Риддерде жоғалып кеткен балалар орманның ішінен табылды

14 Тамыз 2019, 13:44
1840
Бөлісу:
Риддерде жоғалып кеткен балалар орманның ішінен табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Риддер қаласындағы ну орманға жидек теруге шығып, адасып кеткен екі бала табылды, деп хабарлады Алтайньюс.

"Азаматтық қорғау қызметкерлері екі баланың жоғалғаны туралы қоңырау түсе сала орманды сүзіп шығады. Жасөспірімдерді омартаға жақын маңдағы бір бұлақтың маңынан табады. Олар қараңғы түсе бастағандықтан бағыттарынан жаңылған екен", - делінген хабарламада.

Құтқарушылардың айтуынша, адасқандардың екеуі де ешқандай жарақат алмаған. Дәрігердің көмегіне жүгінуді қажет етпеген.

Азаматтық қорғау қызметкерлері орман ішінде кешкілік уақытта жүруге болмайтынын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы