Все новости за 31 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Мәдениет үйіне күйші Нариман Үлкенбаевтың аты берілді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысына қарасты Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы мәдениет үйіне Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері Нариман Үлкенбаевтың аты берілді.
-
Анкарада Қазақстанның болашағы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анкарада Қазақстан Республикасының Елшілігі, Қазақстан-Түркия достық қауымдастығы және Ахмет Ясауи қорының ұйымдастыруымен «Н. Назарбаевтың тарихи шешімі және Қазақстанның болашағы» тақырыбында жиын өтті.
-
Атырауда репрессия құрбандарын еске алды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Атырауда Жеңіс саябағында репрессияға ұшырағандарға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
-
Маңғыстауда сайлаудың әділ өтуін 223 тәуелсіз байқаушы бақылайды
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі жиынында сайлау уақытында қоғамдық бақылау жүргізетін «Аманат» азаматтық платформасының өңірлік штаб мүшелері айтты.
-
Жастарды отансүйгіштікке баулитын байқаудың қорытындысы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде «Атаулар сыр шертеді» жоба-байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі.
-
Табиғи өртті сөндіру бойынша трансшекаралық оқу-жаттығулар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының Алтай өлкесі шекарасының маңындағы аумақта табиғи өрттерді сөндіру кезінде бірлескен іс-әрекеттерді пысықтау бойынша өрт-тактикалық оқу жаттығулары өткізілді.
-
Атыраулықтар жалғыз басты анаға үй салып берді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраулықтар жомарт жандар жалғыз басты анаға үй салып берді.
-
Алматыда онкологиялық және гематологиялық көмекті жетілдіру бойынша кеңес өтті
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Педиатрия орталығында «ҚР 2019-2021 жылдарға арналған балаларға онкологиялық және гематологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасын» іске асыру аясында өңірлік балалар онкологтар және гематолог мамандардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
-
Ұлыбритания 5G желісін іске қосты
Алматы, BAQ.KZ. Британдық ЕЕ мобильді операторы бейсенбі күні алғашқы коммерциялық 5G желісін іске қосты, деп жазды Коммерсанть басылымы.
-
Жыл сайын әлемде 7 млн адам темекі салдарынан көз жұмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 мамыр – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні. Шылымқорлық – әлемдегі ең үлкен зиянды әдеттердің бірі.
-
Тәуелсіздік алған жылдары 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Деректерге сүйенсек, 1932-33 жылдары 2 млн қазақ аштықтан ажал құшты. Репрессия жылдары 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді.
-
7-20-25. Биыл Шымкентте 26 тұрғын үй беріледі
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 26 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл үйлерді «7-20-25» бағдарламасы арқылы алуға болады. Жыл соңында лентасы қиылатын 26 тұрғын үйде барлығы 1164 пәтер болады.
-
Балалар туристік пойызы жаңа саяхатқа аттанады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусым Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Туған Елге Саяхат» балалар туристік пойызының алғашқы сапары басталады.
-
Түркістанда «Мерейлі отбасы – 2019» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында «Мерейлі отбасы – 2019» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
-
Көлік полицейлері Ресейлік әріптестерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті басшылығының және Ресей ІІМ Көліктегі Бас басқармасы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті, деп мәлімдейді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
9 маусым күні сайлау учаскелерінде мобильді ХҚО-лар ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.9 маусым күні сайлау учаскелерінде мобильді ХҚО-лар ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы елордалық сайлау комиссиясының өкілдері үшін өткен семинарда қала әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
-
Түнде Алматының екі көшесі жабылады
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін түнде Алматы қаласындағы екі көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады. Бұл туралы «Алматы Жолдары» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жастар жылы. Шымкентте үздік пікірсайысшылар марапатталды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте жастар арасындағы үздік пікірсайыншыларды анықтайтын «SHIPA AWARDS-2019» сайысының жылдық қорытындысы өтті.
-
Өскеменде «Қауіпсіз мектеп, қауіпсіз ЖОО» жобасы таныстырылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Жастар жылы» аясында тұрғындардың алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіруге бағытталған «Қауіпсіз мектеп, қауіпсіз ЖОО» жобасы таныстырылымында өңірдегі барлық білім ордаларының басшылары мен медбикелері басқосты.
-
Депутаттар «АЛЖИР» мұражайына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Парламент депутаттары саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды
-
Жастар жылы. Шымкентте «Жастар мәслихаты» құрылады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болған Шымкент қаласында «Жастар мәслихаты» құрылады. 2019 жыл – Жастар жылында құрылғалы отырған Жастар мәслихатына Шымкент қаласында тұратын 14-28 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мүше болады.
-
Сайлауға келген халықаралық байқаушылардың біреуі аккредитациясынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің байқаушысы алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына бақылау жасау құқығынан айырылды. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы нақты себебін айтпады.
-
Асқар Мамин Ашхабадта Түрікменстан Республикасының президентімен кездесу өткізді.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ашхабадта Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті және ТМД ҮБК отырысына қатысты, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
-
120 мыңға жуық сайлау комиссиясының мүшесі оқудан өтті – ОСК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауының дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушылары оқудан өтті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина айтты.
-
Мұрат Жұрынов: «Тамыр» – жастарға үлгі болар өнегелі кітап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәрім Мәсімовтың әкесі Қажымқан Мәсімұлы жайлы жазған "Тамыр" кітабының жарық көргеніне көп бола қоймаса да, оқырмандар тарапынан жақсы пікірлер айтылуда. Бұл кітапта автор өз әулетінің тамырын, өмірін баяндайды.
-
Қазақстаннан ешқайда кеткім келмейді – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Назарбаев университетінің түлектерін салтанатты түрде шығарып салу рәсіміне қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев демалысын қайда өткізгісі келетінін айтты.
-
31 мамыр. Сайлау барысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 31 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.
-
Шымкентте 7 нысан республикалық маңызы бар киелі орындар тізіміне енді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласында 7 нысан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді. Тағы 8 нысан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылды.
-
Елордада қылмыстық топ банкоматты тонамақ болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тергеу барысында қылмыскерлердің бұған дейін де дүкендердің бірінен төлем жасайтын терминалды ұрлағандары белгілі болды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қызылордада көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласында тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға арналған 100 баспана пайдалануға берілді.
-
Кабулда жарылыс болып, 4 адам қаза тапты
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулда болған жарылыстан төрт бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы үшеуі жараланған. Бұл туралы Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Насратулла Рахими мәлімдеді, деп жазды синьхуа агенттігі.
-
Түйетөбедегі қаралы жиын
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде 2 мыңға жуық адам саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Бүгін ақтөбеліктер әруақтарға құран бағыштап, тағзым етті. Түйетөбе ескерткішіне жиналғандар қатарында тотаритарлық жүйеден жапа шеккен жандардың ұрпақтары да бар.
-
Шекарашы суға батып бара жатқан әйел мен баланы құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавловск шекара отрядына қарасты «Бидайық» өткізу бөлімшесінің әскери қызметшісі Гайдай Сергей Николаевич ауыл маңындағы көлге батып кеткен 5 жасар бала мен оның анасын құтқарып қалды.
-
Еліміздің жеңіл атлеттері халықаралық жарыста топ жарды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жеңіл атлетикадан Eurasian Athletics Meeting U-20 халықаралық турнирі аяқталды
-
1 маусымда шымкенттік балалар кәсіпкерге айналады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне балалар бизнес-жәрмеңкесі және жас музыканттар шеруі өтеді. Балалар жәрмеңкесі де, балалар шеруі де қаланың орталығындағы Әл-Фараби алаңында және Арбатта болады.
-
Жастар жылы. Қарағандыда Belsendi Azamat жобасы жүзеге асырылуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда Belsendi Azamat бірегей жобасы жұмыс істеп тұр. Айрықша жоба Қарағанды тұрғындарының мемлекеттік органдармен және коммуналдық кәсіпорындармен тікелей байланыс орнату құралына айналмақ.
-
«АЛЖИР» мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жыл сайынғы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» форумына қатысушылар Ақмола облысының, Ақмол ауылындағы «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барды.
-
Түркі елдерінде саяси қуғын-сүргіннен 170 млн адамның өмірі қиылған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі күн Елбасының Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген.
-
Өскемендегі электрондық билет жүйесі алдымен трамвайларға орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Электрондық билеттендіру жүйесі алдымен Өскемендегі 28 трамвайда, сосын 558 қоғамдық автобуста пайда болады. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.
-
Жамбыл облыстық сотында "Адалдық дүкені" ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыстық соты ғимаратында сатушысы жоқ дүкен ашылды. Дүкеннен зат алғысы келгендер ашық кассаға ақшасын қалдырып, өзіне қажеттісін алады, қайтарым ақшаны да өздері санап алады.
-
Еуропалық кеңес президенті мен Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңес президенті Дональд Туск келіссөз өткізді.
-
Дәрігерлер «SOS Балалар ауылының» бүлдіршіндерін құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Республикалық диагностикалық орталығының қызметкерлері Нұр-Сұлтандағы «SOS Балалар ауылына» барды.
-
Алматыда ашаршылық құрбандарын еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін алматылықтар Қарағайлы скверіне келіп, 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Назарбаев университетіне қарап бәрі бой түзейді – Елбасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осымен бесінші түлектерін шығарып салып отырған Назарбаев университетінің түлектерін құттықтады.
-
Елордада қыздарға қатысы жоқ акция басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық ауруханалар мен емханаларда балаларды ақысыз түрде сүндеттеу бойынша «Сүндет-2019» қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Жансақтау бөлімінде 377 күн жатқан сәби санавиациямен елордаға жеткізілді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ақсу қаласының кішкентай тұрғыны жекеменшік мануальді терапевттің қабылдауынан кейін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Бүгін сәбидің өлім мен өмірдің ортасында жүргеніне 377 күн болды. Жас ата-ана көмек сұрап, жанайқайларын білдірген соң бала Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық нейрохирургия орталығына санавациямен жеткізілді.
-
Жаздың алғашқы күндері еліміздің көптеген облысында өткінші жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
-
Голливудтың танымал продюсері Головкин туралы деректі фильм түсірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Голливудтың танымал әртісі, әрі продюсері Марк Уолберг Головкин туралы түсіріліп жатқан фильмнің продюсері болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
-
Италияда ауыр жарақат алған Қазақстанның екі азаматы елге жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы 30 мамырда Италиядағы жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған Қазақстанның екі азаматы Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасына ҚР санитарлық авиациясының күшімен сәтті жеткізілді.
-
Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді. Бұл туралы бүгін салтанатты кеште университет президенті Шигео Катсу айтты.
-
Солтүстік Кореяда дипломаттарға өлім жазасы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ханойдағы саммит сәтсіз өткеннен кейін Солтүстік Корея басшысының бұйрығымен 5 жоғары лауазымды шенеунік өлтірілді.
-
Елордада сандық сауаттылықты арттыру курстары өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 маусым мен 31 шілде аралығында елорданың 20 оқу базасында "Сандық сауаттылық" курстары өтеді деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Нұр-Сұлтанда "Жизель" балеті қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балетте қиял-ғажайып әлем шынайы өмірмен ұштасады. Бұл туралы "Астана Операның" баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қадір түні Алматыда 2500 адамға ауызашар беріледі
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қалалық Орталық мешітінде 2500 адамға ауызашар дастарханы жайылып, Қадір түнін мешітте күтушілер үшін 1500 адамға лайықталған сәресі беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада алимент қарызы бар азаматтар үшін жұмыс жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс таба алмағандықтан, алиментін төлеуге мүмкіндігі болмай жүрген борышкерлер үшін астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Елорда Инфо.
-
№152. Аса құпия. НКВД Арал аудандық бөлімі хабарлайды
Балықшы колхоздарға орналастырылған қалмақ-спецпереселенцтердің халі мүшкіл.
-
Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін мамыр айының 31-нен маусымның 1-не қараған түн - Қадір түні. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Қадір түнін Рамазан айының соңғы ондығындағы тақ түндерінен іздеңдер» деген.
-
ШҚО-да 16 жыл іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да алыс жолдарға қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісіне шабуылдаған қылмыскерлердің бірі ұсталды. Полиция оны 16 жыл бойы іздеген, деп жазады Аltaynews.kz.
-
1 шілдеден бастап пойыз билеттері жаңа автоматтандырылған жүйе арқылы сатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық тасымалдаушы электрондық билет сатудың жетілдірілген жүйесін енгізеді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы.
-
Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға 20 мың теңгеден берілуде
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында бұл көмек үшін бюджеттен 36 млн теңге бөлінген. Мұндай біржолғы әлеуметтік көмек халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылуда.
-
Қарқаралыда Құнанбай мен Абайға ескерткіш қойылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Қарқаралы ауданында Құнанбай Өскенбайұлы мен Абай Құнанбайұлының құрметіне ескерткіш орнатылды. Таза мыстан жасалған мүсіннің биіктігі 4 метрден асады.
-
Қарағандыда 76 кәсіпкер жеңілдетілген несие алған
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақтағы шағын бизнесті дамытуға биыл бюджеттен 277 миллион теңге бөлінген. Бүгінде 76 кәсіпкер жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, шаруаларын дөңгелетіп отыр.
-
АИТВ инфекциясы «жасарып барады»
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында 300-ден астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Жұқпалы кесел жыл санап «жасарып барады». Олардың дені – 15-49 жас аралығындағы науқастар.
-
31 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр жауады.
Наверх