақпарат агенттіктері.
-
МСҚ емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қаржы министрлігімен бірлесіп, халыққа қызмет көрсететін емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырып жатыр.
-
«Оқжетпес» клубының 19 жастағы футболшысы қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының 19 жастағы футболшысы Роман Зюзин қайтыс болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде «Елбасы академиясы» құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш президент қоры дарынды балалар мен жастарды кешенді қолдауға арналған жобаларды іске асыра бастады.
-
Елбасы өңірдегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне көңіл бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарланды ҚР Тұңғыш президентінің ресми сайтында.
-
Шарын, Көлсай және Іле-Алатау парктерінде туризм дамытылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада аталған үш паркте экологиялық туризмді дамытуға бағытталған бірқатар келісімге қол қойылды.
-
Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істейтін қазақстандықтар саны азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істейтін қазақстандықтар саны 9 мыңға дейін азайған.
-
Ақжарқын Тұрлыбай апелляцияның екінші отырысын күтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысты апелляция бойынша екінші отырысты өткізу мерзімі туралы Қытай тарапының жауабын күтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство қабырғасында өткен брифингте мәлімдеді.
-
СІМ шетелде жұмысқа орналастыру жөніндегі делдал алаяқтардан сақтануды ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрлігі Норвегияға заңсыз маусымдық еңбекпен айналысуға баратын Қазақстан азаматтарына жұмыс берушілер арасындағы алаяқтық фактілері туралы ескертеді.
-
Тоқаев Бурабайдағы ағаштардың кесілуіне наразылығын білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Щучинск-Бурабай курорттық зонасындағы ағаштарды кесу фактісіне наразылығын білдірді. Бұл туралы ҚР президенті әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.
-
АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары елордаға келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 20-21 тамызда Нұр-Сұлтан қаласына АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйл ресми сапармен келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
-
Мемлекет басшысы энергетика саласының дамуына оң баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады.
-
Еуропалық Одақтың арнайы өкілі Қазақстанға келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 15-16 тамызда Қазақстанға Еуропалық Одақтың арнайы өкілі келетінін айтты.
-
Сағынтаев сел өткен аудан тұрғындарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сел өткен Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті.
-
Елордада халықаралық музыка фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Nur-Sultan Music Awards - 2019» халықаралық музыка фестивалі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.
-
Сыртқы істер министрі Германияға ресми сапармен барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов 19-20 тамызда Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
-
«Жас ұлан» мектебі болашақ ел қорғандарын қабылдауды бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында «Жас ұлан» республикалық әскери мектебіне оқуға қабылдау жұмысы басталды.
-
Арыс тұрғындарының құжаттары тегін рәсімделуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үйлері төтенше жағдай кезінде жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарының құжаттарын тегін рәсімдеп жатыр.
-
Шымкенттік жасөспірім емшінің емінен кейін көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасөспірім емші жасаған «емнің» кесірінен қаза болуы мүмкін. Себебі, ол баланың сынған қолын емдеп келген, деп хабарлады Otyrar.kz.
-
«Болашақ» бағдарламасымен шетелден 10 мыңнан астам түлек оқып келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемнің беделді жоғары оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасымен осы күнге дейін 10 мыңнан астам түлек оқып келген.
-
Президентке археологтарды даярлау жұмысы туралы мәлімет берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі археолог Зейнолла Самашевты қабылдады.
-
Экология министрлігінде вице-министр тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.
-
Павлодар облысында астық жинауға 21 мың тонна дизель отыны бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілде және тамыз айларына дизель отынын алу үшін 11 278 тоннаға немесе 88%-ына өтініш түскен, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
-
Бізді қатты алаңдатып отыр – ІІМ вице-министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 12 тамызда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына қарасты Бақты орман шаруашылығының аумағынан өрт басталған болатын. Аса қатты өртті сөндіруге қатты жел кедергі болып отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәжілісінде ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты.
-
Алматыда мас жүргізушінің кесірінен бүтін бір отбасы жанып кете жаздады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен түні Алматыда мас күйінде көлікке отырған жүргізуші газ құбырына соғылып, салдарынан өрт шығып, бірнеше адам өліп кете жаздады.
-
10 жылда тау-кен металлургия кешенінде 114 жоба іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды.
-
Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет»РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялады.
-
Түркістан облысында 12 ауыл шаруашылығы жобасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асуда. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Қазақстандық парашютшілер Халықаралық армия ойындарында ІІ орынды иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қарулы Күштері парашюттік дайындық орталығының әскери қызметшілері «Десанттық взвод» конкурсының «Дәлдікке секіру» дисциплинасында күміс жүлде иеленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Риддерде жоғалып кеткен балалар орманның ішінен табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Риддер қаласындағы ну орманға жидек теруге шығып, адасып кеткен екі бала табылды, деп хабарлады Алтайньюс.
-
100% кепілдік беремін – вице-министр Алматыдағы селге қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел жүрді. Қазіргі уақытта ешқандай қауіп жоқ.
-
Маңғыстаулық жастар қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау жастары ізгі шараның өтуіне мұрындық болды, деп хабарлады облыстық жастар ресурстық орталығы.
-
Аш аю моладан мәйітті алып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Комсомольск-на-Амур елді мекенінде аш аю моланы қазып, мәйітті орманға сүйретіп әкетті. Бұл туралы Komcity.ru жазды.
-
Алматыдағы сел деңгейін төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Қарғалы бөгеті жарылып, Наурызбай ауданының кейбір жерін шайып кеткен сел тасқынының деңгейін төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-
Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметінің ережесіне өзгерістер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі инвесторлар үшін «бір терезе» қызметінің жұмысына өзгерістер енгізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінне хабарлады.
-
Қарқаралыдағы төтенше жағдай: Өрт аумағы 2500 гектарға жеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдәхмет Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябаққа қарасты Бақты орман шаруашылығының аумағындағы өртке қатысты ақпаратпен бөлісті.
-
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Елордада алғаш рет HPAIR Asia конференциясы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 16-20 тамыз аралығында қырықтан астам елдің студенттері мен көшбасшылары бас қосатын HPAIR Asia 2019 халықаралық жастар конференциясы өтеді.
-
Қостанайда ұрланған көліктерді іздеуге көмектесетін 30-ға жуық бейнебақылау орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыздан бастап облыс аумағында көлік ағынын бақылайтын және жылдамдық режимін бұзған транспортты тіркейтін 9 «Автоураган» бейнебақылау кешені пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Ертіс» футболшыларын балағаттаған павлодарлық айыппұл төлейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Матч кезінде «Ертіс» футбол командасының ойыншыларына тіл тигізген Павлодар тұрғыны 8 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Bnews.kz.
-
청와대 Чхонвадэ – Корея президентінің резиденциясы Көк үйден репортаж
Оңтүстік Корея, Сеул, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда Ақорда, Вашингтонда Ақ үй, Мәскеуде Кремль, ал Корея Республикасының қазіргі президенті отыратын жұмыс орны – Көк үй. Әр елдің басшысы мәртебелі меймандарды қабылдайтын мемлекеттік маңызы бар ғимарат. Осыған орай пресс-тур барысында Оңтүстік Кореяның 12 президенті резиденциясының сырын ашу үшін музейіне арнайы бардық.
-
Қарағанды облысының әкімі тұрғындарға алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі аймақ тұрғындарына «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясына қатысқандары үшін алғысын білдірді, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.
-
Алматы ТЖД сел қаупінің не себепті туындағанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖД-ның хабарлауынша, оқиға орнында жағдай бірқалыпты.
-
Алматы облысында 10 гектар аумақтағы шөп жанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 10 гектар аумақтағы шөп жанып кетті. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмыс істеуде, деп хабарлады Хабар 24.
-
Павлодар облысында 1-сыныптар үшін қосымша 100-ден астам сынып ашылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектеп алаңдары шағын орталықтарды жабу есебінен босатылады және қосымша сыныптар ашу әрбір мектептің білім беру жағдайын ескере отырып жүргізіледі.
-
Қарбыздың пайдасы мен зияны
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық үшін ерте піскен қарбыз емес, дұрыс жуылмаған қарбыз әлдеқайда қауіпті, деп жазды Украинаның денсаулық сақтау министрі Ульяна Супрун Facebook-тегі парақшасында, деп хабарлады korrespondent.net.
-
Эстониядағы әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақстандық екі балуан жүлделі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамыз күні Таллинде (Эстония) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды.
-
Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Наурызбай ауданындағы Қарғалы бөгеті жарылып, Наурызбай ауданының кейбір жерін сел шайды.
-
Шығысқазақстандық дәрігерлер жамбас сүйегі сынығын бекітудің жаңа әдісін меңгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығысқазақстандық хирургтер мен ортопед мамандар жамбас сүйегі сынығын бекітудің жаңашыл әдістерін меңгерді, деп хабарлады 24.kz.
-
Австралияда белгісіз ер адам көшедегі адамдарға пышақпен шабуылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның Сидней қаласында пышақ ұстаған ер азамат көшеде жол-жөнекей өткен адамдарға ұмтылып, шабуыл жасаған, деп хабарлады 24.kz.
-
14 тамызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбіде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.
-
Қызылордада кәсіби медиация негіздерінен оқыту курсы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Қарағанды облысында экономикалық өсім байқалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында негізгі экономикалық көрсеткіштер өсті. Бұл туралы әкімдіктегі аппараттық жиналыс барысында Экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Әбішева мәлім етті.
-
"Qyzmet cup": мемлекеттік қызметкерлер арасындағы аяқдоп чемпионаты аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы мемлекеттiк қызметкерлер арасында шағын футболдан өткен "Qyzmet cup" чемпионаты ɵз мəресiне жеттi, деп хабарлады Елорда Инфо.
-
Египетте Суэц каналынан түскен табыс рекордтық көрсеткішке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырдағы Суэц каналының жылдық табысы 5 млрд 900 млн долларды құрап, рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлады 24.kz.
-
Ақтөбе облысында 265 мұғалім жетіспейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұғалімдердің көбі орыс тілінде білім беретін мектептерге қажет, деп хабарлады Aktobenews.kz.
-
Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талғардағы АИБА бокс академиясында еркін күрес шеберлері 65, 86, 92, 125 келіде қорытынды белдесулерін өткізіп, құрама тізімін анықтады, деп жазады Prosports.kz.
-
Бас әскери прокурор азаматтарды қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Бас әскери прокуратураның ресми сайтында хабарланды.
-
Балаларын алты жасында мектепке бермеген ата-аналарға айыппұл салына ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балаларын алты жастан кейін мектепке берген ата-аналарға айыппұл салынбайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлады altaynews.kz.
-
Қызылордалық зілтеміршілер Қазақстан спартакиадасының жүлдесін жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүбірлі бəсекеде қызылордалық зілтеміршілер табысты өнер көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленді. Бұл туралы Қызылода қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Ақмола облысында патрульдік полиция қызметкерлері ЖКО-дан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетпек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Полиция департаментінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша семинар өтті.
-
Челябинскіде Абай шығармасын оқу эстафетасына арнайы орын жасақталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың өлеңдерін оқу эстафетасына өзге елдердің белгілі тұлғаларымен қатар қарапайым тұрғындары да қосылып жатыр, деп хабарлады 24.kz.
Наверх