Шымкенттік жасөспірім емшінің емінен кейін көз жұмды

14 Тамыз 2019, 16:19
2121
Бөлісу:
Шымкенттік жасөспірім емшінің емінен кейін көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасөспірім емші жасаған «емнің» кесірінен қаза болуы мүмкін. Себебі, ол баланың сынған қолын емдеп келген, деп хабарлады Otyrar.kz.

"12 тамызда 22.00 шамасында 18 шағын ауданда орналасқан №13 үйге жедел жәрдем каретасы келді. 2006 жылы туған ұл балаға дәрігердің көмегі қажет болды. Алайда, дәрігерлер келгенше, 13 жасар бала көз жұмды", - делінген хабарламада.

Баланың қаза болуына халық емшісінің баланың сынған қолына жасаған емі себеп болуы мүмкін. Дәстүрлі емес медицина 13 жасар шымкенттікті емдеп қана қоймай, қайтыс болуына түрткі болды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнына Еңбекші ауданының тергеу тобы барды.

Журналистер Шымкент қаласы полиция департаментіне болған оқиғаға түсініктеме беруді сұрады.

Қаза болған баланың ата-анасы полицияға арыз жазғаны туралы ақпарат әлі белгісіз.

Соңғы деректерге сүйенсек, ата-анасы баланы емшіге өздері апарған.

 

Өзгелердің жаңалығы